Тарих • 26 Сәуір, 2018

Тас қорғандар сыр шертеді

955 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр­дың басында Алматыда 50 сақ қорғаны болғанын дәлелдейтін деректер архео­лог Борис Дублиц­кийдің ең­бек­терінде кездеседі. 1940 жы­лы оның «1939 жыл Ал­маты аумағында жүргізілген архео­логиялық зерттеулердің нә­тижесі туралы қысқаша есеп» деген моно­графиялық еңбегі жеке жинақ болып жарияланды.

Тас қорғандар сыр шертеді

Онда Алматының Жандосов, Тәжібаев көшесі бойында және №20-22 линия бойында орналасқан №3 сақ қорғанының 2 мың жылдық тарихы бар екенін және өзі көрген қор­ғандардың ең көнесі дегенді айтады.

 «Мәйіттердің сүйегі және оны­мен бірге жерленген зат­­тардың сақталу деңгейі оның өте ерте замандарға тие­сілі екенін көрсетіп тұр. Ал­ма­тыда өте ерте замандарда сақ патшалары мен кө­семдері жерленетін пантеоны болуы әбден мүмкін. Себебі сақ қор­­ғандары өте көп және бір-біріне жақын орналасқан. Бұл деректі жү­йе­лі түрде зерттеу керек» деген батыл тұжырым бар.

Осыдан екі жыл бұрын дүниеден өткен Бекмұхамбет Нұрмұхамбетов те КСРО ар­хео­лог­тарының Есік қор­ған­­да­рына кешенді түрде назар аударуына Алматыдағы қор­ғандардың көп болуы себеп болғанын талай рет айт­қан. Өткенде «e-gov» жү­йесінің «Ашық үкімет» бө­лімінде «Алматы қаласы әкім­дігінің 2010 жылдың 10 қараша күні қабылдаған тарихи және мәдени маңызы бар ес­­керткіштер туралы №4\840 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жоба­сы жарияланды. Арнайы комис­­сияның талқылауына ұсынған құжат жобасында назарымызды аударған тұсы – Жандосов, Тәжібаев және №20-22 линия бойында орналасқан №3 сақ қорғанын тарихи және мәдени маңызы бар ескерткіштер ті­зімінен алып тастау туралы ұсынысы.

Алматы қаласы тарихы­ музейінің ғылы­ми­­ қыз­мет­кері Мұрат Нұр­пе­йісов №3 сақ қорғаны 2010 жылы тарихи ескерткіш ре­тінде ба­қы­лауға алынса да, қазба жұмы­стары 2015 жы­лы бас­талғанын айтады. Қорған та­рихын қойнауына бүгіп жатқан жер иесімен арадағы ұзақ келі­сімдерден кейін ғана қазба жұ­мыс­тары басталған. Қорған біз­дің дәуірімізге де­йінгі VII-V ғасырға тиесілі екені қазба жұмыстары нәти­жесінде анық­талыпты.

«Қазба жұмыстарын жүр­гіз­ген кезде екі қапталдан гео­­­­­метриялық форманың ізі­­ қа­зірге дейін байқалады. Сақ көсемдері жерленген­ жер еке­нін қорымның ау­ма­­­ғы мен құрылымның өз­ге­­ше­­лігі дә­лелдеп тұр. Жал­­пы, қа­зақ же­ріндегі қор­ған­дардың то­налуы өте ерте замандардан басталған. ХVIII­ ғасырда қор­ғандардан та­­был­ған алтын бұйымдарды Ре­сей патшасы мен оның ай­наласындағыларға сыйлық ретінде беру дәстүрге айналыпты. Тек ХIХ ғасырдан бастап қасиетті орын деген көзқарас қалыптаса бастаған», – дейді Мұрат Нұр­­пейісов.

«Алматыдағы Сақ қорған­дарының концентрациясы, жерлеу атрибуттарына қарап ерте замандарда, тіпті темір дәуірінде қазіргі Алматының бір бөлігі Египеттегі Өлілер пат­шалығына ұқсас қасиетті орындар болған, сақ патшалары немесе олардың үзеңгілес серіктері, туған-туыстары сол орындарға жерленген деп болжам айтуға болады», – дейді зерттеушілер.

Бұл іспен айналысқан ар­хеолог­тар Алматыдан табы­лып жатқан қорғандарды толықтай сақтап қалатыны­мыз­ға сенбейтінін айтады. Себебі бізде тарихи, сакраль­ды мәдени орындарға бару немесе мәдениеті деген түсі­нік әлі қалыптаспапты.

«Тарихи ескерткіштерге, қор­ғандарға бұлай бейжай қа­рауға болмайды. Егер олар­­ды сақтап қалғымыз кел­се, ешнәрсеге тиіспейік. Бұл жер­­­­де ешқандай шоу ұйым­дас­тырудың қажеті жоқ. Ата-бабаларымыздың қасиет тұтқан жері. Тек қоршап қоя­йық. Замана көшінен тү­сіп қалмай бізге жеткенінің өзін тарихтың қалауы деп­ түсі­нетін кез келді. Біз­ арғы замандарда өмір сүр­ген адамдардың сеніміне құрметпен қарауды үйренейік», – дейді Мұрат Нұрпейісов.

Гүлбаршын САБАЕВА

Алматы