Үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі жоғары

Елімізде Үкімет тарапынан «үшінші сектордың» бастамаларын қолдауға айтарлықтай назар аударылып келеді. Азаматтық қоғамның мүшелері саналатын үкіметтік емес ұйымдар, биылғы жылы да мемлекеттік гранттарға қатысып, бақтарын сынап, біліктіліктерін арттыруға ниетті. Ұсынылған жобаларға қоғам қайраткерлері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған арнайы комиссия баға беріп, жылдың грант иелерін анықтайды.

Егемен Қазақстан
05.04.2018 18989
2

Өткен жылы грантты жобаларды жүзеге асыруға 618,5 млн теңге бөлініп, 57 жоба оң нәтиже көрсеткен. Соның ішінде 39 әлеуметтік қызметтер құрылып, ақпарат, білім, кеңес беру және әлеуметтік қызметтер көрсету жанданған. Бұған қоса, 35 зерттеу, 400-ге жуық оқыту шаралары жүргізіліп, бұл бастамаларға 39 ұлттық және 7 халықаралық сарапшылар тартылған.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі биылғы жылдың еншісіне 956 млн теңгеге 11 бағыт бойынша 87 жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Оған қатысуға 202 үкіметік емес ұйымнан 352 өтініш келіп түскен. Соның ішінде 251-і қабылданып, қалған 176,5 млн теңге көлеміндегі 23 грант бойынша байқаудың қорытындысы таяуда анықталмақ.

Мемлекеттік грантқа ұсынылған жобалардың ішінде жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша шаралар кешенін өткізу, жас жазушы-ақындардың және журналистердің шығармашылық әлеуетін дамыту, кәмлетке толмаған балалармен жұмыс бойынша әлеуметтік қызмет құру, ауылды аймақтардағы тұрғындардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын анықтау сынды мәселелер назарда болмақ.

– Бізде үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен мемлекеттік гранттар республика деңгейінде жүргізіліп келеді. Оған арнайы құрылған комиссия бекітілген шарттар бойынша талдау жасап, шешім шығарады. Тапсырыстар мен гранттарға ұсынылған жобалардың баға жүйесі бірдей. Айырмашылығы сол, мұнда гранттық жобаларды жеңіп алған ұйымдар түйіткілді мәселелерді шешудің нақты жолдарын қарастыруы тиіс. Сондай-ақ гранттық жобаны жүзеге асырумен қатар, бөлінген қаражаттың 10 пайызын ұйымның дамуына жұмсауға мүмкіндік туып отыр. Биын 15 тақырып бойынша 50-ге жуық жобаны қарадым. Сапа жағынан айтарлықтай ілгерілеушілік бар, – деді Парламент Мәжілісінің депутаты, комиссия төрағасы Серік Тұрарұлы.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

Қазақстанның ірі электр стансалары жылыту маусымына толық дайын

21.11.2018

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

21.11.2018

«Хат қоржын»

21.11.2018

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл үкімет басшысына жүгінді

21.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың жеті қыры

21.11.2018

Орта білім беруді жаңғыртудың жаңа жобасы

21.11.2018

Елімізде жол-көлік апаттарынан болатын адам шығыны көп

21.11.2018

Ынтымақтастық арта түседі

21.11.2018

Жастарды қолдауға арналған бастама

21.11.2018

НУ ма­гис­трант­та­ры «Қазцинк» компаниясында тәжірибеден өтпек

21.11.2018

Денешынықтыру пәні пән емес пе?!.

21.11.2018

Байқау жеңімпаздары анықталды

21.11.2018

Тараздықтар халық қаһар­маны Ғазиз Байтасовты еске алды

21.11.2018

Аян беріп шақырған ағам еді...Баққожа Мұқай туралы естелік

21.11.2018

Аймауытов мұрасы жаңартылған білім мазмұны бағдарламасында басшылыққа алынды

20.11.2018

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

20.11.2018

Қайырымды қала тұрғындары тегін дүкен ашты

20.11.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Албания Республикасының Еуропа істері және сыртқы істер министрімен кездесті

20.11.2018

Қ.Тоқаев Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатиді қабылдады

20.11.2018

Павлодардағы электр қуаты 4 процентке төмендеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу