Әйгілі Наурызбаевтан дәріс алған Тілеуберді Мелдешұлы

Жақында танымал мүсіншімен таныстым. Бірден аңғарғаным – тұла бойынан даланың иісі аңқып тұрды. «Самалы селеу тербетіп, жусаны жұпар боратқан, тарлауы жылқы бақтырып, тайлағы теңін қомдатқан, ежелгінің сорабын, бұрынғының бодауын, қазіргінің қалауын білетін жанға ұқсайды». Мына шумақтар тасқа тіл бітірген мүсінші Тілеуберді Бинашевті алғаш көргенде көкейіме орала кеткен шұбыртпалы тіркестер ғой...

Егемен Қазақстан
21.03.2018 6505

Сонымен... екеуара шүйір­ке­ле­сіп отырып, әңгіме өрбісін деген ниетпен Тікеңе «мүсіншілік өне­рге деген құмарлық қалай пай­да болды» деймін ғой. – Мені мүсінші қылған туған ауылым Байырқұмның іргесін жанай ағып жатқан Сырдың топырағы мен саз-балшығы, – деді ағамыз. 

Тілеуберді Мелдешұлы жастайынан туған жерінің табиғаты мен тарихына қанығып өскен. Қазақы жыр-дастандарды жастайынан тыңдап, аталары айтқан аңыз-әңгіме кейіпкерлерін балаң санасына ұялатып, олардың қиялдағы ғажайып бейнесін саз-бал­шық­пен сомдап ойнапты. Басқа балалар қызық қуып, қыр асып кетсе Тікең дарияның жа­ға­сына жалғыз барып, өзі жа­са­ған алуан мү­сінді құмға ті­зіп қойып, ұзақ ойға шомып, терең қиялға берілетін көрінеді... Қысқасы, бозала таңда бойына да­рыған кейіпкерлерін қалайда тірілтуді армандайтын. 

Әрине көңілдегі үлкен арман, ұлы мақсатты ұштау үшін бір таланттың аздық етерін ол кезде Тікең білді ме, жоқ па беймәлім, бірақ ешқашан еңбек етуден жа­лық­­папты. Ағамызды атақты мү­сіншіге айналдырып отырған да осы тынымсыз еңбегі мен өнер­ге деген тай­ғақсыз құш­тарлығы. 

Айталық, талапты жас орта мектепті бітірген соң алысқа ұзап кете қоймаған. Ауылды айнал­соқ­тап жүрген балаға Түркістан қа­ла­сында тұратын ту­ыс­қан апайы «босқа жүргенше мұнда келіп, бала қарап берші» деп өті­ніп­ті. Сөйтіп Түркістанға бар­ған. Бала қараған. Бірақ ана бір мү­сін­шілікке құштарлық жа­нын жай тап­тырар емес. Бір кү­ні қаланы ара­лап келе жатып, Мәншүк Мәметова атындағы мек­тепті көріп қалады. Ауласы кең екен, атшаптырым. «Мына алаң­қайды шаңын бұрқыратып бос қой­ғанша, дәл ортасына батыр қыз­дың мүсінін орнатып, айналасын гүлмен көмкеріп қойса ғой!». Бұл жас жігіттің көкейіне түскен ой­дың ұшқыны. Аздан кейін тағы бір ой ұшқыны жылт етті. «Осыны мен неге істемеймін». 
Тікең үйге барып қолына қа­лам-қағаз алады. Мәншүктің кеуде мүсінінің жобасын жасап, алаң­ның айналасын көркемдеп сызып, сызбаны алып мектеп директорына барады. Көрсетеді. Бастық баланың риясыз жүзіне бажайлап ұзақ қарайды. Тікең тырп етпейді, нық отыр. Мектеп директоры: «Мен сені мұғалімдік штатқа жұмысқа қабылдайын, сен оның ақысына мына ұсынысыңды ойдағыдай атқар!». «Құп». Осымен сөз бітті, Тікең іске кірісті.

Ол заманда бәрі бар, бірақ кәсіби дүниелер тапшы. Әсіресе мүсін жасайтын әртүрлі металл бұйым­дар жоқ. Қысқасы, жиырма шақты күнде Мәншүктің бей­несін жасап, оны гипстеп, бояп-жасқап директорға алып барады. Ол болса бет-аузы тотығып, жүзін шаң басып, алдында тұрған жігітке бір қарайды, көзінен от ша­шып, сом тұлғасы тірі жаннан айнымай қалған «Мәншүкке» бір қарайды. Аң-таң. «Расымен өзің жасадың ба?». Тікең былқ етпей, мақтанышпен басын изейді. Орнынан ауыр көтерілген бастық құшағын кең жайып жіберіп «Ойпырым-ай, бұла тарихты бауырына басып жатқан ежелгі мекеннен қалған жұрнақ Байырқұмнан да бір ұл туған екен» деп емірене құшақтапты. «Талант тас жарады» деген осы болар.

Сабақты ине сәтімен дегендей, мектеп басшылығы мүсінді орнату ісін жоғары деңгейде ұйым­дас­тырады. Шараға сол кез­дегі об­лыс­тық газет тілшісі, қазір үлкен қа­ламгер Мархабат Бай­ғұт келіп қатысып, жап-жақ­сы мақала жазады. Онда Байыр­құмнан мүсінші-талант туғаны айтылады. Сөйтіп 18-19 жастағы жігіттің есімі өңірге естіледі.

* * *
Жоғарыдағы оқиғадан кейін Т.Бинашевтың бағы жүре бастайды. Бір күні Бөген ауданының (қазіргі Ордабасы) басшысы Рашид Нұғыманов хабарласады. «Мүсінші бауырым, ауда­ны­мыздың арысы Қажымұқан ба­лу­анның бейнесін жасап беруге қа­лай қарайсың?». «Жасаймыз». Сөз бітті. Іс басталды. Аса ауыр еңбекпен Қажымұқан балуанның сом тұлғасы жасалды. Ол аудан орталығындағы Мұңайтпасов музейінің алдына қойылды. Әкесінің «өлі» бейнесіне көз салған ұлы Айдархан «өзін көргендей болдым» деп еңіреген екен. Сол сияқты, даланың бұлшық етіндей (Қ.Мырза әлі) білеуленген мүсінді көрген академик Өмірзақ Айтбаев, мынадай керемет мүсінді жиырма жастағы жігіттің жасағаны мені еріксіз тәнті етті десе, композитор Шәмші Қалдаяқов «бұл бала да мен сияқты оқымаған нағыз самородок талант қой» деп тамсаныпты. 

Осы екі арада Тікең Алматы қаласындағы қазіргі Орал Таңсық­баев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжіне түсіп үлгереді. Жас жігіттің ниеті мен табиғи талантын тап басып таныған ұстазы Хәкімжан Наурызбаев «шырағым, сен де өзім сияқты бойына даланың дархандығы дарыған жан екенсің» деп ұлт өнерінің өзегін бұзып, өңін айналдырып, бет-бейнесін бұзып бара жатқан еуропалық стильге еліктемей, жолымды қуатын жан табылды деп, ақтарыла қуаныпты.

Осылай әйгілі Наурызбаевтан дәріс алған Тілеуберді Мелдешұлы оқуын аяқтар тұста, диплом жұмысына «Клоун» дейтін та­қы­рыпта мүсін жасауды ұйға­рып­ты. Онысын сюрреализм сти­лінде атқарып шыққан. «Мұндай та­қырыпты таңдап алуыңызға не себеп?» деген сұрағымызға мүсінші: – үлкен қала Алматыға келіп, адамдардың шынайы бет-бейнесін білмей көп опық жедім. Адамдардың іс жүзінде жалған клоу­нға айналып кеткенін кейін білдім де, осы образды мүсіндегім кел­ді, – деді. Мүсінді көрген емти­хан комис­сия­сының мү­шелері бірауыздан мойындап, төр­аға Наурызбаевқа пікір айтуын өті­н­генде атақты мүсінші: «Әттең «ал­ты» деген баға болса ғой, мынау жұмыс «бес» деген бағаның ая­сына сыймай тұр» деген екен.

* * *
Коллежді аяқтаған соң Тікең қазақтың бәрінің басында бар шаруа – пәтер жалдаудың қиындығын 13 жыл көрген екен. Өзі айтады: «осы бір ауыр жылдарда, «әйелім бас­пана­лы болсақ деп армандайды, мен шеберханам болса екен деп армандаймын». Қазір мүсін­ші­нің арманы орындалған. Үлкен баспанасы және ауласында ашып қойған «Өнер орда­сы» атты музей-шеберханасы бар. Мұнда стиль­дік жағынан сонау ХІІІ ғасырға тән көне түр­кілік мұралардан бастап, мыңдаған жәдігер ор­на­ласқан. Кезінде халық мұрасының жанашы­ры Өзбекәлі Жәнібеков марқұм осындағы мү­сіндерді кө­ріп, Тікеңді «сен нағыз дала ака­демигі екенсің» деп бағалаған дейді. 

Сөз соңында бойына ұлттық мұратты толық сіңірген талантты ағамызға «қазіргі қазақ мү­сін өнері жайлы пікіріңіз қандай?» деген сұ­рақты қойып едік, осы сауалды күтіп отыр­ғандай Тілеуберді Мелдешұлы күңіреніп жүре берді. – Қазіргі қазақ мүсін өнерінің соры – қал­та­лылардың өз ата-бабасына арнап, мүсін орнатуы  етек алып барады, бұл талғамды жоятын болды. Өнер адамдары ақша үшін осылай халтура жасауда.

Екіншіден, Елбасы Н.Назарбаев айтқан тарихи сананы жаңғыртып, ұлттық кодты оятуда мүсін идеясының ма­ңызы зор. Бірақ осының құнын тү­сірдік. Кеңес кезінде барлық ауылда, барлық қалада Ленин ескерткіші тұратын, дәл сол сияқты барлық ауылда бір-бір батыр бар және бірінен-бірі аумайды. Әр­кім ойына келгенді істеп жатыр. Егерде ұлттық кодты оятқымыз келсе, қазақ фольклорындағы өлмес кейіпкерлер: Тазша бала, Қожа­насыр, Алдар көсе, тағы сол сияқты ертегі кейіпкерлері – Таусоғар, Көлтауысар, Жел­аяқ­тарды неге сом­дамасқа, – дейді. Бұл пікір біздің де көкейге қон­ды. Расында, қазақтың байырғы танымы фоль­клор емес пе?! Оны кейіпкерлер арқылы жаң­ғыртудың жөні бар екені де шындық.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, 
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2018

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға арналған баспасөз мәслихаты өтті

22.07.2018

Білім гранттарының 70 пайызы «ІТ» мамандықтарына бөлінеді

22.07.2018

Қызылордада 18 ауылшаруашылық кооперетиві құрылды

22.07.2018

Шемонаиха тұрғындарына баспана кілті тапсырылды

22.07.2018

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

21.07.2018

Денистің дара жолы

21.07.2018

ЖСҚ-ны әзірлеу ісі сылбыр

21.07.2018

Атыраулықтар Денис Тенмен қоштасты

21.07.2018

Тараз қаласына Денис Тенді еске алуға арналған баннер орнатылды

21.07.2018

Денис Тенді еске алу шаралары Өскемен мен Семейде өтті

21.07.2018

АҚШ-тың атақты хореографтары Астанада шеберлік сыныптарын өткізеді

21.07.2018

Қостанай облысында жыл басынан бері қылмыс азайған

21.07.2018

Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

21.07.2018

Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

21.07.2018

Қостанай облысында жаз басталғалы 12 адам суға кетті

21.07.2018

Астаналықтар Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыс таба алады

21.07.2018

Қызылордада «Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету» атты республикалық семинар өтті

21.07.2018

Қостанайда Дениспен қоштасу рәсімі өтті

21.07.2018

Қостанайда Ұлы Отан соғысының ғасыр жасаған ардагері ұлықталды

21.07.2018

Денсаулық сақтау министрлігі алты айдың жұмысын қорытындылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Атақ қымбат па, абырой қымбат па?

Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылд­ай­ты­ны­мыз­ды бәрі біледі. Айта­лық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу