Бес әлеуметтік бастаманың орындалуы бақылауда

Елбасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінде «жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуға» қатысты нақты ұсыныстар айтылып, міндеттер жүктелген болатын. Бұл орайда бастамаларды жүзеге асыру бойынша жауапты органдар анықталып, іс-шаралар айқындалды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруды «Нұр Отан» партиясы бақылауына алды.

Егемен Қазақстан
04.05.2018 1058
2

Мемлекет басшысының тапсырмасы өңірлерде қалай орындалуда? «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында «Білім беру» бағыты бойынша партиялық куратордың комиссиясы көшпелі отырыс өткізіп, жоғарыдағы сұраққа жауап іздеді. Отырыста Мәжіліс депутаты, комиссия төрағасы Ә.Бектұрғанов, Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Н.Оспанова, облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр, Мәжіліс депутаты, комиссия мүшесі Б.Хаменова баян­дама жасап, өзекті мәселелер бойынша өз ұсы­ныстарын ортаға салды. Мысалы, Мәжіліс депутаты Ә.Бектұрғановтың айтуына қа­рағанда, еліміздегі колледждерді материал­дық-техникалық қамтамасыз ету 50 пайыз­дың маңында. Кәсіптік білім алушылар­ды шәкіртақымен, жатақханамен, тамақ­пен қамтамасыз етуде де бірқатар мәселе бар. Жоғары оқу орындары, мектеп тура­лы көп айтылады, ал колледждердің жағ­дайы көлеңкеде қалуда. Ал Мәжіліс депу­таты Б.Хаменова өз баяндамасында тех­ни­калық және кәсіптік білім беруде бағдар­лама ескіргенін, жергілікті жерлерде элек­тронды оқулық құралдары жеткіліксіз екенін атап өтті. Еліміздегі 824 колледждің 41%-ы ғана талапқа сай. 2011 жылдан бері кол­ледждерге республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеген. Тек жергілікті бюджет қаржысымен және гранттармен күн көріп келеді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың кәсіптік білім алуы ескерілмеген, яғни арнайы оқу орны да, мамандар да жоқ.

Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында да шешімін күткен мәселелер аз емес. Елбасы биылғы Жолдауында жұмыс берушілерді тарту арқылы халықаралық талаптар мен цифр­лы дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңартуды тапсырған болатын. Облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр осы бағытта бірқатар жұмыс қолға алынғанын атап өтті. Өңірде 12 жоғары, 94 арнаулы оқу ор­ны бар. Арнаулы оқу орындарының 43-і мем­лекеттік болса, 51-і жекеменшік. Облыста жұ­мыс берушілерді тарту арқылы дуалды оқы­ту жүйесі 2 жоғары оқу орнында және 38 колледжде 33 мамандық бойынша 173 кәсіп­орынмен меморандум жасалған. «Кәсіпкер­лер палатасымен бірлесіп құрылыс, техни­калық, ауылшаруашылық және қызмет көр­сету салалары бойынша дуалды оқыту жүйе­сі енгізілді. Дегенмен заман­ауи жабдықтал­ған ірі кәсіпорындар жастарды оқытуға келісе бермейді. Осы орайда студенттерді тәжірибеден өткізу, оқыту үшін оларға түрлі салық жеңілдіктерін қарастыру қажет секілді. Сондай-ақ барлық колледждердің ма­териалдық-техникалық базасын жабдықтау мүмкін емес. Өйткені техника мен технология күнде дамып жат­қан­дықтан, биыл жабдықталған колледж келесі жылы ескіріп қалуы мүмкін», дейді Е.Садыр.
Президенттің бес әлеуметтік бастамасында жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті екені айтылған болатын. Бұл орайда облыста ағымдағы жылдың екінші жартысында 2 жоғары оқу орны – Сырдария университеті (254) және Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (500) тарапынан 754 орындық 2 жатақхана пайдалануға бе­рілетін болады. Сонымен қатар колледж студенттеріне 11 жатақхана салу жоспарланып, оның 9-на жер телімі бөлінген, тиісті жұмыстар атқарылуда. Қолданыстағы 21 жатақханада күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Облыс әкімінің орынбасары келтірген деректерге қара­ғанда, өңірдегі 12 жоғары оқу орнының күн­дізгі бөлімінде білім алатын 45 мыңнан астам студенттің 15 мыңы жатақханаға мұқ­таж. Бүгінде олардың 48 пайызы немесе 7200 студент жатақханамен қамтылған. Ал кәсіп­тік-техникалық колледждерде күндізгі бөлім­де білім алатын 67 мың студенттің 11500-і жа­тақ­ханаға мұқтаж, қазіргі таңда олардың 70,4 пайызы немесе 8105 студент жатақха­нада тұрады. 

Комиссия отырысында жастардың мамандық таңдауы, ұсыныс пен сұраныстың сәйкессіздігі сынды мәселелер талқыланып, қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға жолдау үшін ұсыным қабылданды.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(8)

Орынбасар (04.05.2018 16:42:49)

Әрбір еліміздің азаматы Елбасының осы 5 бастама реформасынан көп жақсылық күтіп отыр, қазірдің өзінде де 7-20-25 тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырыла бастады, алдағы уақытта студенттерге жатақаналар салынса, бұл тіптен жастарға үлкен көмек болар еді.

Жорабек (04.05.2018 16:36:39)

Алдағы уақытта 5 әлеуметтік бастама бағдарламасы жаңа сатыға шығып, халыққа пайдасы мол болады.

Орынбасар (04.05.2018 16:33:49)

Бес әлеуметтік бастама бұл Елбасымыздың қарапайым халық үшін бағытталған реформаларының бірі, сондықтан да алдағы уақытта ол өзінің жақсы нәтижесін береді деген ойдамыз.

Нурсая (04.05.2018 14:05:41)

все эти 5 инициатив думаю очень хорошо повлияет на наше будущее, главное надо идти в этом темпе

Айман (04.05.2018 14:03:34)

талапқа сай колледждер, университеттер, жатақханалар өте көп. бұл мәселені қарастыру керек

Айдар (04.05.2018 14:01:15)

осы бастаманың халыққа берері мол, барлығымыз бақытты өмір сүріп кетеміз деп ойлаймын

Айнагуль (04.05.2018 13:37:17)

Бес әлеуметтің бастаманың орындалуын қадағалау керек, гранттың көптеп бөлінуі, жатақхананың салыну, қолжетімді баспана бәрі де тиімді.

Ереке (04.05.2018 12:30:43)

Бес әлеуметтік бастаманың орындалуын бүкіл халық та бақылап отыр, себебі, бұл бағдарлама қазіргі кезде барлығының қызығушылығын алған. Мейілінше тезірек орындауға тырысу керек.

Пікір қосу