Аймақтар • 13 Сәуір, 2018

Өскеменде 21 көшенің аты өзгереді

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Өскеменде 21 көшенің аты өзгереді

Мұндай жағымды жаңалықты облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Роза Төлемісова жеткізді. Оның айтуынша, Өскемендегі Мельзавод тұрғын үйі маңындағы №1 көше – Ақтоған, Меновное ауылына айналма автокөлік жолы маңындағы №1 көше – Керуен, №2 көше – Шұғыла, №3 көше – Саялы, №4 көше – Ақниет, №5 көше – Ынтымақ, №6 көше – Көкжиек, Высоковольтная 57 көшесі маңындағы №1 көше – Орманды, №2 көше – Шиелі, №3 көше – Шуақты, №4 көше – Керемет, №5 көше – Рауан, №6 көше – Ақбұлақ, А.Күленов атындағы 16 тұрғын аудандағы №1 көше – Жоталы, Бастау көшесі маңындағы №1 көше – Қайнар, 19 және 20 тұрғын аудандар арасындағы №1 даңғыл – Бейбітшілік даңғылы, 23 тұрғын аудандағы №1 көше – Бостандық, Ахмер ауылындағы №1 көше – Жаңажол, №2 көше – Күнбатыс, №3 көше Өрнек деген атауларға ие болмақ. Ал облыс орталығының 19 тұрғын ауданындағы Карл Маркс даңғылы Қазыбек би даңғылы болып қайта аталмақ.

«Өскемен қаласының әкімдігіне даңғылға Қазыбек бидің есімін беру туралы ұсыныс облыстық соттың төрағасынан, қалалық ардагерлер және ақсақалдар кеңестерінен түскен болатын. Даңғылдың бойында орналасқан 41 көпқабатты тұрғын үйде бес мыңға жуық халық тұрады. Сауда орындары, әлеуметтік мекемелер орналасқан, қоғамдық көліктер жиі қатынайды.

Аталған аумақта тұратын тұрғындар да бұл ұсынысқа үлкен қолдау білдірді. Қалалық мәслихат депутаттары тарапынан да бірауыздан қолдау тапты. Бұл Орта жүзден шыққан әйгілі би, шешен, қоғам қайраткері, елші, Тәуке ханның кеңесшісі болған Қазыбек бидің 350 жылдығына тамаша тарту болып отыр», - дейді Роза Төлемісова.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН