05 Сәуір, 2018

Бурабайдың аққайыңдары...

702 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бурабай аққайыңдары – тұнып тұрған лирикалық образ. Аққайың – сұлулық пен нәзік­тіктің, сыршылдық пен м­а­хаббаттың пәк бейнесіне ай­налған, желегі жібектей есіл­ген көркем де керімсал кер­без ағаш. Аққайың – өлең, аққай­ың – өзегіне өмірдің шырын сөлін жиған табиғаттың тұн­ық тұмасы. 

Бурабайдың аққайыңдары...

Бір ғажабы, ор­манды алқаптарда шоқтала да өсетін, қатарласып та, жеке-дара да бой түзейтін ақ­қай­ыңдар қашанда адам жа­ны мен сезімін ең алдымен ақ ­жүзді сырлы сымбатымен баураған. Бурабайдағы қа­лың қарағаймен араласа үй­лесіп, бауырласа үндесіп, бір-бірінен ажырамай өсетін осы бір ағаштардың тіршілігі ме­ні еріксіз таңғалдырады. Сон­дықтан ба екен, сұлу желекті көркем аққайыңдарға көз салмай кете алмайтын қашанғы дағдымнан айнымай келемін. Бурабай қарағайлары өзіне еншілес те етенелес ақ­қай­ыңдарды үнемі аясына алып, аялап тұрғандай әсер­ге бөлейді мені! Қарағай мен аққайың Бурабайда дәйім де өздерінің осындай егіз болмысымен өзге ағаштардан өзгешеленіп өмір сүретін тәрізді көрінеді маған: қарағай – жігіт, аққайың – қалыңдық. Міне, табиғат бейнесіндегі нағыз махаббат аңызы. Айтыңызшы, аңыздар өлкесінде басқаша болуы мүмкін бе!..

Мәди АЙЫМБЕТОВ,

жазушы