Жерасты сулары ластанып жатыр

Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының гидрогеолог, гидролог, гидротехник, мамандары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстанның су ресурстарының қиын жағдайы туралы, дабыл көтеріп, бізге хат жазды. Әсіресе Ақтөбе облысындағы Көкжиде, Қызылорда облысындағы Мыңбұлақ және т.б. жерасты су көздерінің бүлі­нуі­не мамандар қатты назар аударады.

Егемен Қазақстан
16.04.2018 2707
2

Көп жылдар бойы бақылаудың нәтижесінде, «Көкжиде» мен «Кеңқияқ» сияқты су көздерінде мұнай өнімдері мен ауыр металдардың қалдық­та­ры көбейіп келе жатқанын біз бұрын да айтып, Үкіметке жеткізген едік. Алайда оларға кезекті жалтарма жауап алдық. Қазір жағдай қи­ындай түскенін айтып, тағы да жазуға тура ке­ліп отыр. Мұнай-газ өндірілетін аймақтардағы көмір­сутегі шикізатын өндірудің ұлғаюымен жерүсті және жерасты суларының ластануы арта түсуде. «Көкжиде құмының» массивінде бүгінгі таң­да 80-нен артық мұнай скважиналары ор­наласқан, алдағы уақытқа тағы да 168 скважина бұрғылау жоспарланып отыр. Осының бәрі «Көкжиде құмдары» геологиялық нысан қатарында болуына және осы аймақтың жерасты сулары Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы №1212 Қаулысымен республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғат қорығы қорына енгізгеніне қарамастан жасалуда.

Жерасты суларының халықтың ауыз суын алатын көздері екендігін ескеріп, оларға геологиялық зерттеулер мен мониторинг жасау керек. Тек содан кейін ғана бассейндік шаруашылықтардың алуына рұқсат берген жөн. Бүгінгі таңда мониторинг жа­салған деп ауызбен ғана айтуға қанағаттанбай келесі шараларды жасауды ұсынамыз:

1. «Көкжиде» жерасты су орнының запасын сақтауды және қайта бағалауды қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар белгілесін. Егер суды ластайтын зиянды қалдықтары көп болса, мұнай өндірушілер мен барлаушылардың жұмыстарына тыйым салынсын;

2. Горизонтальды скважиналарды қолдануға тыйым салынсын және жобалау жұмыстарын жа­с­­а­­ғанда скважиналардың жерасты суларына ба­ғыт­талмауы қадағалансын;

3. «Көкжиде құмдары» мемлекеттік табиғат қорының нысандарын бақылау бір операторға жүктелсін;

4. Қазақстанның жерасты тұщы суларының айрықша орындарындағы запастарды қайта бағалау қолға алынсын;

Мәжілістегі Қазақстанның Халықтық Комму­нис­тік партиясы мүшелерінің фракциясы мен эко­логия мәселелері жөніндегі комитеттің бір топ де­путаттары осы мәселелерді шешуді ұсынып, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдадық.

Галина БАЙМАХАНОВА,

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2019

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері

17.01.2019

Тікұшақ апатынан қайтыс болған ұшқыштың кім екені анықталды

17.01.2019

СІМ мен Ауылшаруашылық министрлігі инвестициялар мен экспорт бағытындағы үйлестіру жұмыстарын нығайтуда

17.01.2019

Жүзге жуық оқушы Wiki Camp акциясына қатысты

17.01.2019

Қорықшыларға қастандық жасағандар анықталды (видео)

17.01.2019

Үшінші мегаполистің төрт ауданында әкімдер тұрғындар алдында есеп берді

17.01.2019

4 мешітті ҚМДБ меншігіне өткізуде кедергілер бар

17.01.2019

Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

17.01.2019

Нұрлан Сейтімов Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды

17.01.2019

Қостанайда тергеуші кісі тонаушыны қылмысы үстінде ұстады

17.01.2019

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот үкімі шықты

17.01.2019

Алматыда тікұшақ апатқа ұшырады

17.01.2019

Алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметіне қатысты мәселелер талқыланды

17.01.2019

Сенат бірқатар үкіметаралық келісімді ратификациялады

17.01.2019

Алматыда Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді

17.01.2019

2250 әскери қызметші жеңілдікпен пәтер сатып алды

17.01.2019

Жамбылда экономиканың барлық саласында 4-5 пайыз өсім бар

17.01.2019

Станимир Стоилов ұлттық құрамадан кетті

17.01.2019

Оралдықтар 19 қаңтарда суық суға шомылады

17.01.2019

Маңғыстауда «Қошқар-Ата» қалдық қоймасына қатысты жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу