Кино туралы заң жобасы талқыланды

Алматы қаласында «Кинематография туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша Парламент Мәжілісі Әлеуметтік мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтті. 

Егемен Қазақстан
06.03.2018 7562
2

Парламенттің Әлеуметтік мәдени даму комитетінің хатшысы, жұмыс тобының жетекшісі Бейбіт Мамраевтың айтуынша, бұған дейін елімізде кино тура­лы арнайы заң болмаған, қол­даныстағы «Мәдениет туралы» заңда фильмдердегі ұлттық тіл, прокат сияқты кино қатынастарды реттейтін алты бап қана бар екен. Сол себепті, заң жобасы негізінде отандық киноиндустрияны одан әрі дамытудың тұжырымдамалық негізінде ұлттық киноөнімдерді қолдау Қорын құру; республика аумағында фильмдерді жүйелеу және есепке алу мақсатында фильм­дер прокаты, мониторингінің ақпараттық жүйесін құру; жекелеген заңды тұлғаның жұмысы арқылы ұлттық мәдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде ұлттық фильмдерді және олардың бас­тапқы материалдарын сақтау мәселесі басты назарға алынған.

Ресейлік сарапшы Олег Рудольфовичтің мәліметінше, 2017 жылы көрерменге 263 шетелдік, 26 ұлттық және 15 ресейлік фильм ұсынылған. Бұл – кинопрокаттың ресми статистикасы. Енді мұны пайызға шаққанда: Қазақстан ки­нонарығының 80 пайызы Гол­ливудтың, 17 пайызы ұлттық (арғы жылы бұл 6 пайыз болған), 7 пайыз Ресей киносының үлесінде. Қазақстанда жеке инвесторлардың қаржысымен жасақталған заманауи үлгідегі 70 кинотеатр, 250 кинозал бар. Барлық кинотеатрлар дерлік жекеменшік иелігінде.

Шығармашылығының үлкен бөлігі киномен байланысты өрілген Дулат Исабеков ең алдымен «Кино туралы» заң жобасының қазақ тілінде әзірленбей, әдеттегідей орыс тілінен аударылғанына нара­зылығын білдірді. Сондай-ақ ол жобадағы «түнгі сағат 22.00-ден таңғы сағат 6-ға дейін» деп көрсетілген бап бойынша түн ауған уақытта ұсынылатын фильм­дер тағы да қазақ киносының өнімдері болмай ма?» деген қор­қынышын да жа­сырмады. Жа­зушының пікірінше, заң жобасында нақтылай түсетін, әлі де болса басын ашып, анық­тау­ды қажет ететін олқы тұстары жетерлік.

Режиссер С.Нарымбетов жыл сайын «Қазақфильмнен» шығатын оншақты өнімнің ара-салмағына мән беріп, тарихи фильм мен анимациялық фильмдердің үлесін азайтып алмауға шақырды. Кинопродюсер мамандығы бойынша мықты маман әзірлеу де мәселенің бір түйінін шешу­ге септігін тигізбек. Бүгінгі «про­дюсермін» деп жүргендердің көпшілігі кешегі фильм әкімшісі мен картина директорлары. Продюсер кино процесті бизнес­ке айналдыра алатын адам болуы шарт. Оның ойынша, уақытқа қарай кино құпиясын меңгерген нағыз продюсерлер енді туып келеді.

Жаңа жобаға байланысты талқылаудан жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай да сырт қала алмады. Өздерінің ұлттық киносын заңмен қорғайтын елдер табысты өнер саласын әлдеқашан дамытып алған. Ұлттық киноны салықтан босатып, шетел киносына салық салынса, бұдан түскен табыс отандық киноны жетілдіруге жұмсалар еді. Осы мәселе заңда айқын жазылуы тиіс. Шетел фильмдерінің молынан көрсетілуі ұрпағымыздың жат елдің идеологиясымен тәрбиеленуіне жол аша түспек. С.Елубай кино тариф, қаламақы мәселесінің де жігі көрсетіліп, айқындалуы ке­рек екеніне назар аудартты. Қа­ламгер жыл сайын 60 фильмге дейін аударып, қазақ көрерменіне түпнұсқамен пара-пар тәржіма фильм тарту еткен кешегі дубляж мектебін қайта жандандыруға байланысты да салмақты ой айтты. Кино туралы жобада аударма-субтитр мәселесі қалай көрініс таппақ, бұл да бүгінгі көрерменді ойландыратын сұрақ. Қазақстан киносы атышулы Голливудпен ешқашан жарыса алмайды. Бірақ отандық кинопрокатты қорғау – жаңа заңның міндеті болуы тиіс.

 

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

14.11.2018

Азамат Батырқожа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК басқарма төрағасы болып тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының бизнесмендерімен кездесу өткізді

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысында тұрғын үй бағдарламаларының іске асырылуымен танысты

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысында Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысады

14.11.2018

Алматыда экстремизмге қарсы халықаралық семинар өтті

14.11.2018

Қостанайда Торғай геоглифтері туралы кітап шықты

14.11.2018

Шығыс Қазақстан облысында 655-тен астам ІТ сыныптар іске қосылады

14.11.2018

Бүгін латын графикасы негізіндегі «Жалпыхалықтық диктант» өтті

14.11.2018

Елбасы роботталған хирургияның халықаралық референстік және оқыту орталығына барды

14.11.2018

Көкшетауда жылу-электр орталығы салынады

14.11.2018

«Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында сауда-саттықты іске қосу салтанатты рәсімі өтіп жатыр

14.11.2018

Ыстамбұлда «Ұлы даланың тарихи-мәдени келбеті» атты халықаралық көрме ашылды

14.11.2018

Елбасы АХҚО Биржасының алғашқы сауда-саттығын іске қосты

14.11.2018

Ұстаз құрметіне дәрісхана ашылды

14.11.2018

Шетелде тегін білім алғыңыз келсе...

14.11.2018

26 мың медицина маманын қанат қақтырған қара шаңырақ

14.11.2018

«Барыс» үшінші орынға көтерілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу