Астана көшелерінің біріне Қайым Мұхамедхановтың есімі берілді

Елордада абайтанушы, шәкәрімтану ғылымының негізін қалаушы Қайым Мұхамедхановтың құрметіне көше атауы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Егемен Қазақстан
12.01.2018 5215

Қазақтың қайсар ғалымының есімімен Астанадағы бір көшенің аталуына байланысты бүгін Қазақ технология және бизнес университетінде Астанада «Қайым Мұхамедханов - Абайдың інісі, Алаштың ірісі» атты семинар өтті. Семинарға ғалым Ғарифолла Есім, ақын Несіпбек Айтұлы, ғалымның ұрпақтарынан Дегдар Қайымұлы, Дина Қайымқызы мен Қарлығаш Қайымқызы қатысты.

«Табиғатынан таза, әуелгіден-ақ әділ, қайсар ғалым әрі ұстазымыз Қайым Мұхамедхановтың құрметіне берілген көшенің ашылу салтанатына жиналып  отырмыз. Өз өмірінде қуғын-сүргіннің сан азабын тартса да, ұстазы Әуезовті ұстап бермей, сатқындық жасамай, түрмеге түскен, нағыз  ғалымға тән қайсар мінез көрсеткен Қайым ағамызға қашан да құрмет көрсете білуіміз керек», - деді семинарда сөз сөйлеген ақын Несіпбек Айтұлы. Қайым Мұхамедхановқа берілген көше Елорданың Есіл ауданында орналасқан. Нақтырақ айтқанда, Қорғалжын тас жолымен қатарлас жатқан көше Ш. Айтматов көшесімен қиылысады.

«Қайым Мұхамедханов Абайдың мектебі болғанын дәлелдеген тұлға. Сонау Қарауылда отырып Абайдың балалары әлемдік мәселені көтереді. Пайғамбар жоқ, адамзат қайда адасып барады? Алдағы бағыты қандай, міне, осындай ойларды Абайдың айналасы айта білді. Бұл дегеніңіз таңғажайып дүние емес пе?» - дейді өз сөзінде Ғарифолла Есім.

Айта кетсек, Қайым Мұхамедханов 1916 жылы 5 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келген. Көп жыл бойы Абай мұражайының директоры қызметін атқарған, «Абайдың әдебиет мектебі» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғаған. Әдебиет зерттеуші ғалым ретінде Абай мұрасының текстологиялық зерттеулеріне мол үлес қосты. Абай төңірегіндегі атақты әншілер: Көкбай, Ақылбай, Мағауия туралы, өткен заманның кейбір мұралары жайында зерттеулер, көлемді мақалалар жазды. Ол - Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, Жазушылар одағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі. 2004 жылы дүние салған.    

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2018

Қазақстанның алты облысында жол жабылды

22.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

22.01.2018

Аур райына байланысты Қазақстанның оңтүстік облыстарында ескерту жарияланды

22.01.2018

Нью-Йоркте Қазақстан мен Тәжікстанның сыртқы істер министрлері кездесті

22.01.2018

Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді

22.01.2018

Шолақсор ауылында аяз 43  градусқа жеткен

22.01.2018

Астанада «Вокал сиқыры» атты концерт өтті

22.01.2018

Алматыдан Әл-Кувейтке дейін...

22.01.2018

Аяз ақырып тұр (фото)

22.01.2018

Дипломатиялық қарым-қатынастың жаңа белесі

22.01.2018

Ұлыбритания ветеринария колледжі: Киік неге қырылды?

22.01.2018

Астанада энергетикалық кешеннің алдағы қатты аязға дайындығы тексерілді

22.01.2018

Исекешев «Астана LRT» ЖШС-ның жаңа басшысын таныстырды

22.01.2018

Алматы облысы бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22.01.2018

ҚР СІМ Ауғанстандағы террорлық шабуылды айыптады

22.01.2018

«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

22.01.2018

 Қостанай облысында 88 жастағы қария аяздан аман құтқарылды

22.01.2018

Тірлігі тиянақты Түпқараған

22.01.2018

Атырау қаласы тұрғындары Қазақстан құрамасына қолдау білдірді

22.01.2018

«Елбасы қойған тапсырманы орындауға Батыс Қазақстан облысындағы компаниялардың мүмкіндігі жетеді»

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Бапкерлер легионы

Жыл сайын Қазақстан премьер-лига клубтарының қыруар қаржы жұмсап шетелдерден сатып алатын легионерлерін санамалап, олардың көрсеткен нәтижелерін саралап жүретін әдетім бар. Футбол деген үлкен сиқырға арбалып қалған кез келген адамға таныс құбылыс. Өткенде ғана маусым бойына 4 ойын өткізіп, 10 ай бойы жалақы алып келген сербиялық футболшы туралы жаздым. Біздің клубтардың бармақ басты, көз қысты әрекеттері мұнымен де шектелмесе керек. Командаларымыздың тағы бір әдеті – жыл сайын бапкер ауыстыру. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Ортақ тіл табысуға ұмтылыс бар

Бір халықты екіге жарып, ағайын­­ды бір-біріне қарсы қойған ғалам­дық саясат, екі түрлі саяси жүйе корей халқын әлі де бір-бірі­не жат қылып отыр. Жақындату тү­гі­лі кейде бір-біріне деген жаулық ни­­ет­терін де жариялап, бітіспейтін көз­­қараста екендіктерін білдіріп қоя­ды.  

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

АҚШ-та білім алып жүргенімізде екі апта бойы сөз бостандығы абсолют­тік болуы тиіс пе деген тақырыпты тал­қыладық. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ғажайып жаңалықтар

Заманауи экономиканың дамуы адамзатқа орасан зор жаңа мүмкіндіктер ұсынатындығын, соған сай экономиканың кейбір дәстүрлі салаларының түбегейлі өзгеріске түсетінін қазірдің өзінде байқауға болады. Тек бір ғана ауыл шаруашылығын алып қарайықшы.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қайдасың, менің ертегім?!

Алпысыншы жылдардың басында мектеп табалдырығын аттаған біздің толқынның бала қиялын баураған ғажап – қазақтың ертегілері мен батырлар жыры еді-ау. Сол кезде сол бір ғажайыптар әлемінен санамызға сің­ген сансыз суреттер бұл күнде сағындырып, сабырымызды сарқып ішкендей болады. Сондағы небір керемет сиқырларды көруге көңіл ынтығып, көкірек көзі құмартып, құштарлана ашылғандай күйге енеті­німіз бар.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу