Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

Қазақстан сақтандыру нарығының серпінді өсуіне қарамастан, оның Қазақстан экономикасындағы маңызы айтарлықтай жоғары емес. Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Жанат ҚҰРМАНОВ «Егемен Қазақстанға» берген сұхбатында сақтандыруды халық пен бизнестің мүддесін қорғайтын, нақты жұмыс істейтін тетікке айналдыру үшін қандай шаралар қабылдау жоспарланып отырғаны туралы айтып береді.  

 
Егемен Қазақстан
30.01.2018 12101
2

 – Жанат Бостанұлы Қазақстанның бүгінгі сақтандыру нарығын цифрмен қалай сипаттайсыз?

– Сақтандыру нарығында 32 сақтан­дыру ұйымы жұмыс істейді, оның 7-нің «өмірді сақтандыру» саласы бойынша және 25-нің «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар.

Сақтандыру компанияларының жи­ын­­тық активтері соңғы 5 жыл ішінде 2 есе өсіп, 2018 жылғы 1 қаңтарда 927 млрд тең­­гені құрады. Жиналған сақтандыру сый­лықақыларының көлемі 2017 жылы 370 млрд теңге болды. Оның шамамен жар­­тысын мүлікті ерікті сақтандыру жә­не ерікті жеке сақтандыру мен міндетті сақ­­тандырудың әрқайсысы төрттен бірін құ­райды.

Ерікті сақтандыру түрлері, оның ішінде азаматтық-құқықтық жауап­кер­шілікті (АҚЖ), автокөлікті сақтандыру және өмірді сақтандыру айтар­лықтай белсенді дамуда. Сақтан­дырудың осы түр­лері бойынша сақтандыру сыйлық­ақы­лары 2 еседен аса ұлғайды.

Халық арасында сақтандыру қыз­мет­теріне деген сұраныстың өсуі бай­қалады. Жеке тұлғалармен жасал­ған шарттар бойынша сақтандыру сыйлық­ақы­ларының көлемі соңғы 5 жылда 2,2 есе ұлғайды. Жеке тұлғалармен жасалған 5 млн-нан аса шарт бар, оның 2,9 млн-ы көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру жөніндегі және шамамен 1 млн-ы өмірді ерікті сақтандыру жөніндегі 404 мыңы жазатайым жағдайлардан сақтандыру жөнін­дегі және 183 мыңы ауырған жағдайдан сақ­тандыру жөніндегі шарттарды құрайды.

– Сақтандыру сыйлықақылары кө­лемінің республика эко­номи­ка­сының мөлшеріне ара­қатынасы айтарлықтай төмен. Бұл сақтандыру нарығын әлі де дамыту қажет дегенді білдіре ме?

– Көрсеткіштердің қарқынды өсуіне қарамастан, сақтандыру нарығының Қазақстан экономикасының дамуындағы маңызы әлі де төмен күйде қалуда.

Сақтандыру сыйлықақыларының елдің ішкі жалпы өніміндегі (ІЖӨ) үлесі мен сақтандыру сыйлықақыларының жан ба­сына шаққандағы көлемі нарық дамуы­ның жалпыға танымал индикаторлары болып табылатыны белгілі. Қазақстанда бұл көрсеткіштер 2016 жылы 0,80% және 20 104 теңге болды, ал бұл әлем бойынша тиісінше 84 және 73-орын.

Салыстыру үшін: сақтандыру сый­лық­ақыларының ІЖӨ-дегі үлесінің көрсеткіші Ресей Федерациясында – 1,36%, Украинада – 1,41%, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде – 1,92%, дамушы елдерде (Қытайды қоспағанда) – 2,53%, ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде 7,60% болды.

Осы көрсеткіштерді ескере отырып сақтандыру нарығының әзірге экономика қажеттілігіне сәйкес келмейтіндігі, ха­лық пен бизнестің мүдделерін қор­ғау­дың тиімді құралы болмағаны, деген­мен айтарлықтай іске асырылмаған даму әлеу­етінің бар екендігі туралы қоры­тын­ды жасауға болады.

Серпінді өсуді тежейтін себептер:

1) азаматтардың өмірі мен ден­сау­лығын ерікті сақтандыру, халық­тың мүлкін және кәсіпкерлікті түрлі тәу­е­кел­дер­ден сақтандыру тәсілдері жет­кі­лікті түр­де дамымаған;

2) міндетті сақтандыру түрлері бойын­ша талаптар стандартталмаған, кли­ент­тің сақтандыра отырып қорғауға де­ген қажеттілігін толық қамтымайды, кли­енттің нақты неден қорғалғанын дәлме-дәл түсінуі үшін өтелетін тәуекелдерге қатысты ол толық хабардар емес;

3) ақпараттың жеткіліксіздігі мен көр­сетілетін сақтандыру қызметтері сапа­сының төмендігінен, сақтандыру өте­­мақысын алу проблемасына байланыс­ты бұған дейін қалыптасқан жағымсыз тә­жі­рибеден халықтың және бизнестің сақ­тандыруға деген сенімсіздігі сақталып отыр;

4) сақтандыру қызметтерінің респуб­ликаның барлық өңірлерінде қолжетімді болмауы;

5) сақтандыру компанияла­рын капиталдандыру көлемінің жет­кілі­к­сіз­дігі, бұл олардың сақтандыру тәу­е­кел­­дерін қабылдаудағы, қызметін ав­то­­­маттандырудағы, өнімдер мен көр­­се­­тілетін қызметтерді сан және сапа­сы жа­ғынан дамытудағы қаржылық мүм­кін­­діктерін шектейді;

6) бизнестің, оның ішінде тиімсіз қайта сақтандырумен және делдалдарға айтарлықтай комиссиялық сыйақылар төлеумен байланысты шығасылары деңгейінің жоғары болуы;

7) сақтандырушылардың заманауи инновациялар мен цифрлы технологияларды өздерінің бизнес-процестеріне енгізу деңгейінің төмендігі.

Ықпалдастыру процестерін ЕАЭО шеңберінде жаһандану жағдайында қар­жылық тұрғыда орнықты және бә­секеге қабілетті, экономиканың, халық­тың және бизнестің мүддесіне жауап беретін ұлттық сақ­тандыру индустриясын қалыптастыру өте маңызды. Республиканың ДСҰ-ға қосылуы бізге шетелдік нарықтарға, ал ірі шетелдік компанияларға ұлттық на­­рық­қа шығуға жол ашып отыр. 2020 жы­лы сақтандыру секторы шетелдік ком­пания­лар филиалдарының нарыққа шығуы үшін ашық болады.

– Қазіргі уақытта Парламент Мәжі­лісінің қарауына «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнамалық акті­ле­ріне сақтандыру және сақтандыру қыз­­­меті мәселелері бойынша өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң жобасы ұсынылғаны бел­гілі. Бұл заң жобасын әзірлеу қан­дай қажет­тіліктен туындады және оның негізгі жаңалықтары қандай?

– Жалпы алғанда, заң жобасы төрт негізгі міндетті шешуге бағытталған, бұлар сақтандыру нарығының қаржылық ор­нықтылығын қамтамасыз ету, сақ­тандыру қызметтерінің өңірлерде қол­жетімділігін арттыру, сақтандыру тәсіл­дерінің сапасын арттыру және құнын төмендету, сондай-ақ сақтандыру қыз­мет­терін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту.

Сақтандыру полистерін электронды нысанда енгізу және сақтандыру компанияларының қызметтерін өздерінің интернет-ресурстары арқылы көрсету көзделген. Операциялық шығыстарды азай­ту, сақтандыру агенттерінің қыз­мет­терін алып тастау есебінен халық пен бизнес үшін сақтандыру өнімдерінің құны төмендейді. Сақтандыру компаниялары міндетті де, ерікті де сақтандыру түрлері бойынша электронды қызметтерді (полистерді сатудан бастап сақтандыру төлемдерін ұйымдастыруға дейінгі толық циклды көздей отырып) енгізе алады.

Туристік салада Қазақстан турис­терінің өмірі мен денсаулығын қорғау мүдде­сінде сақтандырудың пәрменділігі көте­ріледі. Заң жобасында туристік фир­малардың жауапкершілігін сақтан­ды­рудан Қазақстан турисін тікелей сақ­тан­­дыруға көшу көзделген. Бұл ретте ЭЫДҰ елдерінің сақтандырудың туризм саласындағы халықаралық практикасы ескерілді.

Сондай-ақ халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, қолданыстағы заңнама міндет­телген сақтандыру ұғымымен то­лық­тырылады. Міндеттелген сақтанд­ы­ру шеңберінде сақтандырудың міндетті түрлері бойынша бөлек заң қабылдау талап етілмейді. Сақтандырудың ең тө­менгі (үлгі) талаптары заңнамамен рег­ла­­менттелуі, ал клиенттің қызметі мен мүдде­сінің ерекшелігі ескеріле отырып, ол тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін.

Сақтандыру қызметтерін тұтыну­шы­лардың құқықтарын қорғауды күшей­ту үшін заң жобасында сақтандыру на­ры­ғының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар кешені көзделді. Сақ­тандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде азаматтарды сақтандырудың әлеуметтік маңызды топтары бойынша қорғау тетіктері қарастырылған. Дау­ларды сотқа дейін реттеу мақсатында сақ­тандыру омбудсменінің барлық мін­детті және ерікті сақтандыру тетіктері бой­ынша қызмет ауқымы кеңейтілді. Сақ­тандыру шарттарының эталонды базасы ретінде Сақтандыру бойынша бірыңғай статистикалық дерекқордың (СБСД) сақталуын және дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделді.

– Қаралып отырған заң жобасы сақ­тандыру саласындағы цифр­лан­ды­рудың төмен деңгейі проблемасын шеше ме? Қазақстандықтарға сақ­тандыру қызметтері онлайн режімде қа­шан қолжетімді болады?

– «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде экономикаға заманауи цифрлы технологияларды белсенді түрде енгізу көзделген. Ел­дің цифрлы дамуының басты фак­тор­ла­ры­ның бірі интернетке кең ауқымды қол­жетімділік болып табылады.

Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің деректері бойынша қазіргі кезде ел халқының төрттен үш бөлігі интернетті пайдаланушы болып табылады. Алайда дамыған елдерден айыр­ма­шылығы, бізде онлайн тауарлар мен қызметтерді сатып алуда интернетті пайдаланушылардың саны 10%-ға да жетпейді.

Қазақстанның электронды коммерция нарығы өсуі бойынша ауқымды әлеуетінің бар екені айқын, ол әзірше елдегі бөлшек сауданың жалпы көлемінің 1%-ына ғана жуық. Бұл ретте соңғы жылдары жеке тұлғалардың мобильдік байланыс пен интернет-банкингті пайдалана отырып жүргізген төлемдер нарығының айтарлықтай өскені байқалып отыр (көлемі 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 2,3 есе ұлғайды).

Онлайн-сақтандырудың дамуы сақтандыру компанияларының барлық бизнес-процестеріне IT-технологияларды енгізуге мүмкіндік береді: е-полис жасау, сақтандыру сыйлықақыларын төлем жүйелері арқылы төлеу, электронды ны­сандағы қолданыстағы шарттың болуын растау, клиентпен 24/7/365 ре­жі­мінде ке­рі байланыс, деректерге жедел қол­жетімділік және тәуекелдерді баға­лау.

Қызметтердің толық циклы шең­бе­рінде клиенттерге қашықтан «сату­дан кейінгі» қызмет көрсету көзделді: сақ­тандыру шартын қайта ресімдеу (бұзу), сақ­тандыру оқиғасы туралы хабарлама, келтірілген зиянның мөлшерін анықтау бойынша рәсімдерді ұйымдастыру, сақтандыру төлемін алу үшін өтініш пен құжаттарды жіберу, төлемдерді сақ­­тандырушының сайтындағы сақта­ну­­­шының «жеке кабинеті» арқылы ба­қы­лау.

Сақтандыру компанияларын автомат­тан­дыруға және олардың интернет-ресурстарына, дербес деректерді қорғауға және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге, процестің барлық қатысушылары арасында электронды ақпарат алмасу тәртібіне қойылатын талаптар көзделеді.

Онлайн-сақтандыру, сондай-ақ кли­ент­терді қашықтан сәйкестендіруді іс­ке асыруды болжайды. Бұл СБСД-ны мем­лекеттік ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен ықпалдастыруды талап етеді.

Заң қабылданғаннан кейін электронды сақтандырудың 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетіні жос­парланып отыр. Онлайн-сақтандыру сақтандыру саласын цифрландыру деңгейін, оның бәсекеге қабілеттілігін, халық­тың қаржылық қыз­мет­терге қа­шықтан қолжетімділігін артты­рады.

Операциялық шығыстар мен дел­дал­дық қызметтер үшін ақы төлеу шығыс­та­рын төмендету есебінен электронды полистердің құны төмендетіледі. Элек­тронды полисті сатып алу кезін­де сақ­тандыру компаниялары сақтану­шы­ла­рға заңда көзделген базалық тарифтің 10%-ына дейінгі мөлшерде жеңілдік көздей алады.

Жалпы алғанда, KPMG (The Pulse of Fintech: Q2 2017) ғаламдық есебіне сәйкес, цифрлы сақтандыру технологиялары мен қаржылық-техникалық экожүйелерді белсенді енгізу кезінде сақ­тандыру нарығының қаржылық қызмет­тердің басқа секторларынан артта қалуын жою үшін үлкен әлеует қамтылады.

– Сақтанушылардың интернет арқылы жіберілетін деректерін қорғау жүйесі қаншалықты сенімді болады?

– Ұлттық Банк сақтандыру компания­ларының сақтанушы мен сақтандырушы ар­асында ақпарат алмасуды, электронды сақтандыру шарттарын жасауды қам­тамасыз ететін бағдарламалық-техни­калық құралдарына және интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзір­лейді. Осы шаралар клиенттердің ақпа­раттық қауіпсіздігіне және дербес деректерін қорғауға бағытталған.

Онлайн-сақтандыруда СБСД-да сақ­та­нушы (сақтандырылушылар) туралы мә­ліметтерді қашықтан сенімді өңдеу, СБСД және мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлар арасында ақ­парат алмасу (олар ықпалдасқаннан кейін), сақтанушы төлеуге тиіс сақ­тан­дыру сыйлықақысын автоматты есеп­теу, СБСД-да сақтандыру шартын бірегей нө­мір бере отырып тіркеу жә­не сақ­та­нушыға электронды растама­ны сақ­тан­дыру полисінің бірегей нөмірін және өзге мәліметтерді көрсете отырып жіберу (мысалы, мобильдік телефонға және/немесе «жеке кабинетке») көзделеді.

– Ұсынылып отырған заң жобасы қазақстандық туристердің мүддесін қалай қорғайды және бұл туристік жолдамалардың құнына әсер ете ме?

– Қолданыстағы заңнама бойынша туроператорлар және турагенттер өздерінің туристер алдындағы жауапкершілігін сақтандырады. Егер туроператордың немесе турагенттің кінәсі бойынша турист зардап шеккен болса, онда сақтандыру компаниясы оған төлемді жүзеге асырады деп болжанады. Алайда бұл жүйе бірқатар себептерге байланысты туристі толық қорғамайды.

Мысалы, қазіргі кезде турист шетелде бола тұра сақтандыру оқиғасы басталған кезде қажетті қызметтерді ала алмайды. Ол сақтандыру өтемін қайтып оралғаннан кейін және соттың шешімі негізінде ғана ала алады, яғни іс жүзінде турист сапарда қорғалмайды.

Сақтандыру тәуекелдері заңнамада қатаң айқындалмаған, сол себепті туристерде шетелге шығар алдында сақ­тан­­дыра отырып қорғаудың қандай жағ­дай­­ларда қолданылатындығы туралы ақпарат жоқ. Сонымен қатар барлық зардап шеккен туристердің мүдделерін қорғау үшін сақтандыру өтемінің сомасы шектеулі болады. Туроператордың жауапкершілік лимиті 10 000 АЕК (24 млн теңге) құрайды, ал «Гүлнар Тур» ЖШС-нің банкрот болуы салдарынан турис­терге келтірілген зиянның сомасы 400 млн теңгеден астам болды.

Заң жобасы шетелге шығатын туристің мүдделерін міндетті сақтандыруға өтуді көздейді. Туроператор туристі туризм саласында міндетті сақтандыру бағдар­ла­маларының бірі бойынша белгілі бір елге және сапар күндерінің санына байланысты сақтандыратын болады. Туристі міндетті сақтандырудың ұсынылып отырған бағдарламалары халықаралық өнімдерге сәйкес келеді және жазатайым оқиға, шұғыл/жедел көмек, репат­ри­ация сияқты туристің өмірі мен денс­ау­лығына зиян келтіруге байланыс­ты базалық әлеуметтік тәуекелдерді қам­тиды. Қазақстандық турист міндетті сақ­тандыру шартында сақтандырылған тұл­ға дегенді білдіретіндігін атап өткен жөн.

Қазақстандық туроператорлардың қыз­меттерін сатып алушы бірде-бір турист сақтандырусыз қалмауға тиіс. Туристердің саны есебінен осы сақтан­ды­рудың құны қолжетімді болады (күні­не 1 АҚШ долларына жуық) және тур­пакеттің бөлігі болып табылады. Шет­елге шығу туризмі саласында барлық сақ­тандырудың құны барлық туроператорлар үшін бірдей емес. Ол туроператор шетелге жіберетін туристер санына, сапардың ұзақтығына, баратын елге және турист сапарда ұшырайтын нақты тәуекелдерге тікелей байланысты болады. Сақтандырушының сақтандыру бағдарламалары бойынша жауапкершілік лимиті әрбір турист бойынша 10 мың АҚШ долларынан 50 мың АҚШ долларына дейін. Бұл осы елдерге кіру кезінде сақтандыру құжаты қажет болатын елдердің талаптарына сәйкес келеді.

Қазақстандық турист сақтан­ды­ру­шының ассистанс-компания­сының тәу­лік бойы қолдауын қоса алғанда, шетелде сақтандыру оқиғасы басталған сәтте көмек ала алады. Сақтандыра отырып қор­ғау туристің шетелде болған бар­лық кезеңінде қолданылады. Бірінші сақ­­тандыру оқиғасының басталуы сақ­­тан­­дыру шарты қолданылуының тоқ­та­тылуын білдірмейді.

Турист өзінің қалауы бойынша қо­сым­ша қорғауды, мысалы, шетелге бар­май қалған, паспортты немесе жүк­ті жо­ғал­тқан жағдайда, сақтандыру өте­мінің барынша жоғары лимитін көз­дей алады. Бірақ бұл үшін шетелге шы­ға­тындар ерікті сақтандыру полисін дер­бес сатып алуы тиіс.

– Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінде қандай өзгерістер болмақ?

– Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі Қазақстанда 2003 жылдан бас­тап табысты жұмыс істейді. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жөніндегі жалғыз коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қордың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болды. Қазіргі уақытта 22 сақтан­ды­ру ұйымы – қордың қатысушылары мен акционерлері.

Сақтандырудың кепілдік берілген түрлеріне көлік құралдары иелерінің, тасымалдаушының жолаушылар алдын­дағы, туроператордың және турагент­тің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныптары жатады. Қолданыстағы жүйе әзірше сақ­тандырудың кепілдік берілген түрлерінің шектеулі тізбесін қамтиды. Кепілдік беру резервтері және қор акционерлерінің меншік қаражаты арасындағы, оның ішінде инвестициялық кірістерді есепке алу кезінде ара-жігін ажырату жоқ.

Халықаралық практиканы ескере отырып заң жобасы қордың жинақтаушы сақтандырудың әлеуметтік маңызды сыныптары бойынша, атап айтқанда, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша және қызметкерді жазатайым оқи­ғалардан міндетті сақтандыру бой­ын­ша аннуитет шарттары бойынша ке­пілдіктерін енгізуді көздейді. Қор сақ­тан­дыру компаниясы таратылған жағ­дай­да аннуитеттік төлемдердің үз­дік­сіз жүр­гізілуін қамтамасыз ететін болады.

Заң жобасында кепілдік беру жүйесіне қатысушы сақтандыру компанияларының жарналары есебінен қалыптастырылған активтерді және акционерлердің салымдары есебінен қалыптастырылған активтерді бөлек есепке алу көзделген. Осы және басқа шаралар кепілдік беру жүйесінің қаржылық орнықтылығын нығайтуға, сақтанушыларды қорғауға, сақтандыру компаниясын мәжбүрлеп тарату кезінде әлеуметтік шиеленісті азайтуға, жалпы алғанда, халықтың сақтандыру индустриясына деген сенімін арттыруға бағытталған.

– Ұлттық Банк Қазақстанда енгізуді ұсынып отырған «міндеттелген сақ­тандыру» дегеніміз нені білдіреді? Оның міндетті сақтандырудан өзгеше­лі­гі қандай?

– Заң жобасында халықаралық практиканы ескере отырып міндеттелген сақтандыру деп аталатын сақтандыруды енгізуді көздейтін міндетті сақтандыруды бұ­дан әрі дамыту көзделген. Көптеген дамыған елдердің тәжірибесі дәстүрлі міндетті сақтандырудан оның өзгертілген тү­ріне – міндеттелген сақтандыруға кө­шу үрдісін көрсетіп отыр. Мысалы, Фран­цияда міндетті сақтандырудың 120-дан астам түрі бар, оның ішінде тек төртеуі Сақт­андыру кодексі, яғни жеке заңна­малық акт деңгейінде реттеледі.

Міндеттелген сақтандыру кезінде сақтандыру шартының болуы туралы талап және оның маңызды талаптары, әдетте заңнамалық актімен бекітіледі. Сақтандырудың жан-жақты талаптары арнайы заңда емес, сақтандыру шар­тында немесе сақтандыру қағид­а­ларында айқындалады. Мысалы, егер адво­каттардың азаматтық-құқықтық жау­апкершілігін міндеттелген сақтан­ды­ру қағидаты бойынша міндетті сақ­тандыру енгізілетін болса, онда «Ад­вокаттық қызмет туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасының Заңында кем дегенде, адвокаттың сақтандыру шартын жасасуы туралы талап, сақтандыру оқиғалары және ең төменгі сақтандыру сомасы көзделуге тиіс. Басқа талаптар тараптардың келісімі бойынша айқындалады.

Міндеттелген сақтандыруды енгізу сақ­тандыру шартының тараптары­на клиенттердің мүддесіне жауап беретін, сақ­танушы қызметінің ерекшелігіне және тәуекелдеріне сәйкес келетін сақ­тан­д­ырудың икемді талаптарын көз­деуге мүмкіндік береді, бұл сақ­тан­дыру өнімдері сапасының және қол­жетімділігінің артуына әкеледі.

– Өмірді ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру өнімдерін сатып алуға халықты ынталандыру жөнінде жоспарлар бар ма?

– Халық үшін өз өмірін бір мезетте сақтандыра отырып, ұзақ мерзімді жинақ ақшаны қалыптастырудың қолайлы ре­жімін көздейтін салық нормала­ры жинақтап сақтандыру өнімдерін да­мы­тудың маңызды ынталандыру шара­ла­рының бірі болып табылады. Дамыған елдердің практикасы бұл бірінші кезекте салық салудан өмірді ұзақ мерзімді жинақтап сақтандырудың өнімдері үшін сақтандыру төлемдерін алып тастауды көздейтіндігін көрсетеді.

Бұл азаматтарды олардың ерікті сақ­тандыру құралдарын пайдалануы ар­қылы әлеуметтік қорғау бойын­ша ша­­ралар кешенін кеңейтуге, халық­тың жи­нақ ақшасының деңгейін артты­руға, экономиканы ұзақ мерзімді қар­жы­ландырудың қосымша көзін қалып­тас­тыруға мүмкіндік береді.

Ұзақ мерзімді жинақтап сақтандыруды ынталандыру бойынша тиісті нормалар Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде көзделген.

– Заң жобасы сақтандыру омбуд­с­менінің қызметіне қандай өзгерістер әкелмек?

– Сақтандыру омбудсмені институты 2008 жылы енгізілді және көлік құ­ралдары иелерінің азаматтық-құқық­тық жауапкершілігін міндетті сақ­тан­ды­ру шарттары бойынша сақтандыру на­рығының қатысушылары арасында дауларды сотқа дейін реттеуде өзі­нің тиімділігін көрсетті. Сақтандыру омбуд­сменінің сақтандырудың қалған түрлері (сыныптары) бойынша дауларды реттеуі әзірше тек тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылды.

Заң жобасында сақтандыру омбуд­сме­нінің міндетті және ерікті сақтан­ды­­рудың барлық сыныптары бойынша дауларды реттеуі бойынша өкілеттігін кеңейту көзделген. Егер келіс­­пеушіліктер бойынша мәлімделген та­лап­тардың сомасы 10 000 АЕК-тен аспаған жағ­дайда, же­ке тұлғалар жә­не шағын кә­сіп­керлік субъ­ектілері сақ­тан­дыру омбуд­сме­ніне өтініш жасай ала­ды. Басқа заң­ды тұлғалардың да кө­лік құ­ралдары ие­­лерінің азаматтық-құқ­ықтық жау­ап­кершілігін сақтандыру шеңберінде даулар бойынша омбудсменге өтініш жасауға құқығы бар.

Бұл дамыған елдердегі сияқты сақтан­ды­ру төлемдерін, әдетте клиенттің сот­қа жүгіну қажеттілігінсіз сотқа дейін­гі тәртіппен жүзеге асыру процесін жыл­дам­датуға мүмкіндік береді.

Әңгімелескен

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Абылай ханның қара жолы - солтүстік пен оңтүстікті байланыстырған ең төте жол

23.09.2018

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының атауын латын қарпіне көшіру ұсынылды

23.09.2018

Фильмдер қашан түрлі-түске бояла бастады?

23.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

23.09.2018

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу