Латын қарпіндегі алфавит – рухани азық

Әулиекөл ауданында Мос­колев деген ауыл бар. Бұл ауылды еліміздегі ауыл шаруашылығы ма­мандары, ғалымдар, тіпті кәсіп­керлер де жақсы біледі. Білетіні – мұнда төрт түліктің ішінде Зең­гі бабаның еті ақ мәрмәр атақ­ты Әулиекөл тұқымы өсіріледі. 

Егемен Қазақстан
26.02.2018 2679
2

«Мос­колевский» шаруашылығын белгі­лі шаруашылық ұйымдас­ты­рушы, ғалым Зейнолла Жаң­быр­шинов басқарады. Ол Қазақ­станда ет бағытындағы ірі қара тұқымын асылдандыру үшін жер­ге, солтүстіктің суығына бейім­дел­ген, еті талай көрмелерде азуын айға білегендерді шаң қаптыр­ған Әулиекөл тұқымынан оңтай­лысы жоқтығын айтумен келеді. Айтарымыз бұл емес еді. Енді осы ауылда тағы бір тамаша іс басталып, жұртшылыққа жылы хабар көктемнің алтынкүрек желіндей тарап кетті.

Ауылда тұрғындарды рухани тербеп отыратын мешіт бар. Жұма намазынан кейін мұнда имам, ақсақалдар кейінгілерге үлгі-өнеге боларлық өсиетті әңгімелер айтады. Көкенаки Әбілдин ақсақал да жұма намазынан қалмайды, ауылдағы жақсы істерге бастамашы болып жүретін кісінің бірі. Ғұмыр бойы білім саласында қызмет етті, бар көңілін де, қызметін де жас ұрпақ тәрбиесіне арнады. Көп жылдар мектеп директоры қызметін атқарды, жаңашыл ұстаз ретінде де жерлестеріне есімі белгілі. Арғы Кеңес Одағы кезін айтпағанда, Тәуелсіз Қазақстанның «Қазақстан Республикасы Білім саласының үздігі» төс белгісін алғаш алғандардың бірі. Әліпби латын қарпімен жасалса қазақ тілінің қанатын кең жаюына септігі тиерін біледі, ауылдастарына да солай түсіндіреді. Өткен жылдың аяғына қарай аудандық газетке бір мақаласын латын қарпіндегі әліпбимен жазды. Аудандық газет редакциясы да оқырманының бұл бастамасын қолдап, мақаланы дереу жарыққа шығарды. Оны оқыған ауылдастары көз үйрен­беген­дікі ме, ежелеп отырып қал­ған. Мешітке жиналғандардың ара­сында жұма намазынан кейін Көкенаки ағаның осы мақаласы, латын таңбасы сөз болды.

– Сол күнгі әңгіме жамағаттың Жұма намазынан кейін латын қарпін, жаңа әліпбиімізді үйретіңіз деген ұсынысымен аяқталды. Он екі кісі сабаққа қалатын болды. Бұл ұсыныс маған да қатты ұнады, дереу тақтаны балаларға жасатып, ілдіріп қойдым. Солай сабақты бастап та кеттік, – дейді Көкенаки ақсақал.

Қазір Жұма намазынан кейін Көкенаки ағайдың сабағына тек үлкен кісілер ғана емес, мектептің мұғалімдері, оқушылар, жас­тар да келіп қатысатын болған. Ұс­таз­дың өзі жас кезінде неміс тілін оқыған еді, сондықтан негізі бір ла­тын қарпі оған ешқандай қиын­дық туғызған жоқ. Қазір ағыл­шын тілін оқып жатқан оқу­шы­лар үшін де бұл қиын емес екен. Ал Көкенаки ағай өзінің «әдіс­темелерімен» сабақты барған сайын қызықты өткізіп келеді.

– Мен даналық сөздерді, түрлі шежіре, қысқа әңгімелерді жинап аламын да, тақтаға соны латын қарпіндегі әліпбимен жаздырамын. Ауылдастарым әрі латын қарпіндегі әліпбиді үйренеді, әрі даналық сөздерден ғибрат алады, – дейді Көкенаки ағай.

Мешітке жиналып Аллаға құл­шылығын жасаумен қатар, рухани толып, марқайып қайтатын жамағат, қазір әр аптаның жұмасын күтетін болған.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай облысы,

Әулиекөл ауданы,

Москолев ауылы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу