Ләйлә Сқақова: Грим – өте кірпияз өнер. Бір актерге 1,5-2 сағат уақытымызды арнаймыз

Грим – өнер. Яғни гример образ жасайды. Біз әркімнің жас ерекшеліктерін ескеріп, соған сай грим саламыз. Жоқ кейіпкерден бар жасау – гримдеушінің шеберлігі.

Егемен Қазақстан
27.03.2018 3601
2

– Грим жасау әлемдегі ең оңай кәсіп шығар, ә?..

– Алдыңда отырған адамның бетін дайын бояумен әрлеуден жеңіл жұмыс бар ма?..

Өнерге қатысы жоқ үш адамның кемінде екеуі гримдеуші маманға  осындай сауал қойып, дәл осылай таңырқаныс сезіммен қарайды. Расымен де, сырттай ғана барлап, ой түйген кісі үшін солай сезілуі де, көрінуі де заңдылық. Себебі  театрға келген өнер саласынан алыс кез-келген көрермен спектакль сыйлаған ғаламат әсерді тек режиссер мен актердің еңбегіне балайды да, сахна сыртындағы кәсіп иелерінің маңдай тер ізденісі әрдайым шымылдықтың арғы бетінде ескерусіз қалып қояды.  Әйтсе де, ол бекер! Сіз сүйсіне тамашалаған қойылым мен актердің сахнадағы сұлулығы – аталған мамандық иесінің  ізденісі мен қиялына тікелей тәуелді.  Грим өнерінің көпшілік көрермен біле бермейтін қиындығы мен құпиясы жетерлік.  Ол – бояу тілі арқылы кейіпкерін сөйлетеді.  Бір қызығы –  бүгінгі кейіпкерімізге өзінің көпшілік үшін түсініксіздеу, жұмбақ мамандығы қатты ұнайды екен. Кәсібі секілді өзі де құпия болып қалғысы келеді. Әйтсе де, біз осы бір қызық кәсіпке тән ол қағиданы бұздық.  27 наурыз – Халықаралық театр күні қарсаңында гримдеу маманы Ләйлә Сқақовамен кездесіп, сахна әлемінің кірпияз саласынан сыр суыртпақтаған едік.

Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының грим цехының меңгерушісі Ләйлә Сқақованы іздеп грим бөлмесіне қарай бет алғанымызда, қас қарайып, ымырт үйіріле бастаған шақ болатын. Әдейілеп осы уақытты таңдадық. Себебі жұмыс процесін көзімізбен көргіміз келді. Иә, бұл сәт сахна сыртының қызметкерлері: грим, костюм, реквизит пен бутафор мамандары жұмысының қызған шағы. Біз іздеген кейіпкер де дәл сондай қарбалас үстінде екен. М.Шевренің «Ізгілік формуласы» комедиясы жүріп жатыр. Гримін келістіріп жасатқан актерлер риза кейіпте алғыстарын айтып, кезегімен сахнаға алаң­сыз шығып барады. Бірақ әрлеу­ші­де тыным жоқ. Спектакль бас­тал­ғаннан аяқталғанға дейін айна мен бояуларының жанынан бір елі алыстамады. Бұл – маманның өз ісіне, кәсібіне деген жауапкершілігі, махаббаты еді.

– Грим мамандары қалай ізденеді? Рөл бекітілді, пьеса қолдарыңызға тиді. Ендігі жұмыс қай бағытта жүзеге асырылады?

– Ол әр қойылымның өз ерекшелігіне қарай жүреді. Мәселен, заманауи спектакль­дерге қарағанда, тарихи кейіп­кер­лердің, елге белгілі тұл­ғалар­дың сахналық бейнесін жасау үшін жан-жақты ізденуге тура келеді. Кітаптар мен журналдарды, тарихи деректерді қараймыз. Кинолар мен таным­дық фильм­дерді де жан-жақты ақпарат алу үшін пайдаланамыз. Әрине театр мен кино гримінің арасын­да үлкен өзгешелік бар. Дегенмен кейіп­кер бейнесін ашуда, қиялыңдағы мінез штрихтарын байытуда мұндай ізденістердің де маңызы зор. Грим – өте кірпияз өнер. Әр детальді ойнату үшін жанталасамыз, күні-түні ізденеміз. Кейде қойылым алдында бір актерге 1,5-2 сағат уақытымызды арнаймыз. Бұл – әсіресе, портретті бейнелерге тән. Сонымен қатар бояумен ғана шектелмей, сақал-мұрт, шаш деген дүниелерді де өзіміз тоқып, өзіміз жасаймыз. Бұл да – үлкен еңбек. Одан кейін, әрине өзіңнің қиялың, таным көкжиегің мен талғамың, кәсіби біліктілігің де жетекші рөлге ие. Біз де өзімізше суретшіміз ғой. Қылқалам шеберлері кенепке салса, біз қиялымызды кейіп­керіміздің бетінде бедер­лейміз. Суретшілердің еңбегі ғасырлар жасайды, ал гримдеушінің жұмысы сахнада ең ұзақ дегенде 2-2,5 сағат қана «өмір сүреді». Одан кейін сүртіліп қалады. Бар айырмашылығы осында ғана.

Есесіне, грим маманының еңбегі театрға келген әр көрер­меннің жүрегінде сақталады. Кейіп­керінің сахналық кілті табыл­са, тіпті аңыз болып ғұмы­ры ғасырдан ғасырға жалғасады. Мәселен, кезінде қазақ сахнасында талай бейнелерді кемеліне келтіре бедерлеген Сергей Гуськов деген суретші-гримдеуші өткен. Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұловтардан бастап талай актердің рөлінің бағын ашқан аса талантты суретші болған деп жазылады естеліктерде. Сол секілді әр дәуірдің өз шебері болады. Ләйлә Қапсәметқызы сондай таланттардың шоғырында. Бұл кісі де сахна әлеміндегі 38 жылдық ғұмырында Абылай хан, Кенесары, Абай, Сәкен, Әміре, Құнанбай, Зере, Мұқағали, Шәмші сынды қайраткер тұлға­ла­рымыздың бейнесін актер жү­зінде сәтті бейнелеп келеді. Өзі шымылдықтың арғы бетінде жүргенімен, әр жасаған жұмысы сахнадан жарқырай тіл қатады.

– Өзіңіздің жасаған бейне­лер­дің ішінде сәтті шықты деп қандай жұмыстарыңызды айтар едіңіз?

­– Әрбір жұмыстың өз қиын­дығы мен өз ләззаты болады. Әрқайсысы өзінше ыстық. Әйт­се де Қанат Жүнісовтің «Сә­кен – сұңқар» қойылымында жаса­ған Сәкен бейнесі өзіме ерекше ұнайды. Сол сияқты Абылай хан, Шәмші бейнелері де көңілімдегідей шықты деп ойлаймын. Маған, жалпы, харак­терлі кейіпкерлердің образын жасаған ұнайды. Сол секілді порт­реттік бейнелерді де ерекше қызы­ғушылықпен жасаймын. Әрине портрет үлкен жауап­кершілік жүктейді, жан-жақ­ты ізденісті талап етеді. Грим­нің қызығы да сол ізденісінде шығар. Ал шығармашылық ләззат оңайлықпен келмейді. Біз де шығармашылық адамымыз, шабытқа, көңіл күйге тәуелдіміз. Шабыттанып кетсем, қолым өзінен өзі жүре бастайды. Яғни ішкі көңіл күйге байланысты әр кейіпкер әр түрлі туады.

– Грим маманы өзіне ең әуелі қандай талап қоюы керек?

– Ең бірінші өзінің маман­ды­ғын сүюі керек. Сонда сахнада нағыз өнер туады. Бірақ өкінішке қарай, соңғы кезде гримді косметикалық мақсаттағы әрлеу­мен (макияжбен) шатастырып жүр. Бірақ екеуінің жолы да, мақсаты да бөлек. Грим – өнер. Яғни гример образ жасайды. Біз әркімнің жас ерекшеліктерін ескеріп, соған сай грим саламыз. Жоқ кейіпкерден бар жасау – гримдеушінің шеберлігі.

– Рөлге бекітілген актердің түр-келбеті, антропологиялық ерек­шеліктері кейіпкерге сай кел­месе, ондай сәтте тығы­рық­тан қалай шығасыздар?

– Бұл – гримдеушінің нағыз шыңдалар шағы (күлді). Өйкені біз тек бояуға ғана тәуелдіміз. Кино­да­ғыдай арнайы эффектілер театрда жүрмейді. Барлығы бояу мен салыну шеберлігіне байланысты. Арасында шаш, сақал, мұрт сияқты қосалқы әрлегіш құралдарды да пайдаланамыз. Бірақ негізінен, сәтті грим таза бояу мен жарыққа тіке­лей тәуелді. Гримнің сұлу­лығын ашуда жарықтың рөлі үлкен. Жалпы, кез келген бояу жарыққа ойнайды ғой. Бірақ өкінішке қарай, қазақ театрларында жарық қою мәселесі әлі де толыққанды шешілген жоқ. Сол себепті көп жұмыстарымыз көмес­­кіленіп, көрінбей де қалып жатады. Сахнаның «көзі» ашыл­са, кейіпкердің де кілті табы­лады. Кейде жарықтың жоқ­тығы гримердің еңбегін жоққа шығарып жібереді. Осы тұрғыдан келгенде, кино мен телевизиялық жобалардың жолы болғыш.

– «Грим – мінезге байланысты» деп қалдыңыз. Кейіп­кердің мінезін бояу арқылы шешесіз. Ал алды­ңызға келген актерлердің сан түрлі мінезімен қалай жұмыс істейсіз? Актер деген эмоцияналды халық дегендей...

– Үндемей (күлді). Бізде ондай жайттар көп болмайды. Бірақ актердің көңіл күйі болмай келген кейбір сәттерде үндемейміз. Мұндайда басты досымыз – түсіністік және сабыр. Қандай жағдайда да эмоциямызды іште ұстаймыз. Өйткені олар – актерлер. Сахнаға шығады, халықпен тілдеседі. Сондықтан да әр актер­ді еркелетеміз. Ал біз – шымыл­дық­тың артындағы адамдармыз ғой. Көрінбейміз. Және осы құпиялау, көпшілік үшін бей­мә­лімдеу кәсібіміз ұнайды өзімізге. Керісінше, көпшілік алдына шығудан қашамыз. Тіпті ұяламыз да. Біз үшін жұмысымыз сөйлейді...

Әңгімелескен

Назерке ЖҰМАБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу