Әлем • 26 Сәуір, 2018

Диего Марадона қазақстандық баламен футбол ойнады

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Әли есімді бала әйгілі футболшы Диего Марадонамен кездесіп, футбол ойнады. Кездесу кезінде түсірілген видео үзінділері аргентиналықтың Instagram парақшасында жарияланды.

Диего Марадона қазақстандық баламен футбол ойнады

Әли футбол жұлдызымен бірге футбол ойнап, одан сыйлықтар алған. Сонымен бірге, Марадона өзінің әлеуметтік желісінде  "Gracias, Али" деп жазба қалдырып, екеуінің бірге түскен суретін жариялады.

Айта кетейік, Әли Диего Марадонамен кездескісі келетіні туралы видеожолдау түсірген. Жақында оның арманы орындалып, аңызға айналған футболшымен бірге футбол ойнаған.