Cұлушаш Құрманбекова: Жаңғырудың тірегі – ұлттық тіл

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ұлттың өткенін тануға, келешегіне байыппен қарауға үндейтін құнды дүние.

Егемен Қазақстан
02.04.2018 6771
2

 Бұл орайда ғасырлар бойы қалыптасқан ана тіліміздің ахуалы қандай, сондай-ақ қазақтың көрнекті тұлғаларының халыққа насихатталуы қай деңгейде? Өңірлерде оларға мектеп, көше аттарын беру жұмыстары мен Елбасы мақаласында көрсетілген латын әліпбиіне көшуге байланысты нақты қан­дай жұмыстар атқарылып жатыр? Осы мәселелер төңірегінде Жамбыл облыстық тіл­дерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбековамен сұхбаттасқан едік.

– Сұлушаш Сәтбекқызы, Елба­сы­ның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақа­ласында латын әліпбиіне көшу жайында кеңінен айтылды. Бүгінгі таңда өңірде осы айтулы бастамаға деген қолдау қандай? Нақты қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

– Елбасы осынау маңызы зор, мәртебесі биік мақаласында «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бас­тауымыз керек. Біз бұл мәселеге не­ғұр­лым дәйектілік қажет­тігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кі­рісуге тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайын­далдық» деді. Қазақ жазуының латын гра­фикасына негізделген әліпбиге көшуі елі­мізді рухани жаңғыртудың басты өзегі бол­мақ.

Облыста қазақ жазуын латын графикасына көшіру мәселесін кеңінен насихаттау мақ­сатында бекітілген желілік кестеге сәйкес барлығы 1019 іс-шара өткізілді. Об­лыстық тілдерді дамыту басқармасы қазақ жазуын латын графикасына көшіру жұ­мыстарын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында 3 әлеуметтік жоба жариялап, соның аясында 51 іс-шара өткізді.

Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассам­блеясы мемлекеттік тілдің латын гра­фика­сындағы әліпбиінің бірыңғай стан­дартын енгізу мәселелері туралы Бір­ыңғай республикалық күнге орай «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық фи­лиалы мен облыстық бұқаралық ақпа­рат құралдары өкілдерінің, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқы­тушыларының, зиялы қауым өкілдері мен тіл жанашырларының, білім беру ұйымдарының қазақ тілі пәні мұғалім­дерінің қатысуымен өткізілген «Латынға көшу – заман талабы» тақырыбындағы басқосуда қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру мәселесі кеңінен талқыланды.

Өз кезегінде республика мен об­лыс­­­қа танымал ғалымдардың қаты­суы­мен өткен «Жаңа әліпбиге көшу – өркениеттік таңдау, ұлттық модер­низацияның, жаңғырудың мызғымас бөлігі» атты дөңгелек үстел оты­рысында парламенттік тыңдауда ұсы­ныл­ған әліп­би нұсқасы жобасының жетіс­тігі мен кемшілігі туралы кеңінен айтылып, ұсыныстар берілді. Сонымен қатар елімізге белгілі Шерубай Құр­ман­байұлы, Ерден Қажыбек сияқты ға­лымдар өңірімізге келіп, қолдау көрсетті. Мұндай жұмыстар облыс ор­талығында ғана емес, аудандарда да жал­ғасын тауып келеді.

– Бүгінде үш тілде білім беруді да­мыту маңызды міндет болып отырғаны белгілі. Еліміздің келешегі жас­тар десек, жастардың көп тіл біл­гені дұрыс-ақ. Өңірде осындай дара­лы­ғымен ерекшеленген жастарға қан­дай қолдау бар?

– Облыста үш тілде білім беруді да­мы­ту бойынша 2017-2019 жылдарға ар­нал­ған кешенді іс-шаралар жоспарына сәй­кес «Полиглоттар клубы» құрылса, бар­лық аудандар мен Тараз қаласында «Тілдік алаңдар» ашылды.

Көп тілді меңгерген қабілетті жастар­ға қолдау көрсетіп, жан-жақты дамыған бәсе­кеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мақса­тында бірнеше тілді меңгерген жас­тар арасында «Көп тіл білу – бас­ты міндет» атты облыстық полиглоттар­ форумы өткізілді. Шара барысында Абай­дың қарасөздерін қазақ, орыс, ағыл­шын, неміс, француз, түрік, қытай, ис­пан, қырғыз, өзбек, кәріс тілдерінде орын­дап, облыс көлемінде жинақталған мәлі­мет бойынша 300 по­лиглоттың іші­­нен Тараз инновациялық-гу­­ма­нитар­­лық университетінің инженер-бағ­дарламашысы, 7 тілді жетік меңгерген полиглот, «Болашақ» бағдарламасының түле­гі Нұрсұлтан Әлімбек, Тараз қа­ла­­сын­дағы Назарбаев зияткерлік мек­тебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалі­мі, 6 тілді жетік меңгерген және республикалық «Тіл – тұнық ойдың кәусары» олимпиадасының бас жүлдегері Балжан Амангелдіқызы, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің аудармашысы, 7 тілді жетік меңгерген Сабина Жақсылықова өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды бірнеше тілді меңгеруге шақырды.

Сонымен бірге үш тілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын» олимпиадасы, «Тіл – парасат» облыстық байқауы және «Тіл – татулық тірегі» жас­тар форумы мен мектепке дейінгі ұйым­дардың тәрбиеленушілері арасында «Мен көп тіл білемін» атты жаппай акция ұйымдастырылды.

– Егемен еліміз үшін атау мәселесі де өзекті. Мәселен, жер-су аттарын бі­лу, қазақ даласында өмір сүрген ой­шыл­­дарды тану сияқты мәселелер бар. Бүгінде облыста атауларды жаңар­ту, идео­­логиялық тұрғыдан ескір­ген көше ат­тарын ауыстыру сияқ­ты жұмыстар қай­ деңгейде?

– Шығыстың кемеңгер ойшылы Кон­фуций осыдан екі мың жыл бұ­рын Қытай билеушілерінің біріне мем­лекеттегі істерді оң жолға қоюды атау­ларды дұрыстаудан бастау керектігі туралы «Егер атаулар дұрыс болмаса, сөз­дердің негізі болмайды. Сөздердің негізі болмаған жағдайда іс те жүрмейді және халық та не істерін білмейді», деген екен. Ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов «Біз­дің қазақ – жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге бар­саң да жер, су, жапан түзде кез­дескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады», десе, халқымыздың біртуар перзенті Шоқан Уәлиханов «Көне түркі салт-сана, әдет-ғұрпының қаймағы бұзыл­маған қазақтарда өмірдің бір саласын қамтитын тарихи оқиғалармен байланысты жер-су атаулары, адам аттары, тағы да басқалары есте сақталып, атадан балаға жалғасып жатады», деп жер-су атаулары елдің болмысы, салт-дәстүрі, тілі-діні екенін, ешқашан жөн-жосықсыз, ойсыз-мәнсіз кездейсоқ қойы­ла салмағанын білдіреді.

Сондықтан еркіндігімізді қастерлеу мен елдігімізді ұлықтауда тарихи жер-су атауларының алар орны ерекше. Бүгінгі ономастика – жай ғана тарихи-мәдени мұра емес, рухани-танымдық, қоғамдық-сая­си маңызы бар мәселе. Қазіргі таңда ел өмірінде ұлттық ономастиканы дамыту мен өркендету ісі өзекті мәселелердің біріне айналды. Ел тәуелсіздігімен қатар, ұлттық ономастиканың проблемалық көкжиегі кеңейе түсіп, негізгі ғылыми-теориялық мәселелері өзінің оң шешімін таба бастады. Оның айқын дәлелі – Алтай мен Атырауға дейін созылып жатқан кең-байтақ елімізде отандық ономастика талаптарына сай тарихи және топонимикалық атаулар ел ортасына оралды. Өскелең ұрпақ өткен тарихымен жақын танысып, ұмыт бола бастаған атау­­­­лар­мен жүздесті.

Тәуелсіздік алған 26 жыл ішінде об­лы­сы­мызда аудан, ауыл, кент, стан­салар­­дағы көше атауларын өзгер­ту, жаңарту жұмыстары белсенді жүр­гізілді. 146 елді мекен, 172 нысан, 1924 көше атаулары жаңғыртылып, ұлт­тық рухымызды көтеретін атаулармен ауыстырылды. Соңғы жылдары облыс­тың топонимикалық кеңістігін реттеу және оны шешу жолдарын анықтау, ұлттық ономастиканы дамыту мәселелері күн тәртібінен түскен емес. Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде, тілдік орта мен ұлттық дәстүрдің қаймағы бұзылмаған біздің облысымызда көптеген географиялық-физикалық және тарихи атаулар мен ұлы тұлғалардың есімдері елді мекендер мен оқу орындарына берілді.

Мәселен, өткен жылы облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 3 отырысы өткізіліп, онда 1 ауылдық округ, 6 елді мекен, 1 саяжай, 237 көшені қайта атау туралы ұсыныстар оң шешімін тапты. Сондай-ақ, облыстық маңызы бар Тараз қаласындағы мағынасы ескірген 238 көше мен атауы жоқ 3 шағын ауданды, 25 көшені тарихи жер-су атаулары мен ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Рес­публикалық оно­мастика комиссиясында қаралып, оң қорытынды қабылданды.

Рес­публикалық ономастикалық комиссия­ның оң қорытындысы негізінде Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің қау­лы­сы қабылданып, 8 мектеп пен 1 кітап­ханаға халқымыздың мемлекет және қоғам, мәдениет қайраткерлері мен халық қаһарманының есімдері берілді. Сон­дықтан жер атын, елді мекен, көше атау­ларын өзгерту ең алдымен елдікке, халқымыздың болашағына, келешек ұр­паққа керек. Бұл – сана тәрбиесінің өзекті саласы, аса маңызды буыны.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу