Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті


Астанада Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген «Кісі киік» кітабының тұсаукесері өтті. ПЕН-клубтың «Біз – қазақпыз» жобасы аясында осыған дейін Мұхтар Әуезовтің әңгімелері, Мұқағали Мақатаевтың таңдамалы өлеңдері, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» романы, Олжас Сүлейменовтың «Код слова» кітабы, Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы және Герольд Бельгер мен Смағұл Елубайдың кітаптары ағылшын тіліне тәржімаланған болатын.

Егемен Қазақстан
23.02.2018 3591
2

«Бүгін мәдениетімізде үлкен қуанышты күн. Лондонда аударылған Оралхан Бөкейдің таңдамалы шығармалары бүгін елге келді. Бүгінгі өтетін шарада Оралхан Бөкейдің қаламгерлік болмысына кеңінен тоқталамыз. Біз төрт жылдың ішінде оншақты қазақ қаламгерлерін аудардық. Міне, бүгін Оралхан Бөкей! Бұл – адамның тазалығын іздеген жазушы. Цивилизация кезінде адам қалай өзінің тазалығын сақтап қалу керек дегенді адамзаттық деңгейде көтерген. Біздің әдебиетіміз бай. Ал оны әлем танысын десек, ең бірінші ағылшын тіліне аударуымыз керек. Ағылшын тілінде кітабың шықпаса, әлемде жоқсың. Өкінішке қарай қазір солай. Бұрын кеңес дәуірі кезінде орыс тіліне аударылатын. Қазір бірден ағылшын тіліне аудару керек.  Біз кітаптарымызды «Амазон» интернет дүкеніне салайын деп отырмыз», деді Қазақ ПЕН-клубының төрағасы Бигелді Ғабдуллин.

Кітаптың тұсаукесеріне «Кісі киікті» ағылшын тіліне аударған Саймон Холлингсворт пен әдеби редакторы Саймон Гейген Лондоннан арнайы келді. Сондай-ақ жазушының қарындасы Ғалия Бөкей, қаламдас достары мен інілері Қуанышбай Құрманғали, Кәдірбек Сегізбайұлы, Әлібек Асқаров және Оралханның қызы Айжан салтанатты шараға қатысты.

«Бір шығарманы аудармас бұрын оны дұрыстап ұғынып, егжей-тегжейлі түсініп алу керек. Яғни, автордың үнін сезінбесеңіз туындының негізгі мағынасынан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Аудармашы Оралхан Бөкейдің кітабын алты айдың ішінде аударып бітіргенін айтады. Бұрыннан бері Саймон екеуіміз орыс тіліндегі кітаптарды ағылшын тіліне тәржімалап келеміз. Халықаралық Қазақ ПЕН клубымен танысқаннан кейін маған Герольд Бельгердің кітабын аудару туралы ұсыныс түсті. Ол кісі туындысын орыс тілінде жазғаннан кейін әлбетте күрделі болған жоқ. Келесі жобамыз – Әуезовтың әңгімелері еді. «Қараш-Қараш» пен «Көксеректен» бастап, Саймон екеуіміз Мұхтар Әуезовтің бірнеше туындысын ағылшын тіліне тәржімаладық. Содан кейін барып, Оралхан Бөкейге келіп отырмыз. «Аударма екінің бірінің қолынан келуі мүмкін. Бірақ әдебиет – қатып қалған қасаң құжаттар емес. Ол «тірі» ерекшеленеді. Менің өзім аударманы кроссворд деп елестетемін. Яғни, туындыдан автордың үнін, шығармасының негізін іздеп тапқым келеді. Оралхан Бөкейдің айтқысы келгенін тап басып таптық деген сенімдеміз. Бір сөзбен, өзіміздің жұмысымыздың нәтижесіне көңіліміз толады. Бірақ, әлі де кейбір тұстарын былайша жасау керек пе еді деген ойдың кейде туындап қалып жататынын жасырмаймын», дейді Саймон Холлингсворт.

Оралхан Бөкейдің шығармалары алдымен А.Кимнің аударуымен орыс тілінде басылып шыққан. Қазақ ПЕН-клубымен кітап бекітілгеннен кейін тәржіма жұмысы басталған.

«Ағамның шығармалары Лондонда аударылып, әлем оқырмандарына жол тартқанына қуаныштымын. Осы игі істі қолға алған ПЕН-клубқа, оның басшысы Бигелді Ғадуллинге алғысымды айтамын. Ағам өзі де ПЕН-клубтың мүшесі, ауылдық жерлердегі талантты жастарды жинау мәселесімен айналысатын бөлімшесін басқарып еді. Жұмыстарыңыз табысты болсын», деп тілегін айтты Ғалия Бөкей.

Қазақ ПЕН-клубы әдебиетіміздің классиктерін ағылшын тіліне аудару жұмысын қарқынды жүргізетіндігін айтып отыр. «Сәтін салса Сәкен Жүнісовтың шығармаларын, Қадыр Мырза Әлінің, Махамбеттің өлеңдерін аударғымыз келеді. Бірақ, поэзияны аудару өте қиын екен. Сонымен бірге, алдағы бес жылда Қасым Аманжолов, Мұхтар Мағауиннің кітаптарын тәржімалауды жоспарлап отырмыз», деді Бигелді Ғабдуллин.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.12.2018

Түркияда еліміздің тәуелсіздік күні мерекесі тойланды

16.12.2018

Тұңғыш Президенттің тариxи-мәдени орталығына Елбасы көлігі қойылды

16.12.2018

Шымкенттіктер «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмін тамашалады

16.12.2018

Тәуелсіздікке тарту: Шымкенттің екі ауданында ашық ойын алаңшалары ел игілігіне берілді

16.12.2018

ШҚО-да тұрғындар үшін басын қатерге тіккен мемлекеттік қызметкер «Құрмет» орденін алды

16.12.2018

Өскеменде жер үсті көпірі жұмыс істей бастады

16.12.2018

Жетісу жұрты Тәуелсіздік күні қоныс тойын тойлады

16.12.2018

Семейде «Абай әлемі» кітап сериясының тұсаукесер рәсімі өтті

16.12.2018

Қарағандылықтар Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталды

16.12.2018

Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырауда мемлекеттік марапаттар тапсырылды

16.12.2018

Тарихшылар «Тәуелсіздік – басты құндылық» тақырыбында отырыс өткізді

16.12.2018

Солтүстік Қазақстанның халық қалаулысы үздік депутат атанды

16.12.2018

Ақтөбеде ақын Фариза Оңғарсынованың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

16.12.2018

Түркістанда Тәуелсіздік күніне орай жас мамандар баспаналы болды

16.12.2018

Оралда тәуелсіздік құрметіне жаңа мектеп пен 180 пәтерлік үй пайдалануға берілді

16.12.2018

Түркістан облысында саябақ, медициналық орталық және жастар сарайы ашылды

16.12.2018

Бүгін - Тәуелсіздік күні

16.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

15.12.2018

«Нұр Отанда» жаңа пікірталас алаңы дүниеге келді

15.12.2018

Ономастика саласындағы оң өзгерістер жалғасын табады - Даниал Ахметов

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу