Өнер • 04 Мамыр, 2018

Алматыда Ғалым Оспановтың кескіндеме көрмесі өтті

1015 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ғалым Оспанов – натюрморт шебері. Суретшінің туындыла­рындағы заттардың аясы қатаң шектеулі − бұл көбінесе алма, алмұрт, жемістер салуға арналған сауыт. Шығарма жемістерді немесе олардың біреуін ғана жинақтап қамтитынына қарамастан,  композиция қысқа және жалпылама түрде шешіледі. Қылқалам шеберінің Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде көрерменге ұсынылған «49 және 2» атты кескіндеме көрмесінен оның ең танымал туындыларын тамашалауға болады. 

Алматыда Ғалым Оспановтың кескіндеме көрмесі өтті

Оспанов өзінің шығарма­шы­лық ізденістерінде аса жоғары тал­ғам­ға ие. Оның кескіндемесіне тән қолтаңбасы авторлық стилін айқын­да­ған бірқатар ерекше өз­ге­ше­лік­те­рінен білінеді.  Бұл ка­ме­ралық фор­мат­тарды таңдау және натюрморт жан­рына деген айқын ұмтылыс, сондай-ақ ешкіммен салыстыруға келмейтін туындының формалды-түстік құрылымы. Көзге көрінетін қара­пайым заттардың ар жағынан суретші «жансыз табиғат» пен адам болмысының құштарлығы арасында параллель жүргізу арқылы жасырылған драманы көруге ұмты­лады. Автор аса мән беретін жергілікті түстер оны эмоциямен, мәнерлілікпен, шынайы сезімдермен толтыра отырып заттық әлемнің «тыныш өмірін» бұзады.

– Суретші шығармаларында адамдар әлеміндегі секілді, заттар әлемі де бір-бірімен және сыртқы ортамен күрделі қарым-қатынаста құрылады. Үлкен және кіші, тығыз және мөлдір, түрлі-түсті, жанды-жансыз – барлығы да зерттеуге және жалпы экзистенциалдық заң­ды­лықтарды ұғынуға бағыт­тал­­ған. Сезанн сияқты, Оспанов қа­ра­пайым нысан­дардың шектеулі саны арқылы әлемнің алуан түр­лі­лігін көрсетуге тырысады – онда ал­ма немесе шабдалы, үстел­дің гео­метриялық жазықтығы, ал­мұ­рт­­­тың немесе вазаның сопақ­ты­ғ­ы «ұмтылатын» шеңбер бар. Бі­рақ Ғалым өз бағытын іздей­ді, же­міс­тердің бей­несінде тікелей тү­сін­дірмеден бас тарту арқылы   түсті нығайтады, фор­маны кеңейтіп, жарықты күшей­теді, ол заттық әлем мен таза дерексіздікке кетудің арасын­дағы нәзік шекара тепе-тең­дігін сақтайды, – дейді көрме жетекшісі Екатерина Резникова.

Жарық пен көлеңке ойынын бақылап, формалардың органикасын аңғару, күрделі түс бояуларын пайдалану ар­қылы суретші әлемнің сұлулығы мен кемелденуі туралы түсінігімен бөлісіп, көрерменді баурап әкететіні ойымызға оралады.

Сондай сәтте, кенеп бетінде уылжып піскен жемістер...

Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ