Аймақтар • 26 Сәуір, 2018

Әулиеатада руханият фестивалі өтті

323 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында адам ба­ласы шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі екенін де айт­қан болатын. 

Әулиеатада руханият фестивалі өтті

Әрбір адамның бой­ын­дағы әрқилы талант туған жердің ту­ын жо­ғары көтеруге, өлкенің өрісін та­ны­ту­ға септесетіні анық. Осы орайда, Пре­з­и­дент мақаласынан туындайтын мін­деттерді жүзеге асыру аясында Жам­был облыстық мәдениет, архивтер жә­не құ­жаттама басқармасына қарасты ха­л­ық шығармашылығы орталығының ұй­ымдастыруымен Тараз қаласында «Ру­ха­ни қазына» атты фестиваль өтті.

Айтулы шараға Әулиеата өңіріндегі қолөнер шеберлері, кітапханашылар, музей мен клуб мамандары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ елі­міздің Мәдениет және спорт минис­тр­лігінің тапсырмасы негізінде өткен шара барысында өңірдегі халықтық театр ұжымдарына, айтыс ақындары мен фо­ль­клорлық ансамбльдерге арнайы ше­берлік сағаттары ұйымдастырылды. Атал­ған фестивальдің салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев 21 мамыр – мәдениет қызметкерлерінің төл ме­ре­кесіне орай республикалық фестиваль өте­тінін, оған Жамбыл өңірінен де үздік өнер­паздар іріктелетінін айтты.

Фестиваль барысында танымал әншілер Ғани Мәтебаев пен Маралбек Бабақұлов «Туған ел» әнін шырқап көп­ші­л­іктің қошеметіне бөленсе, «Алатау» то­бы «Біз біргеміз!» әнімен шара шырай­ын арттырды. Қа­тар ас­танасы Доха қаласында өткен си­қыр­­шы­лар фестивалінде жүлделі екін­ші орын­ды иеленген «Балауса» ци­ркі­­нің си­қыршысы Талап Таубеков пен аталған өнер аламанында қазылар ал­қа­сының құ­ра­мында болған өнерпаз Іли­яс Рах­ман­құ­ловта өз өнерлерімен тәнті етті. Та­раз тө­рінде дүбірлеп өткен «Ру­х­ани қа­з­ына» фестивалінің барлық қаты­су­шы­ларына арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы