Мамандарсыз цифрландыру үдерістері мардымсыз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында экономиканың барлық саласында озық технологияларды енгізіп, цифрландыру ісін жүргізуді міндет етіп қойды. Ол білікті мамандар даярлаудың өзектілігін бірден алға тосады. Осыған орай еліміздегі білім ордаларының атқарар ісі, мақсат-міндеті де жеңіл болмайды. Бұл жөнінде біздің тілшіміз Рудный индустриялық институтының ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Абдрахман НАЙЗАБЕКОВПЕН әңгімелескен еді.

Егемен Қазақстан
14.05.2018 5596
2

– Абдрахман Батырбекұлы, экономиканы серпінді дамыту үшін елімізде жүзеге асырылып жатқан «Цифрлы Қа­зақ­стан» мемлекеттік бағдар­ла­масының маңызы қандай?

– Елбасы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында «әлемнің төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқанын» айтты. Адамзат дамудың жаңа, серпінді сатысына аяқ басты. Тәуелсіздігін алған 25 жыл ішінде Қазақстан өмірдің барлық саласында үлкен жетістіктерге жетті. Еліміздің үшінші жаңғыруы бас­тау алып, индустрияландыру бағ­дарламасы жүргізіліп жатыр. «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Бұл цифрландыру бағдарламасы төр­тінші өнеркәсіптік револю­цияның негізі, іргетасы болып табылады. Ол тек өнеркәсіп пен индустриялық өндірісте ғана емес, өмірдің барлық саласын, оның ішінде әлеуметтік саланы да тұтас қамтиды. Цифр­ландырылғанда экономикада еңбек өнімділігі артады, өндіріс пен ауыл шаруашылығында қол еңбегі барынша жеңілдейді, әлеуметтік салада тұрмыс жақ­сарады, уақыт үнемделеді. Бұл жөнінен әлемдегі алпауыттар қатарындағы АҚШ, Германия, Жапония сияқты бірқатар елдер оқ бойы алға кетті. Өмірдің барлық саласында цифрландыру бағдарламасын жүзеге асырмай, Қазақстан әлемдегі озық 30 елдің қатарынан көріне алмайды. Ол үшін ең алдымен материалдық байлықты жасауымыз керек. Ол үшін экономиканың өндірістік саласы алдыңғы орынға шығатыны белгілі ғой. Онсыз жаһандық бәсе­кеге төтеп беру қиын. Өзге таңдау жоқ. Бұл – бүгінгі уақыт­тың ақиқаты.

– Цифрландыру ісі эконо­ми­каның қай саласының да серпінді дамуының кепілі болатынын сеземіз. Бірақ ол ай­туға ғана оңай болмас үшін не істеу керек?

– Өмірдің барлық саласын цифрландырудың дұрыс бағыт екенін дүние жүзіндегі дамыған елдердің мысалынан көріп отырмыз. Оның өзі бола қалатын іс емес, онымен қосарланып көп өзекті мәселе басын көтереді. Цифрландыру дамудың жоғары сатысы болғандықтан өндіріс пен ауыл шаруашылығында тех­никаны барынша жаңалау, ком­пьютерлендіру, кең жолақты интернет апару, роботтандыру, автоматтандыру және іс қа­ғаз­дарын жүргізуді дәстүрлі қағаз құжаттардан электронды нұсқаға көшіру ісін жеделдете жүргізуді уақыт талап етеді. Ал маман дайындаудың өзектілігі осы жұмыстардың барлығының салмағын басып кетеді. Білікті мамансыз, кадрсыз цифрландыру ісі сөзсіз ақсайды. Рудный индустриялық институты бірсыпыра мамандарды еліміз өндірісінің флагманы болып саналатын Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігіне және тағы да басқа салаларға арнап дайындайды. Бүгінгі уақыт мамандар даярлауға заманауи көзқарас қалыптастыру қажеттігін көр­сетіп отыр. Ескі сүрлеумен жүр­сек ұтыламыз. Мысалы, бүгінде кен инженеріне кен өндірудің қыр-сырын, оның озық технологиясын ғана білу тым аздық етеді. Мұндай деңгейдегі түлек кен өндірісіне ертең керексіз болып қалуы әбден мүмкін. Бүгінгі кен инженері озық технологиямен бірге оның бағдарламалық басқарылуын, роботтануын бес саусақтай білмесе, өндірісте жұмыс істей алмайды, онсыз цифрландыру жүзеге аспайды да, кен өндірудің дамуы кенжелейді. Австралия дүние жүзінде кен өндіру саласындағы озық технологияларды енгізу жөнінен көш басындағы елдің бірі. Осы елде өмірге келген Mikromine бағдарламасының бір өзі кен қорын бағамдауға, оны үйлестіруге, кеніш пен шахталарды жобалауға, кен бар жерді бұрғылап жаруға және оның құрамын бақылауға, кен іздеу жұмысын жоспарлауға мүмкіндік береді. Сол сияқты ашық және жерасты кен өндіру жұмыстарын модельдеуде, жос­парлау құралдарын құруда және күнделікті өндірістік тапсырмаларды атқаруда Surpac бағдарламасы еңбекті сон­ша­лықты жеңілдетеді және тиім­ділікті арттырады. Дүние жүзін­дегі кен өндіретін ірі компа­ниялар Mikromine және Sur­pac бағдарламалар кешенін геологиялық барлау жұ­мыс­тарына, ресурстарды модельдеуге, кен жұмыстарын жоспарлауға пайдаланады. Бірақ кен шығару компанияларының мамандары жұмыс үдерістерінің өте жоғары дәрежеде автоматтандырылуы нәтижесінде ғана мен айтып отырған озық бағдарламаларды пайдаланудың қарапайым әрі өте тиімді болатынын айтады. Студенттер осы бағдарламаларды терең білмей, маман бола алмайды. Сондықтан біздің институт «Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі» және «КазМинералс» акционерлік қоғамдарының кеңесімен бұл бағдарламаларды сатып алып, оқу үдерісінде пайдалана бастады.

Бағдарламалық өнімдерді жеңіл өнеркәсіп саласының кәсіпорындарында, құрылыста, кен өндіруге пайдаланатын тех­никалардың ақауын білуде, экономика мен әлеуметтік өмірдің барлық салаларында пайдалану барынша тиімді. Студенттер осы­ның барлығын білім ордасында оқып қана қой­май, тәжірибе жүзінде үйре­нуі үшін өндіріс пен өнеркә­сіп­тегі озық технологияларды бағ­дарламалық басқаруды қамта­масыз ететін өнімдерді сатып алуды жалғастырып отырмыз.

– Жас маман кен орнына немесе кәсіпорындарға бар­ғанда өзін озық технология­ларды бағдарламалық басқаруды мең­­герген маман ретінде көр­сете ала ма? Әлде жас маман­ның алдында ондағы білікті ма­ман­­дардан үйрену мерзімі тұра ма?

– Маманға бүгінгі уақыт талабы жоғары. Студент институтты бітіріп, өндіріске барғанда барлығын бес саусақтай білетін маман дәрежесінде болуы тиіс. Ол үшін өндірістегі техно­ло­гияларды бағдарламалық бас­қарудың барлығын студент кезінде оқып, үйреніп, тәжі­ри­беден көріп үлгеруі тиіс. Өмір осы­ған жетелеп келе жатыр. Біз­дің институтта қазір оған жағ­дай жасалған. Жоғарыда айтқаным­дай, біз дайын­дайтын маман­дық­­тар­ға қажетті бағ­дар­ламалар­ды са­тып алып жатырмыз. Екін­­ші­­ден, өндіріс орындары­мен, кә­­сіп­орындармен, белгі­лі кәсіп­керлермен тығыз байла­ныста жұмыс істейміз. Кәсіп­орын­дар тәжі­ри­беден өтуге бар­ған сту­денттерге бола­шақ өз ма­мандары ретінде қарай­ды, жұмыс­тың бүге-шігесі үйре­ті­леді. Алайда, қазір маман дайындау ісі тек институттан басталмауы тиіс.

– Неге?

– Өмірге дендеп еніп келе жат­­қан цифрландырудың негізі болып табылатын бағдарла­малардың «әліппесін» балалар мектеп қабырғасында оқып, үйренуі ке­рек.  Жоғары оқу орнында студент өзінің мамандығына сай бағдарламалық басқаруды бірден тереңдеп меңгеруді бас­тайды. Сондықтан мектепте оқушылар компьютерде жұмыс істеуден бастап, роботтарды, бағдарламалауды білу деңгейін игермесе, жоғары оқу орнында ол тереңдетіліп оқытылған кезде оқу бағдарламасына үлгере алмайды. Мамандығын игеру қиын болады. Биыл облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің бастауымен аудандар мен қалаларда жиырмадан аса цифрлы технологиялық ІТ кабинеттер ашылды. Бұл ауыл балаларын да цифрлы технологияның «әліппесімен» танысуға, жұмыс істеуге, ізденістерге баулитын игі іс болды.

Мектеп пен жоғары оқу орны арасында тығыз байланыс орнағанда жастар өзінің болашақ мамандығы жөнінде алдын ала мол ақпарат, бағыт алады, оның қыр-сырына көзі қаныға береді. Кеншілер қаласындағы мектептер мен Рудный индустриялық институты арасында жақсы байланыс бар. Мектеп оқушылары институтқа келіп, барлық сала­дағы бағдарламалық өнімдермен, лабораториялар жұмысымен танысады, үйренеді.

– Сіз мектеп оқушыларын математика-физика, инфор­ма­тика пәндеріне баулу, техни­ка­лық мамандыққа тарту ке­ректігін жиі айтасыз.

– Ол рас. Бұл түсінген адам­ға нарықтың ыңғайымен «көр­пені өзіңе қарай тарту» емес, Елбасымыз айтып келе жат­қан өзекті мәселенің бірі. Осыған дейін білім гранты аздық ететін, жастар көрші елдер бөлген гранттарды алуға тырыс­қан уақыт болды. Биыл Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» жастарға жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қосымша 20 мың білім гранты бөлінетінін айтты. Соның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады. Бұл білім алғысы келген жастар үшін өте үлкен қамқорлық. Ал мек­теп оқушылары көбінесе, гума­ни­тарлық мамандықтарды, халық­аралық дипломатияны, заңгер­лікті, оның сыртында эконо­мист, бухгалтер болуды қа­лайды. Сөз жоқ, осы маман­дық­тардың қайсысы да мемлекет­ке керек. Бірақ еліміздің мате­риалдық байлығын индустрия­лық өндірістер, ауыл шаруашы­лығы, құрылыстар, өңдеу кә­сіпорындары жасайды. Мұн­сыз мемлекеттің баюы, еліміздің әлеуметтік гүлденуі де мүмкін емес. Ал осы салаларға техникалық мамандықтар ауадай қажет. Баланың белгілі бір пәнге, соған сәйкес бір мамандыққа бейімділігі болады, оны жоққа шығармаймын. Бірақ оған жас кезінен техникалық мамандықты ата-анасы, ұстазы айтып түсін­дірсе, математика, физика пән­деріне қызықтырса, баланың өсе келе техникалық мамандық иесі болуы әбден кәміл. Жас­тар мемлекет бөлген білім гран­ты­ның маңызын түсініп, оны дұ­рыс пайдаланғанда, техника­лық маман жетіспеу мәселесі де шешімін табады. Сонда «Цифрлы Қазақстан» бағдарла­ма­сын жүзеге асыруда кідіріс болмайды.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай облысы,

Рудный қаласы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2018

Сенат комитетінде діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері туралы заң жобасы қаралды

25.09.2018

Игорь Чжан: Велосипедтің кесірінен жүлде алмадым

25.09.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS рейтингінде тағы да алға жылжыды

25.09.2018

142 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

25.09.2018

Жақсы өсім - нәтижелі жұмыстың кепілі

25.09.2018

Инвесторлармен ортақ келісімге келді

25.09.2018

«Egemen Qazaqstan» газетінің журналисі марапатталды

25.09.2018

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымын нығайтуға және реформалауға шақырды

25.09.2018

Қазақстан Нельсон Мандела Бейбітшілік саммитіне қатысты

25.09.2018

Астана тұрғыны 10-қабаттан құлаған баланы тосып алды

25.09.2018

Қ. Қасымов ұялы телефондар ұрлығының жолын кесу шаралары туралы айтып берді

25.09.2018

Назарбаев Университетінде тың жобалар таныстырылды

25.09.2018

Нәубәт Қалиев қайтыс болды

25.09.2018

Үкіметте өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы мақұлданды

25.09.2018

АӨК цифрландыру аясында 20 цифрлық және 4000 дамыған ферма құрылады

25.09.2018

Жағажай волейболынан әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтеді

25.09.2018

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ұтты

25.09.2018

Бүгін Бакуде белдескен қос балуанымыз ұтылды

25.09.2018

«Хат қоржын» (25.09.2018)

25.09.2018

Солтүстік Қазақстан полицейлері Тілдер фестивалін өткізді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу