Қазақстан • 16 Наурыз, 2018

Орталық сайлау комиссиясы Астанада дөңгелек үстел өткізді

801 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар кеңсесімен бірге «Қазақстан Республикасындағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыру мәселелері: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты дөңгелек үстел өткізді. 

Орталық сайлау комиссиясы Астанада дөңгелек үстел өткізді

Дөңгелек үстелді өткізудің бас­ты мақсаты – сайлау және рефе­рендум кезінде Қазақ­стандағы мүгедек санатындағы азамат­тардың сайлау құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ сай­лау құқықтарын жүзеге асы­рудың жаңа мүмкіндіктері мен тәжірибелерін қарастыру. 
Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төр­ағасы Б.Имашев еліміздің Конс­титуциясы бойынша әрбір аза­матқа сайлау және сайлану құ­қығына кепілдік берілетінін атап өтті. Сайлау органдары мүмкін­діктері шектеулі аза­маттардың сайлау процестеріне толыққанды қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.