Головкин күзде кіммен бокстасады?

Өткен жексенбі күні Қазақстан мен әлем бокс жанкүйерлері осы көктемнің негізгі жекпе-жегі саналған Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы айқасты көруі тиіс болатын. Алайда белгілі себептерге байланысты Головкин мексикалық боксшының орнына арғы тегі армян, АҚШ азаматы Ванес Мартиросянмен жұдырықтасты.

Егемен Қазақстан
10.05.2018 5630
2

АҚШ-тың Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өткен кездесу небары екі раундқа ғана созылды. Жекпе-жектің екінші раундында отандасымыз қарсыласын нокаутпен жеңіп, кәсіпқой бокстағы 38-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Мартиросян карьерасындағы төртінші жеңілісіне ұшырады.

Жекпе-жек басында Ванес өзіне тым сенімді қимылдап, ашық айқас көрсете бастады. Тіпті оның екі джеб соққысы отандасымыздың қорғанысын бұзып-жарып, діттеген жеріне де жетті. Отандасымыз Ванестің еркін көсілуіне мүмкіндік берді. Тіпті алғашқы раундтың соңғы секундтарында армян боксшысының кенеттен ұйымдастырған сериялық соққылары Головкинді күтпеген жағдайға қалдырды. Осылайша, Ванес алғашқы раундта жекпе-жекті өз пайдасына шешті. Төрешілердің шешімі бойынша да, ол бірінші раундта 9:10 ұпаймен басым түсті.

Ал екінші раунда жанкүйерлер шаршы алаңда мүлде басқа Головкинді көрді. Раунд бастала сала жекпе-жекке шындап кіріскен отандасымыз қарсыласын соққының астына алды. Сондай сәттердің бірінде Геннадийдің бірнеше соққысы қарсыласына дөп тиіп, америкалық бокс­шы тізерлеп отырып қалды. Алайда төреші бұл сәтті нокдаун деп есептеген жоқ.

Головкин жанкүйерлерге нокаутты көп күттірген жоқ. Екінші раундтың орта тұсына келгенде ол көп соққылы комбинация ұйымдастырды: сол қолымен екі джеб, тікелей екі түзу соққы, сол, оң және сол қолымен кезекті соққы жасап, қарсыласын нокаутқа түсірді. Төреші Мартиросян өзіне келіп алу үшін 10 секунд санағанымен, ол орнынан тұра алмады. Сөйтіп көптен күткен жекпе-жек төрт жарым минутқа ғана созылды.

Бұл кездесуде Геннадий Головкин өзінің WBA титулын 19-шы, WBC белдігін төртінші және IBO титулын 17-ші рет қорғады. Тағы бір айта кететін жайт, Головкин осыдан дәл 12 жыл бұрын, яғни 6 мамыр күні Германияда өзінің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін венгриялық боксшы Габор Балогқа қарсы өткізіп, бірінші раундта нокаутпен жеңген-ді.

Кездесуден соң Ванес Мартиросян журналистерге жекпе-жек туралы пікірін айтып берді. «Құдды пойыздың астында қалып қойғандай болдым. Оның бір ғана емес, барлық соққысы маған өте ауыр тиді. Бұған дейін мені ешкім бұлай қатты соққының астына алмаған еді. Головкин – сұмдық панчер. Әрбір соққысы мығым әрі жойқын «Канелоның» әлгі етті не үшін жегенін енді түсіндім», деді Мартиросян.

Ал Головкин кездесуден кейін өзін жақсы сезінгенін айтады. «Мені қолдаған барша қазақстандықтарға, дос­тарыма алғысымды айтамын. Ванес – мықты боксшы. Бірінші раунда жасаған бірнеше соққысы дәл тигенде жекпе-жек қиынға соғады деп ойладым. Бірақ екінші раундта бәрі сәтті аяқталды. Жанкүйерлерім үшін Синко де Майо мерекесіне керемет сый жасадым», деді Головкин.

Сонымен қатар Головкин алдағы айқасына жақсы қарсылас іздейтінін мәлімдеді. «Қыркүйекте «Канеломен» қарымта кездесу дейсіз бе? Ол дайын болса, мен дайынмын. Кіммен болса да жұдырықтасуға күшім жетеді. Тоғыз жыл бойы чемпионмын. Жігіттер, қол­дарыңнан келсе, белдігімді алуға тырысып көріңдер», деп мәлімдеді ол.

Дәл қазір жанкүйерлер Головкинмен жекпе-жекке шығуы мүмкін болған нақты үш боксшының есімін атайды. Олар: Сауль Альваерс (Мексика), Билли Джо Сондерс (Британия) және Сергей Де­ревянченко (Украина).

Головкин-Мартиросян жекпе-жегіне тікелей эфирде комментаторлық жасаған бокстан Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевтың пайымдауынша, Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы британиялық Билли Джо Сондерс болуы мүмкін. «Қазір Сондерсте Головкинге жетпей тұрған WBO белдігі бар. Сондықтан Головкинге алдағы уақытта британиялық бокс­шы қарсылас атануы мүмкін. Себебі, Сондерс Головкинмен кездесетін болса, үлкен қаржыға кенелетіні анық. Билли Головкинмен кездескен жағдайда, ол отандасымызға аса қиындық туғыза қоймайды. Өйткені Сондерстің соққысы айтарлықтай жойқын емес», дейді Олимпиада чемпионы.

Ал отандасымыздың жаттықты­ру­шысы мүлде басқа пікірде. Оның айтуын­ша, Головкин-Сондерс жекпе-жегі өтпеуі де мүмкін. Себебі британиялық боксшы отандасымызбен жұдырықтасуы үшін өте ірі көлемдегі гонорар талап етуде.

«Сондерс Головкинмен ешқашан жек­пе-жек өткізбейді. Өйткені ол өте көп сомада қаржы талап етуде. Мысалы, Сондерс Дэниэл Джейкобспен рингте кездесуі үшін жеті миллион доллар сұ­раған. Осыдан-ақ ойлай беріңіз, ол Голов­кинмен шығу үшін қанша қаражат сұ­рағанын. Сондықтан, біз WBO бел­дігін ала алмаймыз. Головкиннің өзіне де дәл қазір бұл белдік аса қажет те емес. Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін деген сұраққа келсек, бізде бірнеше нұсқа бар. Олар: Мурата, Джейкобс, Чарло және Деревянченко. Сондай-ақ «Канеломен» қарымта кездесу өткізгіміз келеді. Бұл айқас біз үшін қаржылық жағынан емес, кім мықты анықтау үшін тиімді», дейді Санчес.

IBF талабы бойынша, Головкин ал­дағы 90 күннің ішінде украиналық Сер­гей Деревянченкомен жекпе-жекке шы­ғуы тиіс. Егер Деревянченкомен жекпе-жек­ке шықпаса, IBF Головкиннен чемпиондық белбеуді қайтарып алатынын мәлімдеген. Мартиросянға қарсы жекпе-жектен соң Головкиннің командасы IBF ұйымынан белдікті қорғау мерзімін тағы да шегеруін сұраған. Бірақ IBF әлем чемпионы атағын қорғау үшін екінші рет жекпе-жекті кейінге шегер­мейтіні анық.

Головкиннің командасын алда өте маңызды таңдау күтіп тұр. Альварес, Сон­дерс немесе Деревянченко. Отан­да­сымыздың промоутері Том Леффлердің айтуынша, Головкин енді күз мезгілінде жұдырықтасады және ол үшін өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын тиімді жол тауып беретінін айтты.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу