Қазақстан • 26 Сәуір, 2018

Алматыда педагогикалық-психологиялық түзету орталығы ашылды

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Дара» педагогикалық-психологиялық орталығы ашылды, деп хабарлайды оқу орнының Баспасөз орталығы.

Алматыда педагогикалық-психологиялық түзету орталығы ашылды

Коррекциялық кабинет «Дара» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жоғары оқу орнының базасынан алғаш рет пайдалануға беріліп отыр. Мақсат – еліміздегі арнайы және инклюзивті білім беруді институтционалды қолдау және Дефектология мамандығында оқитын студенттер мен магистранттарды практикалық, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру.

Бұл орталық мүмкіндігі шектеулі балалардың адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, олардың өмірге деген құштарлық сезімдерін ояту, ой-өрістері мен ойлау қабілеттерін жетілдіріп, толыққанды азамат дәрежесіне жеткізу мақсатында жұмыс жасайды.

– Баршаңызды педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Жалпы білім беретін мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. Бүгінгі орталықтың ашылуымен тағы да құттықтай отырып, бала саулығы мен оқыту жолындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді орталықтың ашылу рәсімінде Қыздар Университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова.