Кәсіпкерлерді қолдауға не кедергі?

Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы жүргізген қоғамдық мониторинг нәтижесінде анықталғандай, аудан әкімдіктері мен жекелеген облыстық құрылымдар мемлекеттік сатып алу туралы ақпараттың қолжетімділігіне мүдделі болмай отыр. 

Егемен Қазақстан
05.05.2018 33996
2

Мәселен, олардың бір тобы өзде­рі жариялаған сатып алу туралы ха­барландыруларды заң талап ете­тіндей интернет желісіне мүлдем сал­майтын болса, бірқатары аталған деректерді мерзімен кешіктіріп барып жариялағаны анықталған. Бұл өз кезегінде облыста жергілікті кәсіп­керліктің дамуына жеткілікті дең­гейде көңіл бөлінбейді деген пікірдің қалыптасуына әкеліп отыр.

Кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл кеңесінің төрағасы Баниямин Файзулиннің айтуынша, әсіресе аудан әкімдері құрылыс жүргізуге қатысты жарияланатын мемлекеттік тапсырыс кезінде жергілікті кәсіп­кер­лермен жұмыс істеуге мүдделі емес. Соның салдарынан әкімдер тен­дерде жарияланған құрылыс мате­риалдары мен құралдары туралы сұ­ра­нысты ресми интернет-ресурстарда жариялауға қатысты Ұлттық экономика министрінің бұйрығын да орындамай отырған көрінеді. 

– Жобада қарастырылған негізгі құрылыс материалдары мен өнімдеріне сұраныс бекітілген сметалық тізімді ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз ету туралы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылдың 19 наурызында шыққан бұйрығы бар. Бұл бұйрық үш жыл бұрын орында­луы керек болатын, бірақ облыс­та ол орындалмады. Қазір Үкімет орта­лықтандырылған сатып алу қыз­метін құру арқылы жаңа сатыға шы­ғуды жоспарлап отыр. Ал біз әлі бірінші сатыдағы тапсырманы орындай алмадық,  –  дейді Б.Файзулин.

Қоғамдық мониторинг нәтижесін­де бірқатар заңбұзушылық анықтал­ған. Көп жағдайда жауапты тұлғалар­дың салғырттығы іске кедергі кел­ті­реді екен. Мысалға, былтырғы жыл бойынша зерттеу барысында Ес­келді ауданы әкімдігінің сайтында сатып алу бойынша мәліметтер 2017 жылдың қарашасында ғана шық­қаны анықталған. Бұл кезде аудан аумағында құрылыс жүргізу жұ­мыс­та­ры аяқталып қойған болатын.

– Мониторинг бойынша Талдықор­ған қаласындағы 230 пәтерге арнал­ған 16 қабатты үш тұрғын үйдің құ­рылысында пайдаланылған негізгі материалдардың жиынтық тізімі­не талдау жасалды. Құрылысқа қолда­ныл­ған заттардың 50 пайызы Қытай мен Ресейде жасалған тауар екені анықталды. Қажетті құбырлар мен жел­деткіш құралдар, терезе мен есік жабдықтары Қазақстанда да шы­ға­ры­ла­ды. Бағасы да қолжетімді. Демек әкімдіктер отандық тауар өндірушіні қолдауға ынталы емес. Есесіне көрші елден делдалдар арқылы тасымалданатын құрылыс материалдарына тәуелділікті арттырып отыр, –  дейді өңірлік мониторинг нәтижесін саралаған облыстық Кәсіпкерлер палатасының басшысы Нариман Әбілшайықов.
Бірақ облыстық энергетика және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­­лығы басқармасы заң және құқық бөлімінің басшысы Қанағат Молда­бе­ковтің кәсіпкерлердің сынына орай айтар өз уәжі бар. 

– Тауар, қызмет пен қызмет түр­ле­рін жеткізушілердің көпшілігі ұсы­нылған форманы қате жасайды немесе мүлдем толтырмайды. Нақты жағдайды көрсету үшін біз порталға енгізілген ақпараттарды шығарып алып сараладық. Ондағы қызмет түр­лері бо­йынша ақпараттар түзеті­ліп, жеткізуші тарапынан істің аяқ­талмайтынын анықтадық. Мәселен, облыстық Жер кадастры де­пар­тамен­тінің 1,9 млн теңге сомадағы ке­лі­сім­шарт міндетін орындау нәтижесі бойынша отандық тауар өндіруші бағанында 100 теңге деп жазылған. Сәйкесінше жергілікті құрам үлесі 0,01 пайызды құраған. Ал 28,5 млн теңге сомадағы келісімшарт бойын­ша отандық тауар өндіруші тарапы­нан жалпы сома көрсетілмеген. Мұн­дай мысалдар жеткілікті. Сол се­беп­­тен кәсіпкерлердің мемлекеттік тап­сырысқа іліге алмауы мүмкін, – дейді ол.

Жалпы, мемлекет қаржысының иге­рілуі жөніндегі ақпарат неғұрлым ашық әрі қолжетімді болған сайын қоғам ізгілене түсетіні анық. Және осы қадам адамдардың қаржылық сауа­тының артуына ықпал етіп, жем­қорлықсыз орта қалыптастыруға да жол ашатыны сөзсіз. Оның үстіне мемлекеттік тапсырыс жүйесіндегі жа­риялылық отандық кәсіпкерліктің дамуына пайдасын тигізетіні және дәлелденген. Ал бұл бағыттағы жұмыстардың негізгісі мемлекеттік органдардан бастау алуы тиіс еді. Бірақ кәсіпкерлердің құқын қорғайтын ұйымның пайымдауы керісінше нәтиже көрсетіп отыр.

Айтпақшы, Алматы облысы бойынша мемлекеттік сатып алу порталына жыл басынан бері жалпы сомасы 78,9 млрд теңгені құрайтын 38244 сатып алу лоты жарияланған болса, бұл тапсырыстарды орындауға 3250 жер­гілікті кәсіпкер өтініш берген екен. Ендігі кезек баға мен жұмысты орындауға ынталы кәсіпкерлерде. Жалпы, бұл істің нәтижелі болуы отан­дық өнім өндірушіні қолдауға қа­тысты жиі сынға ұшырайтын жергі­лік­ті атқарушы органдар жұмысының жақсарғандығын да білдіретіні анық. Діттеп келгенде отандық өндіріс жанданып, мемлекет қаржысы тиімді жұмсалуы керек. Ал кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін кез келген жағдайдың алдын алу бүгінгі күннің талабы.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу