Қазақстан • 17 Сәуір, 2018

Емханаларға тіркеу тәртібі өзгереді

294 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры тіркеу ере­жесіне өзгеріс енгізуді көз­деп отыр. Бұл ретте аза­маттар емхананың тір­ке­лу бөліміне жүгінбей-ақ тір­ке­ле­тін болады. Бұл қыз­­мет ден­саулық сақ­тау жүйе­сін­де электронды қыз­мет­тер­ді одан әрі дамы­ту­ға жә­не пациенттердің құқығын қор­ғау тетіктерін жетілдіруге ба­­ғыт­талған. Азаматтардың бар­лық қажетті құжаттары ХҚКО немесе egov.kz порта­лы арқылы қабылданады.

Емханаларға тіркеу тәртібі өзгереді

Мұндай тәсіл бір мезгілде бір­неше мәселені шешуге мүмкін­дік береді. Атап айтқанда, тіркеу туралы мәліметтердің медицина ұйым­дары тарапынан бұрмалану қау­пін төмендетіп, емханалардың тір­кеу бөлімдеріне түсетін жүкті азай­тады. Сондай-ақ азаматтарды тіркеуден негізсіз бас тарту фак­тілерін қысқартады. МӘМС жүйе­сін енгізу шеңберіндегі инновация­лар қолданыстағы ережелерді өзге­р­т­уді талап етеді.

– Азаматтарды ХҚКО арқылы тіркеу қызметінің енгізілуіне бай­ланысты халықты емханаға тір­кеу тәртібіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Онда медицина ұйымдарымен өзара қарым-қатынас және тіркелген пациенттердің құқықтарын қорғау тәртібі жан-жақты жазылады, – дейді «ӘМСҚ» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Жетілдірілген тіркеу қызметтері 2018 жылдың III-IV тоқсанында қолжетімді болады.  Азаматтар ХҚКО арқылы медициналық ұйым­­ды еркін таңдау құқығын пай­далана отырып, медициналық қыз­мет көрсетушілердің бірыңғай де­рек­қорына енгізілген емханаға тір­келе алады.  Сонымен қатар қазақстандықтар емханаға ХҚКО арқылы тіркеле отырып, қай жерде тіркелгені туралы мәліметті де сол орталықтардан алатын болады. Қазіргі таңда бұл қызметтер онлайн тәртіпте – egov.kz порталы арқылы, оффлайн тәртіпте емханаларда көрсетіледі. Астанада 27 медициналық мекеме тіркелген тұрғындарға қызмет көрсетеді, оның 13-і мемлекеттік және 14-і жеке медициналық ұйым.

«Егемен-ақпарат»