Қазақстан • 21 Наурыз, 2018

ЭКСПО кешені аумағында Наурыз мейрамына тойлауға 10 мыңнан астам адам келді

479 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЭКСПО туристік аумағында Наурыз мейрамы алғаш рет тойланды. Ұлыстың ұлы күнін тойлау аясында «Нұр Әлем» - «Болашақ энергиясы» мұражайының іргесінде киіз үйлер тігіліп, шатырлар орнатылып, ұлттық дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарды баяндайтын театрландырылған қойылымдар өткізіліп, спорттық ойындар ойнатылып, қазақ мәдениеті мұражайларында дәстүрлі қолөнер туындылары ұсынылған.

ЭКСПО кешені аумағында Наурыз мейрамына тойлауға 10 мыңнан астам адам келді

Әйгілі шеберлер зергерлік, кесте тігу өнері, ағашты ою, темірді көркемдеп өңдеу, дәстүрлі тоқымашылық, қамшы өру және т.б. қолөнер бұйымдарын ұсынды. Мерекелік іс-шараға шығармашылық ұжымдар, би топтары мен белгілі орындаушылар жұмылдырылған. Қонақтар ыстық бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татуда.

Наурыз мейрамы ертең, 22 наурыз күні сағат 10.00-де жалғасын таппақ. ЭКСПО туристік аймағының нысандары болса, қараңғы түскенше жұмыс істейді. Мейрамға келген қонақтар «Нұр Әлем» - «Болашақ энергиясы» мұражайы мен Үздік тәжірибелер аймағын сағат 21.00-ге, ЭКСПО мұз айдынын 23.00-ге дейін тамашалай алады.

Бұдан бөлек, ЭКСПО-2017 аумағында келушілердің жайлылығы үшін 1000 автоорындық жерасты тұрағы қарастырылған. Тұрақ тәулік бойы жұмыс істейді, оған кіру/шығу Т. Рысқұлов көшесі жағынан (оңтүстік кіру тобы) жүзеге асырылады.

Көрме аяқталғаннан кейін туристік аймақтағы ЭКСПО-2017 мұрасының ең маңызды нысаны, сөзсіз, «Нұр Әлем» павильон-мұражайы болып табылады. Ол 2017 жылғы қарашада ерекше қорғалатын мемлекеттік сәулет нысаны болып танылды.

Сондай-ақ, «Нұр Әлем» шетелдік БАҚ-та елордамыздың жаңа символы Астананың ең жиі ескерілетін туристік нысаны қатарында.
Үздік тәжірибелер аймағы – ЭКСПО-2017 символикалық орталығы. Онда ең үздік технологиялар, жобалар мен әртүрлі энергетика саласындағы стратегиялар ұсынылған. Онда өнеркәсіпте, электрқуатын сақтау мен қолдану, климаттың өзгеруімен күрес немесе дамушы елдерде электрэнергиясымен қамтамасыз ету жолдары қарастырылған.

Көрме кешенінің маңында Конгресс-орталығы орналасқан. Конгресс-орталығында ауқымды мәдени ойын-сауық шаралар, тақырыптық форумдар мен концерттер өткізуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Энергия холы - камералық концерттер, өнер топтарының қойылымдары  үшін жоғарытехнологиялық дыбыстық құрылғыларымен жабдықталған, көпфункциялы сахна алаңы.