Голливуд жұлдыздары Шығыс Қазақстан туралы деректі фильм түсіреді

Кэри Тагава, Майкл Мэдсен, Бай Лин, Марк Дакаскос және Эрик Робертс сынды Голливуд жұлдыздары бүгін Өскеменге келді.

Егемен Қазақстан
13.02.2018 878

Оларды өңірге бастап келген актер, режиссер Еркен Елгашев пен актер, продюсер Арман Асенов әлемге әйгілі актерлер Шығыс Қазақстан туралы деректі фильмге түсу үшін арнайы шақырылғандығын айтады. Осы сапар барысында олар облыстың төрт ауданы мен бұрынғы Семей полигоны аумағында болып, аймақтың тарихи жерлерін араламақ.

«Елбасымыздың жақында Америкаға жасаған сапары әлем назарын Қазақстанға аударды десек артық айтпаған болармыз. Осы актерлер арқылы ұлттық құндылықтарымызды, қасиетті жерлерімізді күллі дүние жүзіне паш етуді жоспарлап отырмыз. Өйткені, қазір жаңа технология заманы. Мәселен, Шығыс Қазақстанға келген Бай Линнің әлеуметтік желідегі бір ғана фотосы 60 миллион лайк жинайды екен. Осындай актерлер еліміздің көркем табиғатын әлем назарына ұсынса, бұдан ұтпасақ, ұтылмайтынымыз анық», - дейді  Арман Асенов.

Голлувуд актерлерін бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов қабылдап, оларға Шығыс Қазақстанды жан-жақты таныстырып, сапарларына сәттілік тіледі. Айтпақшы, шет елден келген меймандарға өзінің тіл білетінін көрсеткісі келді ме, әлде қонақтарға түсінікті болсын деді ме, аймақ басшысы кездесуді ағылшынша бастап, ары қарай орысша жалғастырды.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.08.2018

Азиада-2018: су добынан Қазақстан қыздар командасы қытайлықтардан ұтылды

16.08.2018

Футболдан УЕФА суперкубогының финалы Ыстамбұлда өтеді

16.08.2018

Партия өкілдері «Ақтау теңіз портының» жұмысымен танысты

16.08.2018

Нұрлан Ноғаев: «Мектеп сауда орны емес»

16.08.2018

Мәулен Әшімбаев Астанада партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді

16.08.2018

Астанада «Таңғажайып Қытай» атты фотокөрме ашылды (ФОТО)

16.08.2018

АҚШ-тың әйгілі кәсіпқой боксшысы Рой Джонс Рудныйда рэп оқыды

16.08.2018

«II Абай оқулары» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

16.08.2018

4 қыркүйекте Пәкістанда президенттік сайлау өтеді

16.08.2018

Нұрғали ОРАЗ. «Соавтордың» соры

16.08.2018

Түркістан облысында «Бұ­л – біздің таулар!» фес­­тивалі өтті

16.08.2018

Илья Ильиннің бала күнінен естелік

16.08.2018

«Қызыл сызықтан» асқандар қадағалана ма?

16.08.2018

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға жоғарылады

16.08.2018

Абай ауылы алған асулар

16.08.2018

Ажал аузынан аман қалған

16.08.2018

«Қазақфильмнің» жүзден астам кинокартинасы ТМД мен Шығыс Еуропаның ірі видеосервисіне шықты

16.08.2018

Үстел теннисшілерінің әлемдік рейтингі жаңартылды

16.08.2018

Қостанайда Қытай тракторлары құрастырылады

16.08.2018

Головкин мен «Канело» 26 тамыз күні Лос-Анджелесте ашық жаттығу өткізеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу