Талғат Мұсабаев ғарыш саласындағы маңызды мәселелерді көтерді

Еліміздің ғарыш саласындағы төмендегідей өзекті мәселелерді айтып, Үкімет басшысы Б.Сағынтаевқа депутаттық сауалмен ұсыныстар жолдадық.

Егемен Қазақстан
09.04.2018 8561
2

1. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің қарамағында 7 кәсіп­орын бар: «Инфракос» ШЖҚ РМК, «Ғарыш-Экология» ғылы­ми-зерттеу орталығы» ШЖҚ РМК, «Бәй­терек» Қазақстан-Ресей бірлес­кен кәсіпорыны», «Республи­калық ғарыштық байланыс орта­лығы», «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК», «Ұлттық ғарыштық зерттеу­лер мен технологиялар», «Ғалам» ЖШС. Қазғарыштың осы кәсіпорын­дарының басқарылуы бәрінде ак­ционерлік қоғам формасында ұйым­дастырылған, осының өзі қабыл­данатын шешімдердің жеделдігін және бірінші басшылардың жа­уапкершілігін қамтамасыз етеді. Ал алқалық басқару формасымен құрылған «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК мемлекетке 450 млн теңге («Есіл» зымырандық-ға­рыштық кешенін құру жобасында және 392 млн теңге «Сарышаған» полигонына жабдықтар алу кезінде) залал келтірудің алдын ала алмады. Сондықтан бір адамның бас­қаруындағы форманы мұнда да қалдырған жөн.

2. Ғарыштық аппараттарды құрастыру-сынау кешенін іске қосу 2018 жылдың аяғына жоспарланған. Бұған ғарыштық техникалардың Арнаулы конструкторлық-тех­но­логиялық бюросы да енгізілген. Осы бюроның жұмысы қазірдің өзінде аяқталды, басқаларының технологиялық жабдықтарды монтаждау жұмысы әлі аяқталған жоқ. Сондықтан Аэроғарыш комитеті конструкторлық-техникалық бю­роға 2018 жылдың алғашқы жартысында бөлек ғимарат беруі керек деп санаймыз.

3. Соңғы үш жылда «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК 2011-2020 жыл­дарға арналған стратегиясына түр­лі қатысты министрліктер өз өзге­рістерін енгізу үстінде, соның кесі­рінен стратегия әлі күнге бекі­тілген жоқ. Үкімет тез арада осы стра­тегияны бекітіп, Елбасы алға қойған міндеттерді шешетін келесі онжылдықтағы жоспарларды дайын­дауға кірісетін мезгіл жетті.

4. 2009 жылдың 6 қазанында Қа­зақстан мен Франция үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес «Қа­зақстан ғарыш сапары» ҰК-нан Қазақстан-Франция бірлескен кәсіпорыны «Ғаламға» берілуге тиісті мүліктер екі метрден жоғары түсірілген ғарыштық түсірілімдерді таратпау жөніндегі шектеуге және салықтық әкімшілендіру мәселесінің шешілмеуіне сәйкес берілмеуі еліміздің ғарыштық жүйесінің дамуына кедергі келтіруде. Сондықтан екі елдің арасындағы осы келісімге өзгерістер енгізу керек.

5. Бүгінгі таңда ғарыштық саланың дамуын тежеп отыр­ған фак­­торлар қатарына квази­мем­ле­кеттік сектор мен кәсіпкерлік субъ­екті­лерінің ғарыштық технология­лар­ды енгізудегі деңгейінің тө­мендігін қосуға болады. Оның негізгі себебі ғарыштық іс-әрекеттердің нәтижелерін пайдалануға құқықтық тетіктердің болмауы. Сондықтан орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың қорғаныс пен қауіпсіздік мүддесіне бағытталған ғарыштық мониторингтері бюд­жеттік заңнамада көрсетілген тәр­тіппен Ғарыш жүйесінің ұлттық операторына берілуі керек.

6. 2009 жылғы 6 қазандағы Жер­ді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін және Ғарыштық аппараттарды құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы үкіметаралық келісімге сәйкес шектеулер бар – Үкіметаралық келісімнің 4-бабында қазақстандық тараптың ЖҚЗ ҒЖ-ны үшінші тарапқа француз тарабының алдын ала жазбаша келісімінсіз табыстамау міндеттемелері көзделген.

Қазақстанда бағасы 100 млрд теңгеден астам активті (ҚСК мен ЖҚЗ ҒЖ бағасы) сатып алатын инвесторлар жеткіліксіз екенін ескере отырып, ұлттық ғарыш компаниясын жекешелендіру шетелдік инвесторлардың қатысуымен немесе тікелей шетелдік инвесторлардың өзімен жүзеге асырылатын болады. Алайда, осы уақытқа дейін біз­дің Үкімет (Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-ны жеке­ше­лен­діретін кәсіпорындар тізбесіне енгізу бастамашысы ретінде француз тарапының тиісті жазбаша келісімін алу жөнінде шаралар қабылдамады) ЖҚЗ ҒЖ мен ҚСК-ны үшінші тұлғаларға қайта табыстауға Франция Үкіметінің жазбаша келісімін алған жоқ. Осы­лайша, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-ны жекешелендіру Қазақ­стан тарапынан халықаралық мін­дет­темелерді бұзуға және АҚШ пен Еуропа одағының тарапынан санкциялар енгізуге соқтыруы мүмкін.

Осыған байланысты, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-ны жеке­шелендіретін кәсіпорындар тізбе­сінен алып тастау ұлттық мүддеге сәй­кес болады. Бұдан басқа, бұл кәсіп­орын ерекшелік ретінде оған қос мақ­саттағы технологиялар табыстал­ған, НАТО-ға мүше емес жалғыз елде француз тарапының көмегі­мен құрылған қос мақсаттағы страте­гиялық нысанды (ЖҚЗ ҒЖ) пайда­ланады.

Премьер-Министр Б.Сағын­таевқа осы мәселелерді жеткізе оты­рып, оларды зерттеуді және ғарыш саласында осынау маңызды мәсе­лелерді шешу жөнінде қандай пәр­менді шаралар қабылданатынын айтуды сұрадық.

Талғат МҰСАБАЕВ,

Сенат депутаты, ғарышкер

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2019

Қазақстандық балалар фильмі халықаралық кинофестивальде жүлде алды

20.01.2019

ШҚО емханалары 100 тонна қағаз үнемдеді

20.01.2019

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 27 жыл толды

20.01.2019

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

19.01.2019

Ақмолалықтар мүгедектер үшін автобустардың қолайлылығын бақылауда

19.01.2019

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

19.01.2019

Филиппиннің ең бай адамы қайтыс болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу