Қазақ операсының жауһары «Біржан-Сара» жаңаша сахналанды

«Астана Опера» театрында Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының премьерасы өтті. Қазақтың тұтастай болмысын әйгілейтін бұл туынды ұлттың бойтұмарына айналғалы қашан! Сондықтан болса керек, еліміздің опера театрлары аталмыш музыкалық шығармаға оқтын-оқтын оралып, әр режиссер өзіндік бедерін салуға асығатыны. 

Егемен Қазақстан
26.04.2018 3047
2

Заманауи техниканың озық жетістіктерін пайдалана отырып, жаңашыл көзқараста сарапталған қойылымның қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.

Қазақтың музыка өнерінің інжу-маржаны саналатын «Біржан-Сара» операсы жайлы сөз болғанда, ең әуелі қазақтың шын мәніндегі бірінші профессионал композиторы Мұқан Төлебаев пен либретто авторы Қажым Жұмалиевтің шығармашылықтың үздік үлгісін танытқан ғажайып тандемін айтпай кету, әсте, мүмкін емес. Алғаш рет 1946 жылдың 7 қарашасында тұсауы кесілген қойылым көпшілік көрермен мен музыка мамандары тарапынан үздік деп танылып, 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Міне, содан бастап аталмыш операның сахнадағы жолы сәтімен жалғасып, талай ұрпақты ұлттық музыканың бесігінде тербеп келеді. Жақында ғана «Астана Опера» театрында тұсауы кесілген «Біржан-Сара» операсының кезекті премьерасы да осы ойымызды қуаттай түседі.

2013 жылдың 21 мамырында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының өз шымылдығын аталмыш туындымен түруі тегін емес. Енді, міне, араға тура 5 жыл уақыт салып «Біржан-Сара» операсы «Астана Опера» сахнасында қайта жанданды. Қойылым режиссері Асхат Маемировтің айтуынша, бұл «Біржан-Сараның» бұрынғысынан бас­ты айырмашылығы – заманауи тех­ни­каның озық үлгілері барынша ұтымды пайдаланыла отырып, классикалық туындының жа­ңа­шыл көзқараста сарапталуында екен. Қоюшы дирижер Абзал Мұхитдинов, кеңесші режиссер – Беларусь Үлкен театры­ның бас режиссері, Ғ.Тоқай атын­дағы Татарстан Респуб­ликасы Мемлекеттік сыйлығының лау­реаты М.Панджавидзе, балет­мейс­терлер – Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткерлері Т.Нұр­­қалиев, А.Тәти, қоюшы су­рет­шілер мен сценографтар – С.Тас­ма­ғам­бетова мен П.Драгунов қатысқан шығар­машылық жұмыс өзінің ерекшелігін де қоса ала келіпті.

– «Біржан-Сара» операсы әр­дайым қазақ опера өнерінің орасан зор жетістігі болған. Жаңа тех­нологиялық мүмкіндіктер, М.Төлебаевтың керемет музыкасы, екі дарынды жастың өшпес махаббат тарихы арқасында, бүгінде бұл операны әлемдік опера өнері тұрғысынан қарастырып, бағалауға болады. Спектакльді қойған кезде, ең алдымен, сазгер­дің баға жетпес әуенді сыйы негіз болған музыкадан бастау алдық. Жаңа музыкалық сахналық редакцияда сценография, режиссерлік табыс пен музыка сәтті үйлесім тапқан, меніңше, бұл «Біржан-Сара» операсын «Астана Опера­ның» айрықша қойылымы етеді, – дейді қойылым режиссері Асхат Маемиров.

Қойылымда Біржанның партиясын – көптеген халықаралық байқаулардың лауреаттары Мейір Байнеш пен Бейімбет Таңарықов, Сараны – Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы және Жаннат Бақтай, Жанботаны – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанат Шыбықбаев пен Талғат Мұсабаев, Аналық бейнесін – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина және халықаралық байқаулардың лауреаты Гүлжанат Сапақова, Алтынайды – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова мен Айзада Капонова, Жиенқұлды – Ержан Саипов және Азат Мәлік, Қожағұлдың партиясын – Шыңғыс Расылхан және Евгений Чайников бастаған талантты әншілер шоғыры орындайды.

Той-думан көрінісімен басталған опера бірден көрерменнің қиялына қанат бітіреді. Шымылдық ашылғаннан-ақ пайда бола кететін жәрмеңкенің қайнаған қанбазары, ән-жырға толы думанды орта, өнерге құштар тойшыл қауым, дарынды халық зергерлері мен шебер қолөнершілер, цирк өнерінің хас шеберлері мен әккі саудагерлер сахнасы өзінің шынайлығымен, дәуір келбетін нанымды жеткізуімен айрықша есте қалды. Тіпті, шығарма түпнұсқасындағы молдалар бейнесінің қойылымның жаңаша оқылымына сай билер рөліне ауысуы да өз бедерімен шынайы һәм қызықты.

Өнер туындысының басты ерекшелігі – сахна сценографиясы мен костюм үлгілері. Бір ғана қойылым үшін суретші-сценографтар – Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгуновтың қиялынан туған 400-ге тарта сахналық киім өзінің айрықша салтанатымен жаңа қойылымның сәнін кіргізді. Ал сценография жайлы айтылар әңгіме бөлек. Көптонналы ультра заманауи декорациялар әзірленіп, театр сахнасына шынайы сарқырама құлайтын тау тұрғызылды. Италиядан арнайы шақырылған маман Серджио Металлидің бейнепроекциялары мен 3D-технологияны пайдаланудың арқасында сахнада айрықша салтанат түзген табиғат пен тұрмыс көріністері де өзінің жарқындығы һәм шынайылығымен көңілге берік бекіді. Ең бастысы – тамаша музыка, солистердің кәсіби кемелденген керемет дауысы мен үйлесімді оркестр үні көрерменге естен кетпес әсер қалдырды. Ол – сөзсіз!

Әйтсе де, кейбір тұста режиссерлік мақсаттың айқындалмауы мен басты кейіпкерлерге көпшілік сахна тарапынан екпіннің дұрыс қойылмауы, әсіресе, Біржан (Мейір Байнеш) мен Сараның (Майра Мұхамедқызы) шығатын тұстары өзге әншілерден дараланбайды. Соның салдарынан да Алашқа аты мәлім Біржан салдың әншілік, серілік, қайраткерлік болмысының ерекшеліктері толыққанды ашылмай, әлі де бір қайнауы ішінде кеткендей өз деңгейінде көңіл тұшынтпады. 22 жылдық сағынышпен жеткен Майра Мұхамедқызының Сарасынан да аһ дегізерлік бейне көре алмадық. «Ла-Скала» театры сахнасын әуезді әнімен бағындырған ғаламат дауысты әншінің дәл осы қойылымда, өкінішке қарай, мүмкіндігі толыққанды ашылмаған. Себебін тағы да рөлдің сахналық мақсаты мен міндетінің айқындалмауынан деп түйдік. Ал, керісінше, қойылым соңында Біржанның анасы Аналықтың жоқтауы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзинаның орындауында жүрекке жетті.

Бас-аяғы 7 айдан астам уақытта дайындалған опера қай жағынан келгенде де өзінің жаңашылдығымен ерекшеленеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, ол әсіресе сахна декорациясы мен сценографиясында айқын аңғарады. Сахнаның серігі – сұлулық десек, сол сұлулыққа біз тамашалаған «Біржан-Сара» операсы айқын дәлел. Алғашқы көріністегі өнер жәрмеңкесінің той-думанға толы қызығынан бастап, Көкшетаудың аласа шоқылы қарағайлы таулары бедерленген сұлу табиғаты, Сараның Жиенқұлға ұзатылар сахнасындағы киіз үйдің салтанаты – барлығы-барлығы өзіндік әсемдігі һәм шынайлығымен тәнті етті. Сахна салтанатына ғаламат мерекелік көңіл күй үстейді.

Қазақ операсының шыңы саналатын ұлттық музыкамыздың інжу-маржаны – «Біржан-Сараның» заманауи үнде көрерменімен қайта қауышуы өнер әлемінің үлкен жаңалығына айналғаны сөзсіз. Қойылымдағы қаншама ғажап көріністер: Біржан мен Сараның айтысы, жеке айтылатын ариялар мен ариозалар, жар-жар, би көріністері, қосыла шырқалатын дуэттердің қай-қайсысы да өзінің кәсіби жеткізілуімен һәм ұлттық өнерімізді келешек ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған ыждаһатты ұмтылысымен көңілге құрмет орнықтырды. Шымылдық артына жасырынған бірнеше айға созылған маңдай тер еңбек дәл бүгін өз нәтижесін берді. Оны көрерменнің толассыз соғылған шапалағы мен өнерпаздарға бағытталған шексіз ықыласынан анық сездік.

Сондай-ақ, қойылым барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім еткендей, Мұқан Төлебаевтың «Біржан-сара» операсы 20-30 шілде аралығында Астананың 20 жылдығына арналған халықаралық опера фестивалінде Open Air форматында ашық аспан астында өнерсүйер қауым назарына ұсынылады деп жоспарлануда. Астана халқы мен қала қонақтары үшін бұл көрсетілім айтулы өнер оқиғасына айналады деп күтілуде.

Назерке ЖҰМАБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2018

Сенат комитетінде діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері туралы заң жобасы қаралды

25.09.2018

Игорь Чжан: Велосипедтің кесірінен жүлде алмадым

25.09.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS рейтингінде тағы да алға жылжыды

25.09.2018

142 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

25.09.2018

Жақсы өсім - нәтижелі жұмыстың кепілі

25.09.2018

Инвесторлармен ортақ келісімге келді

25.09.2018

«Egemen Qazaqstan» газетінің журналисі марапатталды

25.09.2018

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымын нығайтуға және реформалауға шақырды

25.09.2018

Қазақстан Нельсон Мандела Бейбітшілік саммитіне қатысты

25.09.2018

Астана тұрғыны 10-қабаттан құлаған баланы тосып алды

25.09.2018

Қ. Қасымов ұялы телефондар ұрлығының жолын кесу шаралары туралы айтып берді

25.09.2018

Назарбаев Университетінде тың жобалар таныстырылды

25.09.2018

Нәубәт Қалиев қайтыс болды

25.09.2018

Үкіметте өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы мақұлданды

25.09.2018

Астаналық журналистің өліміне қатысты күдіктіні іздеу шаралары басталды

25.09.2018

АӨК цифрландыру аясында 20 цифрлық және 4000 дамыған ферма құрылады

25.09.2018

Жағажай волейболынан әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтеді

25.09.2018

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ұтты

25.09.2018

Бүгін Бакуде белдескен қос балуанымыз ұтылды

25.09.2018

«Хат қоржын» (25.09.2018)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу