Қазақстан • 21 Наурыз, 2018

Наурызға – 30 жыл!

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл еліміздің төл мерекесі – Нау­рыз мейрамын үздіксіз тойлап келе жатқаны­мызға 30 жыл толып отыр. 

Наурызға – 30 жыл!

Тарихқа көз жүгірт­сек, 1988 жылдан Алматы қаласында, респуб­ликаның көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде алғаш тойлана бастады.

Ал 1991 жылы Елбасының Жарлығымен жалпыадамдық құндылықтарды орнықтыру, сондай-ақ адам мен табиғаттың үйлесіміне қол жеткізу, оның шынайы имандылық ру­хында ізгілікті тазаруы мақсатында ха­лықтық мереке ретінде мемлекеттік мәртебеге алды.

Содан бергі уақытта ұлық мерекеміз – әз-Наурыз республика халықтарының достығы мен бауырластығын нығайту, сондай-ақ ежелгі халық дәстүрлерін жандандыру жолында өзіндік ерекше символикалық мәнге ие болды. 

«Қазақстан Республикасында мерекелер туралы» заңға 2009 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұл мейрам 21-23 нау­рыз күндері, яғни үш күн тойланып келеді.

Наурыз – тек қана Жер-Ананың емес, Ел-Ананың да егемендік рухпен арайлап атқан әрбір таңының жаңару, жаңғыру мезгілі дер едік.
Лайым солай болғай!