Аймақтар • 17 Сәуір, 2018

Келіп газ, ел-жұрт мәз. Жетісуда табиғи отынға қолжетімділік артты

630 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елбасының «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» Үндеуін жүзеге асырудың негізгі салмағы аймақтарға түседі. Өйткені баспанаға мұқтаж адамдар, жалақысы төмен жұмысшылар, білім алғысы келетін жастар мен жатақханаға қолы жетпей жүрген студенттердің үлесі облыстарда басым. Тіпті кәсіп ашуға қажетті несие мен көгілдір отын мәселесі де ел ішінде күйіп тұр.

Келіп газ, ел-жұрт мәз. Жетісуда табиғи отынға қолжетімділік артты

Осының ішінде елімізді көгілдір отынмен қамтуды жал­ғастыру жайына аз-кем тоқ­талсақ. Қазір Алматы об­лы­сында аймаққа газ тарту ісі қызу жүріп жатыр. Биыл соң­ғы 50 жыл бойына көгіл­дір отынға қол жеткізуді арман­дап келген Талдықорған қала­сының тұрғындары таби­ғи отынға қол жеткізбек. Бү­гін­­де қала бойынша газ же­лі­сін тарту аяқталып, көп қа­бат­ты үйлер мен жеке тұр­ғын-жайларды желіге қо­су жұмыстары жүргізілуде. Қа­зір­ге дейін табиғи газға 393 або­нент қосылған.

Облыс орталығының та­би­ғи газ желісіне қосылуы бір­неше мәселенің шешімін бір­ден шешетіні анық. Мысалы, қа­лада орталық жылу жүйе­сі­не қо­сылмаған жеке тұр­ғын үйлер көп. Олар қыс бойы көмір жағып шығады. Бұл дегеніңіз экологияға зи­ян. Оның үстіне биылғы қыстағыдай саршұнақ аяз кәріне мінгенде көмір тап­шылығы болып, жұрт әбігерге түсіп қалатыны тағы бар. Ал тұрғын үйлерді толықтай газбен қамту аяқталғасын, қала­ның экологиялық мәселесі де, отынға деген сұраныс та бір­ден шешіледі деген үміт бар.

«Арғыны қойып, соңғы 50 жыл бойы көгілдір отын ар­ман болған аймақ» дегеннен шығады, облыс орта­лы­ғына табиғи газ желісін тар­туды толық аяқтау ісін Аман­дық Ба­таловтың әкімдік қыз­ме­тін­де ерекше есте қалатын жа­ңалық ретінде айтуға болады. Жалпы, 2020 жылы ай­мақ­ты көгілдір отынға қо­су жұ­мыс­тары толықтай аяқ­та­ла­ды деп күтілуде. Қазір 11 ауданда табиғи газ бар.

– Бүгінгі таңда республика бойынша тұрғындарды газ­бен қамту жұмыстары 50 пай­ызға жетті. Алматы облы­сы осы көштің ортасында. 11 ауданға газ тартылған. Бұл жұмыстарға 8,5 млрд тең­ге қаралып, оның 5,2 млрд теңгесі республикалық бюджеттен тартылса, жергілікті бюджеттен 3,3 млрд теңге бөлінді. Нә­ти­жесінде Алматы қала­сы­ның аумағынан тартылған газ құ­быры облыс орталығына дей­ін жетіп, мақсат орындал­ды. Қазір ішкі желілерді тарту жұ­мыстары мен нысандарды газ­ға қосу жұмыстары басталды, – дейді облыс әкімі Амандық Баталов.

Мұнан бөлек, ауылдардағы әрбір үйді көгілдір отынға қосу жұ­­мыстары тоқтаусыз жүр­гі­зі­ліп келеді. Газдандыру ісінде мем­­лекет пен жекеменшік әріп­­тестігі жақсы жолға қойы­лған. Атқарушы билік тарапы­нан газ желісіне қосылу құ­ны­­ның қолжетімділігі қада­ға­ланады.

Түйіндей айтқанда, Жеті­су жерінде бұған дейін қар­қын алған көгілдір отын мә­се­лесінің толықтай шешім та­бу­ына Елбасы ұсынған 5 әлеуметтік бастама ерекше серпін бермек. Яғни қазіргі күні Талдықорған қаласының аумағына келген газ құбырын Алакөл, Сарқан, Ақсу сияқты шал­ғай аудандарға да тарту мә­селесі күн тәртібіне шығып отыр. Сондай-ақ Қапшағай қа­ла­сын газ желісіне қосу аяқ­та­луға жақын. Текелі қаласы мен «Ба­қанас», «Сарыөзек», «Үш­тө­­бе» газ бөлу станса­ла­­ры­ның құрылысы жүріп жа­тыр. 2020 жылға дейін Панфилов, Ұй­ғыр, Кеген, Райымбек аудан-
дарына табиғи газ жеткізу жос­­парда тұр. Қазақ мұндайда «қа­зан аузы жоғары» дейтін еді. Жетісудың әр ауылына газ ке­ліп, мұқым жұрт мәз бола­тын күн жақындап келеді.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы