Ұлт қамы ұл-қызды тәрбиелеуден басталады

Ұлтымызда «Көп қорқытады, терең батырады» деген өмірден алынған мәтел бар. «Жалғыздың үні шықпас» дегенді де қазақ айтқан. 

Егемен Қазақстан
02.03.2018 11135
2

Ұлан-байтақ жері бар қазақтың саны аз екенін мойындау керек. Қазақстан қазір тұр­ғын­дар саны жөнінен әлемде өз орнында көрінеді, тығыздығы бір адамға 6,64 шақырым, яғни, біздің еліміз әлемдік рейтингте 180-орында тұр. Бұл дерек көп нәрседен хабар беріп тұрған жоқ па! Көбеймесек көсегеміз көгер­мейді. Біз санамыз тәп-тәуір ха­лық болғанымен, санымыз тым аз халықпыз. Қазақтың сөз зер­гері Ғабит Мүсірепов: «Біз жа­йыл­сақ жоқпыз, жиылсақ көппіз» деген екен. Олай болса, елімізде халық санына, оның сапа­лық жағына баса назар аудар­­­ған жөн. Бұл орайда ең ал­ды­­­мен ұлтымыздың санын кө­бей­­т­удің жолын, оның әдіс-тәсі­­лін ойластырған орынды. Бала тууды ынталандыру жолы­мен арттыру, яғни бала туға­ны үшін берілетін қаржы көле­мін көбейту, шетте жүрген аға­йын­ды елге әкелу мәселесін тү­бе­­гей­лі шешу халық санын кө­бей­­туге септігін тигізеді. Сон­дай-ақ абортқа тыйым салу керек. Мұсыл­ман елдері арасында Қазақ­­­станда ғана жасанды түсік жа­­сау­­ға рұқсат берілген. Уақ­ты­лы отбасын құрмаған ұл-қыз­дар­ға салық салу жағын да ой­лас­тыр­­­ған жөн. Ресми емес дерек бо­йын­ша, елімізде 160 мың­нан аса жа­сы келген қыз бар кө­ріне­ді. Ал олардың біразы кезін­де лауа­­зым­­ды қызмет атқарғ­анын білеміз.

«Итің ұры» десе намыстана­тын қазақ қыздарының теріс жолға түсуіне көз жұма қарауы мас­қара емес пе? Ал осы қыздар­дың біразының некесіз туған балалары бар. «Қыз өссе – елдің көркі» деп мақтан тұтатын қазақ бұл әлеуметтік мәселеге қалай тап болғанын аңғармай қалған­дай. Ажарлы, келбетті, білім десең білімі бар, менің жарым бол­сын дейтін бойжеткен­дер әр­кімге көзін сүзіп, жа­лғыз­дық­­тың зардабын татып жүрсе жаның қалай ауырмас. Төрт жыл бұрын Қостанай облысы­ның бас акушер-гинекологы Иван Янцев бір мақаласында облыс бо­йынша былтыр 20 мың­ға жуық әйел жүкті болу бақы­ты­­на ие болса, соның 57,4 па­йы­­­зы дүниеге сәби әкелді, ал 42,6 пайызына аборт жасалды. Аборт жасатқандардың 7,8 па­йы­зы 15-18 аралығын­да­ғы бой­­жет­кендер, қалғандары 19-35 жасты құрайды», деп жазған еді. Жарық дүниеге келуге тиісті 8520 шарана жатырында өлім құшты. Ал енді мұндайды еліміз бойынша есептеп көріңіз. 200 мыңға жуықтап қалады. Осын­дайда «Есті қыз ете­гін қым­тап ұстайды» деген халқ­ы­мыздың дана сөзін қыздарымыз естен шы­­ғар­маса екен дейсің.

Ресей үкіметі отбасы­лары­мен (толыққанды) келісімшарт­қа отыруды көздеп отыр. Бұл әйелдерге бала тууды мін­дет­тейді және үшінші нәрес­те­ден бастап баланы үкімет мойнына алғалы отыр. 

Қазақстанның да қазақ ұлты­мен мақтанып, өзгелерге көш­бас­шы бола алатындай ұлттық бағдарламасы болғаны жөн деген пікірлер айтылып жүр. Біз мұны толығымен қолдаймыз. Елімізде сан жағынан халықтың көшін бастағанымызбен өзіміз көбею жағынан кейбір ұлттар­дан (өзбек, ұйғыр, дұнған) арт­та қалып отырғанымызды қа­лай айтпасқа? Қазақ ұлтының бас­қа­ларға үлгі-өнеге көрсетіп, көш­басшы болуы үшін ұлттық идео­­логия керек. Қазақтың про­­б­ле­ма­сын шешіп, қазақтың ру­­хын көтеретін мәселелерге ере­к­­ше на­зар аударған жөн дер едім. Жас­тардың бойына па­т­­риот­тық сезімді, өзінің туып-өскен ортасына, қаласына, Отанына деген сүйіспеншілікті дарытуға күш салып, нақты істе көрсетуіне қол жеткізу керек. Міне, нағыз патриотизм деген осы. Әр азамат бала күнінен бас­тап ұлттық идеологиямен сусындауы керек. Мұнда ата-ана мой­нына жүктелер жұмыс көп-ақ. Ал жастар өз еліне, жеріне, ту­ған ауылы мен қаласына деген сүйіс­пеншілігін нақты істе көр­сетуі керек. 

Ұлтым деген әр азамат ұлт қамы ұл-қызды тәрбиелеуден басталатынын ұмытпай, бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөліп, елдің қамын жейтін азамат етіп өсіруге барынша мән бер­гені дұрыс. Ұлды тәрбиелеу ар­­қылы жер иесін, ал қызды тәр­би­елеу ар­қылы ұлтты тәрбие­лей­ті­ні­міз­ді ұмытпаған абзал. Осы қағи­даны есімізден шығар­ма­йық, ағайын. Тәрбиенің атасы – білім мен еңбек, тәрбиенің анасы – халықтың салт-дәстүрі, тілі, ділі, діні, ырымдары мен та­ным­дары, басқа да ұлттық құндылықтар.

Міне, бала тәрбиесінде осыларды басшылыққа алсақ, діт­теген мақсатқа жетеміз. Өкі­ніш­ке қарай, көптеген жігіттер шаруаға селқос, жүрдім-бардым қарайды, шамалы жұмысты іс­тегісі келмейді, айтатыны: жал­­ақысы төмен, олар ауырдың үс­ті­­мен, жеңілдің астымен жүр­ген­ді жақсы көреді. Өмірден өз орныңды, тиесілі сыбағаңды алу үшін білек сыбана еңбек етіп, тер төгуің керек. Мұны өмірдің өзі көрсетіп отырған жоқ па?!

Ана тілі де бүгінде өзекті мә­­се­ле болып отыр. Өз елінде өгей­­шілік көріп отырғаны жанға бата­­ды. Қазақ мектебінде оқыды деме­сең, балалардың көпшілігі сырт­та өзара орысша сөйлейді, үйде де солай болар дейсің. Әке ұлы­мен, шеше қызымен ана тілі­мізде пікір алмасып, сыр шерті­сіп жатқанға не жетсін. Бұл арман күйінде қалуда. «Сырт көз – сыншы» дегендей, елімізге келіп-кетіп жүретін шетелдіктер мұны байқайды екен. Италиялық «Ренко» компаниясының прези­денті Ренальдо Гаспари: «Мен әлем­нің 141 елін аралаған жан­мын. Солардың ішінде өз мем­ле­кетінде өз тілінде өмір сүре ал­май отырған бейшара ха­лық­­­ты көрдім. Ол қазақ халқы екен», деп жазған бұдан бес жыл бұ­рын. Бұған қарсы дау айта ала­сың ба? Айта алмай­сың. Кім кінәлі? Әрине, өзіміз. Жа­рай­ды, кезінде қол-аяғымыз матау­лы болды дейік. Әу, егемен ел болғанымызға да ширек ғасыр­дан асты ғой. Не тындырдық?

Қоғамды дендеген жемқор­лық та қазақтың қадіріне көлең­ке түсіруде. Маңдай терімен таппаған байлыққа кенелген­дер­дің іс-әрекеті еңбек адамдарын ашындырып, олардың ашу-ызасын келтіруде. «Пайғамбар сынды жігіттер бар, мінерге есегі жоқ, есек сияқты жігіттер бар ма­лының (байлығының) есебі жоқ» деген Қадыр Мырза Әлі ақын­ның сөзі еске түседі осын­дай­да. Биліктің биігінде, төре­лік­тің төрінде отырған кейбір шенеуніктердің теріс қылығына, ашөзектігіне налисың.

Әңгімеміздің өзегі ұлт қаді­рін қастерлеу хақында еді ғой. Бұл өзімізге тікелей байланысты екенін түсіну керек. Мемлекет құрушы ұлт ретінде көш басын­да болуға лайықты болсақ, қа­неки?!. Ұлттың ұлы мұраты жо­­лында ұйысайық. Еліміздің жар­­қын болашағы ауызбірлікте, ын­­т­ы­мақты тірлікте екені бел­гілі. Ал біз осыған зәруміз. Та­лант­­­тысы басшы, талаптысы қой­­шы болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жат­сақ, ұйысып еңбек етсек құт-бере­ке дар­ы­ған, іргелі ел боламыз. Жа­рат­қан осы жолда бізді қол­дап, қорғай жүргей!

Қанапия МЫРЗАҒАЛИН,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

АСТАНА

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

16.11.2018

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады

16.11.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен ел біріншілігі өтті

16.11.2018

Атырауда жүргізушілер мен автобус жолсеріктерінің жалақысы екі есеге өсті

16.11.2018

Тұқым шаруашылығын дамытуға инвесторлар 25 млн $ қаржы салады

16.11.2018

Бокстан ел чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды

16.11.2018

Спортшы қыздарымыз әлемдік сында үздік үштікке енді

16.11.2018

Қазақстан - Өзбекстан: тауар айналымын 5 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделуде

16.11.2018

Елорда жастары «Жастар жылынан» не күтеді?

16.11.2018

Павлодарда тоғызқұмалақтан «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесі үшін турнир өтті

16.11.2018

Айдос Тұрысбек: Самал Еслямова «Хабар» арнасының фильміне түсіп жатыр

16.11.2018

Батыс Қазақстанда тағы 50 кәсіпорын жалақы өсірді

16.11.2018

«Өрнек». Бір өлеңнің сыры. Ерлан Жүніс (видео)

16.11.2018

Кәсіп­кер­лерді заңсыз тексеру азайды - Бас прокурор

16.11.2018

Астана сессиясы. ҰҚШҰ-ның бейбітшіліксүйгіш беделін нығайтты

16.11.2018

Сарысудың музыкалық мұрасы

16.11.2018

Жалақаны өсіру үдерістері тездетілуде

16.11.2018

Жастар жылынан не күтесіз? Сауалдамадаға қатысқандар пікірі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу