Аймақтар • 05 Наурыз, 2018

Қарағандыда «Қазақстан суретшілерінің мұрасы» атты көрме өтті

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан суретшілерінің мұрасы» атты көрме өтті.

Қарағандыда «Қазақстан суретшілерінің мұрасы» атты көрме өтті

Биыл – Бұқар жыраудың 350 жылдық ме­рей­тойы. Әйгілі жыраудың өз за­ма­нындағы өзекті деген мә­се­­ле­нің бәрін назардан тыс қал­дыр­май, олардың шешімін табуға ұмтыл­ған қайраткер тұлға екендігі бел­гілі. Қарағандылық суретші Айбек Бегалин болса, өзінің туындысында жырауды осы қырынан танытуға күш салған.

Жалпы, көрмеде портреттік жанр жұрт назарына кеңінен ұсы­нылды. Қазыбек би, Құрман­ға­зы, Абай Құнанбаев, Шашубай Қошқарбаев, Күләш Байсейітова, Қаныш Сәтбаев және Олжас Сүлейменов сынды алаш асыл­да­рының кенептегі кескіндері жұрт на­зарын өзіне аудармай қоймады.
Көрмеге келушілер қылқа­лам­ның айтулы шеберлері Әбіл­хан Қастеевтің, Қанафия Тел­­жа­новтың, Гүлфайрус Исмаил­о­ва­ның, Хамза Кикимовтің және бас­қа да суретшілердің туындыларымен жақынырақ танысты.

Бұл мәдени шарада Мингиш Әбіл­қасов, Мұрат Қалқабаев, Жүр­­сін Балкенов сияқты шебер­лер­дің адам баласының ұғымын әлем­ді тану философиясымен ұшы­растыратын метафора және символ тіліне сүйенген туындылары төрден орын тапты.

Сондай-ақ елімізді индус­трия­ландыру тақырыбын қыл­қа­­ламның көмегімен ашқан Мә­жит Байтенов, Михаил Под­лес­ный, Владимир Ким сынды су­рет­ші­лердің еңбектері де тал­ға­мы би­ік келушілер тарапынан лайық­ты бағасын алды.

Сонымен қатар көрме аясында «Ұлы даланың ұлы тұлғалары: Қазыбек би және Бұқар жырау» атты музей сабағы өтті. Оған мектеп оқушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ