Аймақтар • 24 Қаңтар, 2018

Жамбылдық кішкентай математик Ирандағы жа­рыс­қа қа­тысады

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының Шу ау­данындағы Жібек жолы ме­к­теп-лицейінің 3-сынып оқушысы Нұрмұхаммад Атым­тай – талабы таудай балдырғанның бірі. 

Жамбылдық кішкентай математик Ирандағы жа­рыс­қа қа­тысады

Сегіз жасар бал­а болашақта ғарышкер болып, аспан әлемін зерттеуді ар­ман­дай­ды. Талабымен тас жар­ған Нұрмұхаммад өткен жы­лы Ма­лайзия мемлекетінің астанасы Куала-Лумпур қала­сы­ның «Genting International Convention Centre» базасында «ЮСМАС» академиясының ұйым­­дастыруымен ментальды ариф­метика бағдарламасы бойын­ша өткен жарыстан жүл­демен орал­ған еді. Осымен 22-ші рет ұйым­дастырылып отыр­ған халық­ара­лық жарысқа әлем­нің 45 елінен 3000-нан аса оқу­шы­ қа­тысқан. Ал ізденімпаз Нұр­мұ­хаммад Атымтай осы сында екінші орын иеленді.

Халықаралық бәсекенің талабы бойынша әрбір қатысушы 8 минутта 200 есепті шығаруы керек екен. Нұрмұхаммадтың ойша есептеудегі шапшаңдығы әлемнің білімді балала­рының арасында қызығушылық туғызған. Енді Нұрмұхаммад жаратылыстану ғы­лым­дарын үйрену үшін математи­каны толық меңгеру жолында із­дену үстінде.

Ұлының талабын сезген әке­сі Батырхан Атымтайұлы «ЮС­МАС» халықаралық ментальды ариф­­метика академиясы жайлы те­ле­­дидардан естіген екен. Сөйтіп үш баласын да сол академияға оқу­ға берген. Араға жыл салып кенже ұлы Нұр­мұхаммад би­ік белесті ба­­ғын­дырып отыр. Ен­ді ол биыл Иран­ның Тарбидзе қа­ла­сында өте­тін ха­лықаралық жа­рыс­қа қа­ты­сатын болады.

Бүгінде әлемдік рекордтар кі­та­бына енген «ЮСМАС» ха­лық­­аралық академиясының орта­лық­тары еліміздің барлық өңірін­де жұмыс істейді. Ел ішін­дегі ерекше дарындардың білімін жетілдіріп, талабын асқақ­тататын академия бола­шақ­та да Нұрмұхаммад сияқ­ты кіш­кентай математиктерді тәрбиелей бермек.

Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы