Жолдауды іске асырудың ілкімді жолы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған бес әлеуметтік бастамасы атап көрсетілген Үндеу қазақстан­дықтарды бір серпілтіп тастаған болатын. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында атап көрсетілген міндеттерді орындауда бұл Үндеудің алатын орны ерекше деп ойлаймын.

Егемен Қазақстан
23.04.2018 6300
2

Себебі осы Жолдауда атап көр­сетілгендей, тәуелсіз Қазақ­стан­ның басты байлығы адам капиталы екені рас. Яғни, Жол­дауда белгіленген ел эко­номи­касы дамуының 10 стра­тегия­лық міндетін жүзеге асыра­тын Қазақстан азаматтары екен­дігін ескерсек, республика тұр­ғын­дарының әлеуметтік мәсе­ле­лерін шешуді жеңілдетуге бағыт­талған бұл Үндеудің ма­ңызы еселеп арта түсері анық.

Сондай-ақ Үндеуде «Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюд­жетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет. Сондықтан мен «7 – 20 – 25» бағдарламасын ұсынамын. Жұмыс істейтін әрбір қазақ­стан­­­дық төмендегідей шарттар бо­­­йынша теңгемен несие алу мүм­­кіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргі­дей 14-16 емес, жылына 7 па­йыз­­дан аспайтын болады», деп нақ­­ты­лануын балаларымыз үшін, болашақ ұрпақ үшін жаса­лып жатқан үлкен әкелік қамқ­ор­лық, теңдессіз тарту деп түсін­ген абзал. Төменгі пайызбен бері­летін ипотекалық тұрғын үйлер ел жастарының баспана мәсе­лесін біржола шешуге бағыт­тал­ған маңызды бетбұрыс деп есептеймін.

Үндеудегі «Салыстырмалы түр­де жалақысы төмен қазақстан­дықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 пайыз ғана салық салуды ұсынамын. Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселен­ген көлемінен аз жалақы ала­тын­дарға салынатын жеке та­быс са­лығын азайту арқылы олар­­дың салық жүктемесін же­ңіл­де­ту керек. Ал осылайша салық­ты азайтудан шығатын қар­жы олардың жалақысын көбей­туге жұмсалуы қажет», деген жол­дар тұрмысы төмен отба­сы­лардың жағ­дайын жақсартуға, әлеу­мет­тік тең­сіздікті азайтуға, тұр­ғын­дар­дың әл-ауқатын көтеруге ба­ғыт­тал­ған оң шешім. Меніңше, дер кезінде қа­был­­данған осы бағ­дар­лама қазақстан­дық­тард­ың тұр­мы­сын жақ­сар­тумен бірге, елдегі кей­бір әлеу­меттік топтардың ара­сын­­да орын алып жатқан теріс түсі­нік­­те­рдің алдын алуға септе­се­­тіндігі анық.

Ең бастысы, студенттерге ар­нап 75 мың орындық жатақха­налар салу туралы бастама бұқара халық пен жастарымыздың үлкен риза­шылық сезімін туғызды. Үн­деуде айтылған ұсыныстар жас­тардың еліміздің және шетел­дердің ЖОО-да толыққанды және тегін білім алуына жаңа көк­­жиек­тер ашып отыр деп түсінемін.

Бүгінде Қазақстан халқының едәуір бөлігі орта және шағын кәсіппен айналысуда. Нарық заңдылығы да осыны талап етеді. Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында тұрғындардың өзін-өзі еңбекпен қамтуы үшін бұл да аса маңызды мәселе. Осы орайда Мемлекет басшысының «2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын»,  деген бастамасын дер кезінде көтерілген өте бағалы шешім ретін­де бағалаймын.

Үндеудегі «Біз Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды –Теміртау – Астана бағытында магистральды газ құбырын салу жобасын жүзеге асыруымыз керек», – деген жолдарды оқығанда кеудемізді мақтаныш кернеді. Осы орайда біз, қызылордалықтар еліміздің жүрегі – Астанаға көптен бері жетпей тұрған көгілдір отынның Қызылорда облысының территориясынан тартылатындығына шын жүректен қуанғанымызды жеткізгіміз келеді. Міне, Прези­денттің бастамасымен «Сыр – Алаштың анасы» деген сөз шын­дыққа айналды.

Серікбай ҚОСАН,

Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім меңгерушісі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

19.02.2019

Қарағандыда биыл қандай жолдар жөнделеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу