Аймақтар • 16 Сәуір, 2018

Ералы Тоғжанов Маңғыстаудағы маңызды істерді баяндады

279 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кеңінен баяндап, БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. 

Ералы Тоғжанов Маңғыстаудағы маңызды істерді баяндады

Жиын барысында ол Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ламалық мақаласын тілге тиек етіп, «Рухани жаңғыру» өткеніміз бен бүгінімізге көз жүгірту, салт-дәстүрімізді тү­ген­­деу, тарихымыз бен мәде­ниеті­мізді дәріптеу, ұлттық кодты ай­­қы­н­дау екенін алға тартты.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында облыстың 2 қала, 5 ауданында мектеп түлек­тері меценаттардың көмегімен туған ауылдарына жалпы сомасы 1 млрд 200 млн теңгеге көмек көрсетті. Белгілі тұлғалар Шотан мен Шоғы батырларға арналған халықаралық спорттық турнирлер өтті. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 2017 жылы 106 млн 340 мың теңгеге 70 іс-шара белгіленіп 11-іске асырылды. Олардың қатарында «Әбіш әлемі» журнал-альманағы жарық көрді, «Бағзыдан жеткен баба сарыны», «Ұлттық дастарқанның ерекше мәзірі», «Ұрпаққа мирас – ұлттық киім» атты ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттайтын танымдық шаралар бар. 50 ауыл кітапханасын­да «Ұлт тамыры – рухани қазы­на» мәдени-көпшілік шаралар циклы­мен бірнеше бағыттағы 45 ірі іс-шара қолға алынды. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бойынша жа­рық көрген «Қазақстанның жал­пы­ұлттық қасиетті нысан­­дары», «Қазақстанның өңірлік қасиет­ті нысандары» атты рес­пуб­ликалық жинаққа өлкемізден жалпыұлттық маңызы бар 15 киелі нысан және жергілікті маңызы бар 28 киелі орын енді. Жыл аяғында өңірдің дамуына қомақты көмек көрсеткен азаматтарды елге таныстыру­ға, алғыс айтуға бағытталған облыстық меценаттар форумы ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс бойынша 11 млрд теңге қаражат жұмсалды. Со­нымен қатар Елбасының Жар­лығымен бекітілген «Алғыс айту күніне» орай облыс бойынша 1 наурыздан бастап «Асар – Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясының 2-кезеңі өтті. Нәтижесінде 55 млн теңге жиналып, 6,5 мыңға жуық отбасына көмек көрсетілді. Олардың қатарында ауыр сырқатқа шал­дыққан сәбилер, балалар үйінің тәрбиеленушілері, қарт­тар үйіндегі қариялар, әлеу­мет­тік жағдайы төмен отбасы­лар, жалғыз басты аналар мен қамқоршысынан айы­рыл­­ған балалар бар. Биыл алғаш рет «Отпан тау – рухани-дәстүріміздің негізі» атты Амал мерекесі республикалық дең­гейде тойланды. Шарада елі­міз­дің 9 облысындағы тари­хи-мәдени кешендері шырақ­шыларының қатысуымен «бірлік» оты жағылды. Мәңгілік ел идеясын насихаттайтын ғылыми, мәдени көпшілік, спорттық, әлеуметтік деңгейдегі шараларға барлық аймақтан арнайы қонақтар шақырылып, тамашалады. Алдағы жылы халықаралық дәрежеде өткізу жоспарлануда. Отпан тарихи- мәдени кешенінде қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды. Ескерткішті қоюдағы мақсат – дала билерін дәріптеп, ел бірлігін насихаттау», деді Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар ол «Прези­денттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру үшін облыс алдына ауқымды міндет қойып отырғанын жеткізді.

«Өздеріңізге белгілі, биылғы жыл да ел үшін тарихи оқи­ғалармен басталды. Қазақ­стан­дықтардың әлеуметтік м­әсе­лелеріне шешім болған біре­гей жоба – «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жария­ланды. Біз өз тарапымыздан бастаманы іске асыруға бағыт­тал­ған нақты міндеттерді ай­қын­дадық. Бірінші бастама – әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру. Мем­лекеттік бағдарламалар мен жеке инвестициялар­ды тарту нәтижесінде облысымызда тұрғын үй салу және пайдалануға беру қарқынды жүруде. Өткен жылдың өзінде 18 пайыз өсіммен 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 7 мың отбасы баспаналы болды. 2018 жылдың жоспары – 916 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру. Қазіргі таңда облысымызда бір тұрғынның баспанамен қамтылу көрсеткіші – 23 шаршы метр. Президент әрбір қазақстандықтың баспанамен қамтылу көрсеткішін 30 шаршы метрге жеткізу міндетін қойды. Бұл міндетті орындау мақсатында, халық өсімі, берілетін жер телімдері, жеке құрылыс көлемдері ескеріле отырып нақты есептер жасақталды. Есепке сәйкес, тұрғын үйді пайдалануға берудің жыл сайын 10 пайыз өсімін қамтамасыз ете отырып біз 2025 жылға дейін облыстың әрбір тұрғынын 30 шаршы метр баспанамен қамтитын боламыз. Ипотекалық несиенің қолжетімділігіне бағыт­талған «7 – 20 – 25» бағ­дар­ламасы да үймен қамту көрсеткішін қамтамасыз етуге зор мүмкіндіктер береді. Екінші бастама – жалақысы төмен жұмысшылардың еңбек­ақысын көбейту үшін олардың салықтық жүктемесін азайту. Салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын қазақстан­дық­тарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана болады. Біздің облыс бойынша, 250 мың жалдамалы қызметкерлердің ішінде 22 мыңнан астам адам осындай төмен жалақы алады. Салықтық жүктемесінің азаюы арқылы 22 мың қызметкердің жеке кірісі жылына орта есеппен барлығы 800 млн теңгеге көбейеді», деді облыс әкімі.

Аймақ басшысының айтуынша, үшінші бастама жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағ­дайын жақсартуға бағытталған.

«Өткен жылы облыста 215 грант, оның ішінде 50 грант өңір экономикасына қажетті маман­дарды дайындауға бөлінді. Цифрландырудың енгізілуіне байланысты Елбасы ақпараттық технологияны меңгерген мамандарды көбейту қажеттігін атап көрсетті. Осыған байланысты биыл тағы да қосымша 50 грант және техникалық мамандықтар бойынша магистратурада оқытуға 20 грант бөлінеді. Білім беру саласында алдымызда тұрған өзекті мәселенің бірі – студенттерді жатақханамен қамту. Колледждер бойынша жатақханаға қажеттілік – 1600 орын. Бүгінгі таңда Ақтау және Жаңаөзен қалаларында 4 жатақхана салу үшін жер телімдері белгіленді. Ш.Есенов атындағы университет үшін де бірінші кезекте 500 орындық жатақхана салу қажеттілігі бар. Төртінші бастама – шағын несие беруді көбейту. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында қабылданған тиімді механизм, ол – жеңілдікпен шағын несие ұсыну. Елбасы бастамасын іске асыру мақсатында облыста кәсіпкерлерге 1 пайыздық несие ұсынатын «Нұр капитал» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама Елбасы тарапынан қолдау тапты. Бүгінгі таңда 200-ге жуық бизнес өтінімдер қабылданды. Екінші деңгейлі банктермен келісімшарттарға қол қойылды Сонымен қатар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша биыл 1,8 млрд теңге шағын несие бөлу жоспарланды. Бесінші бастама – елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру. Облыста барлық елді мекендер газбен қамтылды (99,8 пайыз). Күн тәртібінде тек 8 елді мекенді газдандыру мәселесі тұр. Олардың магистральды желілерден қашық орналасуына және экономикалық тиімсіздігіне байланысты, болашақта кезең-кезеңмен «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының инвестициялық бағдарламалары аясында шешу жоспарланған. Қазіргі таң­да жаңадан тұрғын үйлер салы­натын жер телімдерін га­збен қамту жұмыстары жүргі­зілуде. Бұл жұмыстарға бюд­жет қаржысынан бөлек «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қар­жы­сы тартылуда. Компания осы жылы Бейнеу, Түпқараған, Мұнайлы аудандарында газдандыру бойынша құны 1,2 млрд теңге болатын 9 жобаны іске асырады. Жалпы, өңірімізде елді мекендерді газдандыру бойынша өзекті мәселе жоқ», деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»