Аймақтар • 12 Ақпан, 2018

Қостанайда балалар үйі жабылды

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облыстық балалар үйі жабылып, ондағы балалар Рудный қаласындағы балалар үйіне орналастырылады.

Қостанайда балалар үйі жабылды

165 орындық болатын облыстық балалар үйінде бұған дейін 52 бала тұрып жатқан болатын. Оның    20-сы былтыр бітірген түлектер екенін есептесек, үлкен  ғимаратта 32 жетім бала ғана қалған. Сондықтан облыстық Білім беру басқармасы екі мекемедегі балаларды  қосуды тиімді деп тапты. Рудный қаласындағы 280 орындық балалар үйінде 170 адам бар, оның да 30- ы түлектер. Оған Қостанайдан барған балалар толық сыяды. Өткен жылы Федоров ауданы орталығындағы балалар үйі жабылған болатын. Ондағы балалардың барлығын отбасылар қамқорлығына алды.

Енді облыс орталығындағы  босаған ғимаратқа №2 түзету мектеп-интернаты көшеді, ал оның  ғимаратында  «Озат»  дарынды балаларға арналған  мектептің базасында   ашылатын ІТ-технология мектеп-лицей-интернаты орналасады.  

 Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай