Тимур Сүлейменов: Бес әлеуметтік бастама – Президенттің әлеуметтік жаңғырту саясатының ауқымды жалғасы

Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев Пар­ламент палата­ларыны­ң бірлескен отырысында әлеуметтік жаңғыр­туға бағытталған бес әлеуметтік бастама туралы жариялады. Бастама баспана, білім, бизнес және газбен қамта­масыз ету саласын қамтып отыр. Қазақстан Респуб­лика­сының Ұлт­тық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Егемен Қазақ­станға» берген сұх­баты­н­да осы бастамалар тура­лы кеңінен әңгімеледі.

Егемен Қазақстан
12.04.2018 5145
2

– Тимур Мұратұлы, Қазақ­станда көктем жағымды жаңа­лықтармен басталды. Мемлекет басшысы Парла­мент палаталарының бірлес­кен отырысында бес әлеу­меттік бастама туралы жария­лады. Бұлар шын мәнін­де ауқым­ды әлеуметтік жоба­лар­ға жол ашады деуге бола ма?

– Қазақстан азаматтарына арналған жаңа әлеуметтік жобаны іске қосу – бұл Президент бұрынырақта бастамашы бол­ған әлеуметтік жаңғырту сая­саты­ның жаңа, ауқымды деңгейдегі жалғасы. Президент жариялаған ауқым­ды бастама, шын мәнінде, тек ел экономикасының барлық маңызды салаларын қамтып қана қоймай, ақыр аяғында, бар­лық қазақстандықтардың әлеуе­тін нақты арттыруға бағыт­талған.

Еліміздегі қызмет көрсету, білім беру, құрылыс, өңдеу өнер­кәсібі, сауда, ШОК, банктік-қар­жылық және басқа да салалар осы өзгерістердің әсерін айқын «сезінетін» болады. Бір бастамалардың тиімді­лігін біз жүзеге асырған кезде бір­ден, қысқамерзімді келе­шек­те байқасақ, ал басқа бас­та­ма­лар­дың жақсылығын ұзақ­мер­зім­ді кезеңде көретін боламыз.

Мәселен, кем дегенде 25 мың орындық жаңа жатақханалар салу міндеті мен онымен бір мезгілде гранттарды 20 мыңға дейін көбейту қысқамерзімді келешекте қазақстандық жастарға қолайлы қаржылық және тұр­мыстық жағдай туғыза отырып, олардың әлеуетін дамытуға мүм­кіндік бермек. Сонымен қатар, жатақхана салудың муль­типликативтік әсері де бар: жеке құрылыс компаниялары, құрылыс материалдарын, жиһаз өндірушілер, басқа да бірқатар өзара байланысты салалар дамуға серпін алмақ. Сонымен бірге, жыл соңы­на дейін шағын және орта кәсіпкер­лік саласындағы да жағдай жақсаруы тиіс.

Президенттің 5 бастамасынан білетініміздей, өзін өзі жұ­мыспен қамтыған және жұмыссыз адамдардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін қосымша 20 млрд теңге сомасында несие бөлінетін болады. Әрбір отбасы үшін баспана алудың жаңа мүмкіндігі тиімді нәтиже бермек және қалың көпшілікке арналған тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Басқа екі бастаманың: салық жүкт­емесін азайту және елді ода­н арғы газбен қамтамасыз ету­дің нәтижесі 2019 жылдың өзін­де-ақ айқын сезілетін болады.

– Үкіметтің экономикалық блогының өкілі ретінде Пре­зи­денттің бес әлеуметтік баста­масының қайсысы Сізге жақынырақ және неліктен?

– Экономист ретінде маған ең жақыны – Президент жария­лаған «7 – 20 – 25» тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыру жөніндегі бастаманы жүзеге асыру міндеті.БҰҰ-ның әлеуметтік стандарттарына сәйкес, бір адамға арналған тұрғын үй көлемінің аумағы 30 шаршы метрден кем бол­мауы, ал өз қаражатының есе­бінен пәтерге ақша жинаудың қалыпты мерзімі 3,5-4,5 жыл болуы тиіс. Баспанамен қамтамасыз етудің қазақстандық көрсеткіші әзірге бұл нормативке жетпейді және бүгінде 21 шаршы метрді құрайды.

Қымбат емес, сапалы тұр­ғын үйге қол жеткізудің тым жоғары бағасы мен тапшылығы біздің қоғамымыздағы ең бір өткір әлеуметтік мәселе болып келеді, ал «7 – 20 – 25» бастамасын жүзеге асыру еліміз тұрғындарының басым көпшілігінің баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Бұл бастаманы жүзеге асы­рудың нәтижесінде қа­лың көпшілікке арналған тұр­ғын үйдің ипотекасына қолжетім­ділік артып, тұрғын үй саласы толықтай қайта жаңарады.Тұрғын үй құрылысы соңғы жылдарда құрылыс саласын дамытудың басым бағытына айналды.

Мемлекеттің «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ секілді институтты қолдауы және «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құры­лысы бағдарламасын жүзеге асыру жағдайды назарда ұстауға мүмкіндік туғызып, тұрғын үй құрылысы көлемінің күрт төмендеуі мен тұрғын үй баға­сының шарықтап кетуіне жол бермейді.

Бұл ретте «7 – 20 – 25» бас­тамасын жүзеге асыру тек ма­ңызды әлеуметтік-экон­о­ми­ка­лық мәнге ғана ие болып отырған жоқ. Құрылыс көлемінің ұлғаюы, онымен бай­ланысты өңдеу, жеңіл, химия, тау-кен өнеркәсібі, жиһаз, құрылыс материалдарын өндіру және т.б. салалардың дамуына жол ашады. Осылайша, бұл бағдарлама экономиканың өзара байланысты салаларына да мультипликативтік әсер етеді.

Аталған бағдарлама инвестиция тартуға, елдегі құрылыс саласын жандандыруға, оны жаңа қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге жағымды әсер етпек. «7 – 20 – 25» бастамасын жүзеге асыру Қазақстанның халықты сапалы тұрғын үймен қам­тамасыз етудің әлемдік стан­дарттарына жақындауына мүмкіндік береді.

– Сіздің көзқарасыңызша, аз жалақы алатын жұмыс­шыларға салық жүктемесін азайту секілді екінші бастама қаншалықты тиімді болады?

– Салыстырмалы түр­де аз жалақы алатын қазақстан­дық­тарды қолдау мақсатында Президент олардың салық жүк­темесін 10 есеге – 1%-ға дейін төмендетуды ұсынды. Жеке табыс салығы арқылы салық жүктемесін азайту айына ең аз есептік көрсеткіштің 25 есе мөлшерінен төмен еңбекақы алатындарға арналған. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, нәтижесінде, жалдамалы жұмысшылардың 1/3-інің жалақысы артады. Бұл көрсеткіш ҚР-дағы еңбек­ақы деңгейін саралауға жанама ықпал етеді.

Мәселен, ҚР ҰЭМ Статисти­ка комитетінің жалдамалы жұмысшыларды ішінара тексеру деректеріне қарағанда, жалдамалы жұмысшылардың (10% жоғары еңбекақы төленетін және 10% төмен еңбекақы төленетін) есептелген еңбекақысының саралау (алшақтық) коэффиценті 6,2 есені құрайды. Мәселен, ЕО-да аталған көрсеткіш 3,6 есе. Минимум (Халықаралық еңбекті ұйымдастырудың 2016 жыл­ғы деректеріне сәйкес) Нор­вегияда (2,3), максимум Лит­вада (4,4) тіркелді. Дамушы ел­дерде аталған көрсеткіш 10,9-ға (Үндістан) барады. РФ-да – 5,1.

Аз жалақы төленетін жұмыс­шылардың салық жүктемесін он есе азайту салық ауыртпалығын оңтайландыруды ынталандырады. Бұл теңдессіз қадам, 2 млн-нан астам жұмысшының еңбекақысы жұмыс берушіге қосымша ауыртпалық түсірмей-ақ, ұлғаяды дегенді білдіреді.

Қарапайым қазақстандық­тардың жалпы әл-ауқатының артуы ішкі сұранысқа қосым­ша серпін береді, демек, бұл ел экономикасының дамуын жеделдетеді.  Президент сондай-ақ табыс салығының прогрессив­тік ш­каласын енгізу мүмкіндігін зерттеу қажеттігіне назар аударды.

Егер жеке табыс салығының қазіргі жалпақ жүйесі, табысына қарамастан, барлығы үшін бір мөлшерлемені білдіретін болса, ал прогрессивтік шкала резиденттер үшін жалақысының көлеміне қарай салық салу мөлшерін өзгертуді бағамдайды. Сәйкесінше, адам неғұрлым көп табыс тапқан сайын, сонша­лықты көбірек салық төлеуі тиіс.

Бұл жерде, сөз жоқ, әлеумет­тік әділеттілік ұстанымы маңыз­ды бола түседі. Бұдан басқа, мұндай жағдайда, салықтың қайта бөлісу функциясы да артады. Бұл міндет барынша қызық­ты, сонымен бірге күрде­лі де. Оны экономикалық ахуалы­мыздың ерекшеліктері мен салық салу тәжірибесін есепке ала отырып, тыңғылықты пысықтайтын боламыз. Прогрессивтік шкаланы пайдалануға қатысты, про­грес­­сивтік салық салу әлемдік тәжі­ри­беде бар екендігін атап өтпекпін. Бұл ретте салық салудың бұл түрін енгізудегі табыстың кепілі дәлме-дәл салық ауыртпалығын анықтау, тиімді салықтық әкім­шілендіру, халықтың жоғары салық мәдениеті болып табылады.

Қазақстанның салық салу жүйесіндегі ЖТС прогрессивтік шкаласына әзірліктің алғашқы қадамы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға ортақ декларациялауды кезең-кезеңмен енгізу болып саналады. Бұл салық мәдениетінің деңгейін көтеруге, салықтық әкімшілендірудің тиім­ділігін арттыруға, еліміз­дегі, өңірлердегі және эконо­микалық қызмет түрлеріндегі прогрессивтік салық салудың нақты пайдасы мен шығындарын бағалауға мүмкіндік беретін халықтың жиынтық табысының негізін құруға ықпал етеді.

– Шағын несие беруді ұлғайтудың әлеуметтік салдары қандай болмақ?

– Сөз жоқ, жаппай кәсіп­керлікті дамытудағы айрықша тиімді құрал шағын несие беру тетігі болып табылады.

2017 жылы барлығы 32 миллиард теңге сомасындағы 7 200 шағын несие бөлінген екен. 2018 жылы халықты шағын несиелеудің жалпы сомасы 62 мил­лиард теңгеге дейін ұл­ғая­тын болады. Ауылдар мен шағын қалалардағы несиелеуге 14 миллиардқа жуық теңге бөлу жоспарлануда. Оның ішінде 10 миллиард теңге ірі ауыл шаруашылығы өңдеуші кәсіпорындарының айналасында якорлық кооперативтер жобасын жүзеге асыруға жұмсалады. Шағын және моноқалалардағы несиелеуге 6 миллиард теңге бөлінетін болады.

Нәтижесінде, несиеге қол жеткізіп, өз ісін жүргізетін аза­маттардың саны 14 мың адамды қамти отырып, екі есе ұлғаяды. Бұлар негізінен, ақша алып, жаңа жұмыс орнын құратын ауыл адамдары болмақ.

Жұмыспен қамтумен қатар шағын несие беру көлемінің ұлғайтылуы қосымша жұмыс орнын құру, жаңа өндіріс құру немесе қызмет көрсетуді дамыту, шығарылатын өнімдердің көлемін ұлғайту түрінде муль­типликативтік әсер береді. Әсіресе бұл бастама, бүгінде қаражатқа зәру болып отырған ауыл кәсіпкерлері үшін тиімді. Себебі бірқатар себеппен екінші деңгейлі банктер ауылдықтарға несие беруге ықылас таныта қоймайды.

Мәселен, банктен қарыз алу үшін, мынадай белгілі бір шарттарға сай, ресми қуат­талған табысы, оң несие тарихы, жеткілікті кепілзаты және т.б. болуы тиіс. Оның үстіне, өтініштерді қарауға едәуір уақыт кетеді. Бұл банктердің несиенің өтелмей қалуы қатерінен сақ­тануымен түсіндіріледі.

Президенттің шағын несие беруді көбейту бастамасы қазіргі түйткілді мәселені шешуге мүмкіндік беріп, ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына, ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ ҚР ЕХӘҚМ бағалауына қарағанда, 2018 жылдың өзінде-ақ 40 мың жұмыс орнын құруға жаңа серпін береді.

– Еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз ету экономикаға қалай әсер етеді? Газбен қамту осы өңірлердегі халықтың тіршілігін қалай өзгертпек?

– Қызылорда облысынан Астана арқылы солтүстікке газ құ­бырын тарта отырып, біз Қара­ғанды, Ақмола және Сол­түстік Қазақстан облыс­тары­ның даму әлеуетін нығай­тамыз. Бұл экология мен қолай­лы тұрмыс тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ шағын қала­лар­ды көтеру, ауылдық аумақ­тар­ды дамыту тұрғысынан ал­ған­да да мультипликативтік нә­ти­же беретін ірі жүйелі шешім.

Газ құбырының құрылысына көптеген қазақстандық компаниялар жұмылдырыла­тын болады. Бұл жерде біз газ құбы­рының құрылысы кезіндегі өн­дірістің дамуымен бірге, сондай-ақ еншілес салалардағы салааралық байланыстардың (металлургия, көліктік тасымалдау, құрылыс, оқыту, тұру, тамақтану және көптеген тағы да басқа қызметтермен қам­та­ма­сыз ету) есебінен қосымша нә­ти­желерді де көретін боламыз.

Осындай ауқымды жобаны жүргізу барысында уақытша да, тұрақты да жұмыс орындары құрылатын болады.

Жобаны жүзеге асыру Астанаға, жыл сайын ЖЭС-те жа­ғы­латын көмірді ауыс­тыру­дың арқасында, елеулі әлеу­меттік-экономикалық нәти­же әкеледі. Энергетика министр­лігі­нің есептеуінше, ластайтын заттардың шығарылуының төмен­деу әсері жылына 36,1 мың тон­наны құрайды. Астанадағы таза ауа, қатты отын жағудан бас тарту, осының барлығы елор­да­мыздың сәулетінің артуы­на, шет­елдік инвесторлардың қызы­ғу­шылығын тудыруға негіз қалайды.

– Президенттің пікірінше, бағдарламаны жүзеге асыру «әлеуметтік мемлекет» туралы конституциялық норманы жаңа айқын мазмұнмен толықтырмақ. Бұл жерде қандай мазмұн туралы сөз болып отыр?

– Әлеуметтік мемлекеттің бас­­ты міндеті – әлеуметтік әді­лет­­тілік­тің бекітілген ұста­ным­­дары­на негізделетін қоғамның дамуына қол жеткізу.

Мұндай талаптарға, инвес­тициялардың жоғары деңгейі мен ІЖӨ-нің күшті өсіміне кіріс­тің теңсіздігін азайту жө­нін­дегі шараларды орындаумен қатарлас қол жеткізілетін инк­люзивтік экономикалық даму жетістігі жауап береді.

Инклюзивтік өсімді қам­тамасыз ету үшін халықтың бар­лық тобына арналған жаңа мүмкіндіктер туғызудың қажетті шараларын: олардың еңбек және кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, өмір сүрудің шарты мен сапасын жақсарту үшін жағдай жасау қажет.

Еліміздің инклюзивтік даму арнасындағы Президенттің бес бастамасы аз табыс табатын тұрғындардың баспанаға қол жеткізу талабын жақсартуға мүм­кіндік береді, табыс салығының мөлшерлемесін азайту арқылы олардың жалақысын молайтады, ісін жаңадан бастаған кәсіп­керлердің шағын несиеге қол жеткізуін арттырады. Осы қа­дамдар инклюзивтік экономи­ка­лық дамудың әлеуетін арттырады.

Міне осы айтылған бағыт­тарда біздің Елбасымыздың сая­си ерік-жігері танылып отыр деген ойдамын, ал оның жа­ңа әлеуметтік бастамалары мен оны жүзеге асырудың нәти­жесі «әлеуметтік мемлекет» тура­лы конституциялық нор­ма­­ны нақты жобалармен және бағ­­дар­ламалармен, сәй­кес қар­жылан­дыру көзімен қам­та­­масыз еткен жаңа айқын маз­мұ­нмен шын мәнінде толықтырады.

 

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу