Қысымет. Перуайым. Уа, дәриға...

Қазақ көрген қорлықты қазақтың әні де көрді, қазақтың тарихын, салт-санасын жұлым-жұлым еткен кеңестік идеология қазақ әндерімен қоса күйінің де жұлым-жұлымын шығарды. Қой бөтенси ме, қозыда бөлек иіс бар ма, Құдай білсін, қазақ сол адасып тапқан егіз қозы – ән мен күйіне әлі де мекірене мейірі төгіліп, тұла бойы тұлыптай кеңіп, қорғасындай балқып иій алмай келеді. Кейде тіпті, әннің ішіндегі мәтінді қойып атының өзі не деп тұрғанын түсіне алмай жататын жағдайға түстік. Оның бір себебі тақырыпта аталған үш сөзге байланысты сөзімізді аяқтағанда өзінен өзі түсінікті болатын шығар дейміз. 

Егемен Қазақстан
25.01.2018 3644
2

Қысымет. Әйгілі Әсеттің атақты «Қысыметі» ғой бұл. «Арғынмын атым Әсет арындаған» деп өзінің тегінен бастап, әрі қарай өзгеден бөлек әнінің табиғатына тоқталып және сол әнді өзі қалай салатынын дауылды жаңбырдай сіркіретіп айтып өте шығатын осы әніне неге «Қысымет» деп ат қойды екен?

Кездескен сөздіктерден іздес­тіріп, сөз ұстағандардан сұрастырып мар­дымды жауап таба алмай жүр­генімізде Қытайда тұратын белгілі сөз зергері, қарымды қаламгер Се­рік Қауымбайдың сол елде шы­ғатын «Үйрену және ғылым» жур­налының 2014 жылғы бірнеше нөмір­лерінде жарияланған «Тіл та­залығы – рух тазалығы» деген сериялы мақаласының бірінде осы «Қы­сыметке» тоқталғанын оқып қал­дық. Онда қысыметтің көне тү­рік сөзі екендігі айтылыпты. «Ма­ғынасы: «тағдыр, жазмыш» дегенді білдіреді. Арғы тегі арабтың «қысы мат» тұлғасында келетін «пешенеге біткені, кешірме, бастан кешкені, бөлістенген нәрсе, Алланың жазғаны, тағдыр» деген мағыналар беретін сөз. Парсыдағы мағынасы: «тағдыр, бөліс, болым» болып, шағатайға көшкен тұста «бөліс, үлес» мағынасын алған. Мысалы: «Алланың бөлгені, Құдайдың бұйырғаны» деген оларда «қысымет Раззак» делінеді» дей келе, қалам ұстап жүрген кейбір әріптестерінің бұл сөзді «қысымшылық, қыспақ» деп түсіндіргеніне реніш білдіреді.

Шындығында осы мағына әннің табиғатын да онан сайын ашып тұрған секілді. Әсет десе алдымен еске түсетін, қазіргі тілмен айтқанда әншінің паспортына айналған «Қы­сымет» расымен Әсеттің өзіне ғана тән өрнекпен өшпестей болып ел жадында қала берді емес пе?! Таң­дайына қонған өнер – маңдайына жазыл­ған жазмыш... 

Перуайым. Біресе халықтікі делініп, бірде Әміре, Ақан серіге телініп, ақыры мол дәлел, дәйекпен авторы ретінде атақты Әсет, Әріп, Көкбайлармен тұрғылас әйгілі Уәйіс Шондыбайұлына тұрақтаған тағы бір ғажап ән – «Перуайым». Әннің аты да болған, («Үш дос« деп те аталған) ішкі мәтінде де кездесетін бұл сөздің мағынасы жайында да кезінде біраз ізденістер болған екен. «Жұлдыз» журналының 1987 жылы №7 санында жарияланған С.Жақыповтың «Уәйіс ақын» атты мақаласында: «Жан дүниесінің кәу­сарынан жаралып, жүрегінен жарып шыққан ең алғашқы адал махаббатқа арналған «Перуайым» әні ел арасына тез тарап кетеді. «Перуайым деп Уәйіс орыстың «первый» деген сөзіне балап жұмбақтағаны» деп жазылыпты. 

Ал бертінде белгілі әнші Еркін Шү­кімән бұл сөздің мағынасы туралы журналист Жұлдыз Әбділдаға берген сұхбатында басқаша байламға кел­генін айтқан болатын. Онда Н.Оңдасынов құрастырған «арабша-қазақ­ша сөздігінен» «перуайым» пар­сы сөзі екенін біліп, көңіліне түйіп жүрген әнші сол сөздің ауызекі айтылғанын естігенін баяндайды. «Бір күні тойға бардым. Қытайдан келген қазақтар екен. Тойда бір кісі сөйлей келіп: «Айналайын аға­йын, перуайым пейілдеріңе рахмет», деді. Мына сөзді естігеннен кейін ел тарқағанша кете алмай, той соңында ақсақалды әңгімеге тартып, әлгі сөздің мағынасын сұрадым. «Тілекші, қамқор пейіл деген мағына ғой» деді. Расында да, сөздікте парсы тілінен аударғанда «қамқор» деген мағынаны білдіреді. Қытайға барғанымда сол «перуайым» алдымнан тағы да шықты. Онда да сол тілекші, қамқор деген мағынада. Ал енді әннің сөзіне қарасақ:

Дегенге перуайым, перуайым,
Түседі сізді ойласам сар уайым.
Өзіңмен қосыла алмай 
армандамын,
Аман бол, қайда жүрсең, қалқа­тайым, – дейді. Тілекші болып тұр ғой? Бұл біз жақта ұмытылған сөз сияқ­ты. Біз, осындай нәрселерді орнына қоюымыз керек» депті. Міне, бұл сөз біздің санамызды өз мағынасын енді тапқан сияқты.

Дәриға. Бір естігенде өтпелі дү­ние­нің өкініші мен қоса жан сусатар самалын да еске салып өтетін осынау бір ғажайып сөздің төркіні жайлы әртүрлі айтылым бар. «Дәриға – парсы тілінен енген «шіркін-ай, ойпыр-ай» дегендей көңіл күйді білдіретін сөз» дейді бір нұсқа. Ал зерттеуші С.Қауымбайұлы бұл сөзге де тоқталып, «бұл парсының «әт­тең, қап» деген мағынадағы сөзі. Түркі тілдері қойынына кір­ген­де осы мағыналарына қоса «қай­ран, шіркін» деген мағыналарды үсте­ген. Дегенмен, бұл сөз, «қайран» мағы­насында келгенде қынжылу, назалану сынды психикалық күйді өзіне сіңіре «ардақтым, сүйіктім, қымбаттым» деген мазмұнды біл­діреді. Ал «Дәриға – қайран» болып қосарлана келгенде өткенге өкініш, аяныш ретінде істейді» деп сөздің санамызда қалай қабылдау жайын да қамти кетеді. «Дәриға» сөзін біздің де қабылдауымыз осы төңіректе екені анық, дегенмен дәл мағынасы және төркіні туралы ойымызды ортаға сала кеткенді артық көрмедік. Арысын айтпағанда «Дәриға-дәурен» деп Рамазан салатын Тұрсынжан Шапайдың сол бір әнінің сазының да, сөзінің де тамыры сонау тау түбінен солқылдап сезілетіні де тегін емес-ау сірә!..

Қазақтың классикалық әндерінде бұл сипаттағы сөздер көптеп саналады. Біразы жайында жазылды да. Алайда Кеңес өкіметі кезінде қаншама ән мәтіндеріндегі осындай сөздер дінге байланысты деп өзгертілгені де көпке аян. Олардың мағынасын және әндегі атқарып тұрған қызметін жеке-жеке тамсана талдауға жағдайдың жар бермеуі де түсінікті жайт болса керек. Алайда әртүрлі түсіндірме сөздіктерде мұн­дай сөздердің мағыналары һәм төркіндері жайлы айтылғанына да шүкір!

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Қ.Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

17.02.2019

Дәрігерлер балаларды көңілді бимен оятты

17.02.2019

Алакөл ауданында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

17.02.2019

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

17.02.2019

Жансель Дениз Turkish Open турнирінде жеңімпаз атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу