Аймақтар • 26 Қаңтар, 2018

Павлодарда диагностикалық орталық ашылады

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық әкімдікте Оңтүстік Кореядан келген мамандармен өткен кездесуде айтылды. 

Павлодарда диагностикалық орталық ашылады

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Пусанда орналасқан Донг-А университетінің жанындағы аурухана директоры Хо Дже Так облыс әкімі Болат Бақауовпен облыс орталығынан диагностикалық орталық ашу жөніндегі жоспарларымен бөлісті.

Диагностикалық  орталыққа облыс орталығындағы замануи үлгіде салынған емхана ғимараты таңдалды. Қазір тараптар орталыққа қажетті жайларды сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру шарттарын қарастыруда.

Әкімдіктің мәліметінше,орталықта орналасуы тиіс құрал-жабдықтың жалпы құны 90 миллион теңге шамасында.  Біздің өңірдің міндеті- медициналық техниканы жеткізіп, жеңілдікпен кедендік шығындарын төлеуі қажет.

Дәрігер Хо Дже Тактың айтуынша, техниканың бәрі қапталып, дайын тұр. Орталықта қызмет ететеін дәрігерлердің  біліктілігін арттыру  үшін павлодарлық мамандар Оңтүстік Кореяға бармақшы. 

- Мемлекет басшысы өңірлерге барлық сала бойынша, медицина да бар, инвестиция тарту міндетін қойды, - деді облыс әкімі. – Оңтүстік Кореядағы медцина сандық жүйге көшірілгені белгілі. Тұрғындар денсаулығы жайлы мәліметтерді планшет арқылы біледі. Енді біздің өңірге  де медицина саласында сандық жүйені енгізу бойынша да жаңалық енгізе аласыздар деп ойлаймын,-деді Болат Бақауов.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар