Білім • 16 Наурыз, 2018

Қостанай педагогикалық институты университет мәртебесін алды

945 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына университет мәртебесі берілгені туралы Қазақстан Үкіметі  жарлыққа қол қойды. 

Қостанай педагогикалық институты университет мәртебесін алды

Білім ордасының профессорлық-оқытушылық құрамы мұғалімдерді даярлауды сапалы жетілдірудің жүйесін қалыптастыру міндетін шешуде. Сонымен қатар оқу жоспарлары мен оқу-тәрбие үрдісінің барлық кешенін жетілдіру бағдарламасын бір жүйеге түсіру мәселелерімен айналысып келеді.

Бүгінде білім ордасында 187 профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Олардың ішінде 4 профессор мен ғылым докторлары, 87 ғылым кандидаттары, 4 PhD докторалары мен магистрлер қызмет атқарады.

Мемлекеттік педагогикалық университет білім саласына білікті, заманауи мамандар дайындауды жалғастырады.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай