Тайсон Әлидің кегін қалай қайтарды?

Осыдан 30 жыл бұрын яғни, 1988 жылы атақты боксшы Майк Тайсон өзінің бала кездегі арманын орындау үшін ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын бәске тікті. Оның арманы – Мұхаммед Әли жеңілген Ларри Холмсты жеңіп, Әлидің  кегін қайтару болатын.

Егемен Қазақстан
14.05.2018 5345
2

Кәсіпқой бокста қарсылас шақ келтірмей жүрген Мұхаммед Әлидің «алтын» дәуірі аяқталар кезең 1980 жылға тура келді. Дәл осы жылдары Әлиге жекпе-жекке дайын­да­лу­ға көмектесіп, спарринг-серіктес атанып жүр­ген Ларри Холмс бокстың жұлдызы болып шыға келді. Мұхаммед Әли карьера­сын­­дағы соңғы жекпе-жектерінің бірін осы Холмс­­қа қарсы өткізіп, Әли бірінші рет кез­де­суді соңына дейін жалғастыра алмай, Лар­ри­ден оңбай таяқ жейді. Сондай-ақ Холмс Әли­мен өткен жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқ­таған алғашқы және жалғыз боксшы болды.

Бір қызығы, Холмс Тайсонмен жекпе-жек өткізер алдында екі жыл жұдырықтаспаған. Әли де Холмсқа қарсы шығар алдында екі жылға жуық шаршы алаңға шықпаған еді. Оның үстіне Мұхаммед жекпе-жектен үш ай бұрын ауруханада дәрігерлердің тексерісінен өтіп, ол оң нәтиже берген. Бірақ оның нәти­желері көп уақыт бойы құпия ұсталған. Кейі­нірек уақыт өте анықталғандай, сол кездің өзінде Әлидің саусақтары мұрнына әзер же­тетін, бір аяғымен мүлдем тұра алмаған, ал сөйлеуі тіпті қиындап кеткен еді. Дәл сол уақытта оның ауруы (Паркинсон) асқынып келе жатқан болатын.

Холмспен жекпе-жек алдында Әли былай деп айқайлады: «Мен сенің қожайыныңмын және ұстазыңмын. Сен бүгінге дейін жеткен жетістіктерің үшін маған қарыздарсың». Жекпе-жек алдындағы осы «нөлінші» раунд қана Мұхаммедтің еншісінде болды. Ал қалған жарты сағат бойы рингте Холмс үс­тем­дік етті. Шәкіртінің бұдан әрі қарай Холмс­қа төтеп бере алмайтынын біліп, боксшысының қорланып жатқанын түсінген Әлидің жаттықтырушысы Анжело Данди жекпе-жекті тоқтатуды ұйғарды.

Сол уақытта АҚШ-тың келесі бір бөлі­гін­де осы жекпе-жекті тамашалау үшін бірнеше жас боксшы жиналған болатын. Олардың арасында 14 жастағы Майк Тайсон да бар еді.  

80-жылдары бозбала Майк өте бұзық әрі сотқар бала-тұғын. Оның бұзақы болғаны сон­шалықты, Тайсонды ата-анасы түзету мекемесіне беруге мәжбүр болған. Балаларды түзе­ту мекемесінде отырған күндердің бірін­де ол достарымен бірге Мұхаммед Әли ту­ралы «Барлық уақытта теңдессіз» («Вели­чай­ший на все времена») фильмін көру үшін келді. Фильм аяқталған соң барлығы шапалақ соғып тұрғанда, сахнаға әйгілі боксшы Мұ­хаммед Әлидің өзі шыға келді. Көрермен бо­лып отырған балалар өз көздеріне өздері сен­бей қалды. Өйткені бұл балалар үшін расы­мен күтпеген жайт еді. Сол сәттен бас­тап Тайсон тек қана боксшы емес, барлық кезең­нің ұлы боксшысы болуды мақсат тұтты.

Әли мен Холмс жекпе-жегінің ертесіне Тайсонның сол кездегі жаттықтырушысы, атақты КасД'Амато оның көзінше Мұхам­мед­пен телефон арқылы сөйлеседі: «Өзіңді қалай ғана әуесқой боксшының соққыға жығуына жол бердің? Ол сен үшін түкке тұрғысыз бокс­шы еді ғой!..», деп айқайлады Д'Амато.

Содан кейін ол адам тағдырына әсер ететін ерекше шешім қабылдап, Әлиден Тай­сонмен сөйлесуін өтінеді.  – Қазір менің жанымда бір жас бала отыр, – деді Д'Амато. – Ол қазір жай ғана боксшы, бірақ болашақта ауыр салмақтағы әлем чемпионы болады. Оның аты – Майк Тайсон. Өтінемін, мен үшін сол жігітпен сөйлесіп көрші, Мұхаммед. Сен оған мені әрқашан тыңдау керектігін айтқаныңды қалаймын, – дейді де Д'Амато тұтқаны Майкқа береді.

– Сіздің мұндай жағдайға түскеніңіз өкі­нішті.

– Мен ол кезде науқас едім, − дейді Әли. – Жекпе-жек алдында дәрі ішіп, барлық кү­шімді сарқып алдым. Сол себепті Холмс мені оңдырмай соққылады. Мен толық емделіп, үлкен рингке қайта ораламын. Холмстан кегімді қайтаруды жоспарлап отырмын.

– Уайымдамаңыз, чемпион. Мен өскенде оны сіз үшін жеңіп және сіздің кегіңізді қай­таратын боламын, − деді бала Майк.

Арада бірнеше жыл өтіп, Тайсон кәсіпқой бокстағы мансабын бастаған кезде, Д'Амато оның алдына мақсат қояды: «Біздің міндетіміз – Холмсты тас-талқан етіп жеңіп, одан чемпион атағын тартып алу. Ол сенімен салыстырғанда түкке де тұрмайды!».

Өкінішке қарай, Д'Амато-ға Тайсон мен Холмс арасындағы жекпе-жекті көру бақы­ты бұйырмаған екен. Д'Амато 1985 жылы қайтыс болды. Бірақ Тайсон Кас ұсынған жоспарды есте сақтап, оның «Джебтен кейін бірден оң қолмен соққы жасау керек» деген сөзін ешқашан жадынан шығарған жоқ.

80-жылдардың соңына қарай Холмс Майкл Спинкспен екі рет жұдырықтасып, екеуінде де ұпай саны бойынша жеңілген еді. Бірақ Холмсты әлі ешкім нокаутпен жеңбеген бо­ла­тын. Ларридің өзі де, басқа боксшылар да мұндай мүмкіндік болатынына сенген жоқ-ты. 

1988 жылдың соңына қарай бүкіл әлем күткен Тайсон-Холмс жекпе-жегі ұйым­дас­тырылатын болды. Кездесу күніне дейін жек­пе-жекті Тайсон мен жанкүйерлер тағат­сыздана күтті. Жекпе-жек алдында Ларри былай деді: «Мен бокс тарихында жеңімпаз ретінде қалмақшымын. Ал Майк Тайсонға келер болсақ, ол бокс тарихындағы соңғы жексұрын боксшы ретінде қалады. Ал егер ол мені жеңетін болса, алдағы уақытта Тайсон өзін-өзі құртып тынады».

Рингке шығардың алдында Тайсон киіну бөлмесінде Холмсты жер бетінен жоқ қылып жіберуді көздеді. Тіпті ол қабырға құлағанша бір жерді ұра берді. Себебі Майк Холмсты да дәл осылай құлату ниетінде болды. Ал жекпе-жекті қыздыра түсу үшін рингке Әли шығып, Тайсон отырған бұрышқа келіп «Оның сазайын бер!» деп өтінді.

Гонг сыңғыры естіле салысымен Тайсон шабуылға көшіп, Холмсқа өмірінде бұрын-соңды көрмеген соққыларды жаудырды. Ол тіпті қарымта соққы туралы да ойлай алмады. Сол кезде ол ешкім тоқтата алмайтын «машинамен» бетпе-бет келгенін түсінді. Сол минуттарда Тайсон бокстың бет бейнесі, бұл спорт түрі Тайсон үшін жасалған сияқты еді. Төртінші раундта рефери «Брейк» деп команда берді. Тайсон жекпе-жекті тез аяқтау керектігін түсініп, екі секундтан кейін ол Д'Амато айтып кеткен тәсілді іс жүзінде қолданып, Холмсты сұлатып салды. Бір минут өткеннен кейін ол тағы нокаутқа түседі. Бірақ бұл жолы Ларри орнынан тұра алмай, төреші оның жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын айтады. 

Майк Тайсон осылайша Холмстан Мұхам­мед Әлидің кегін қайтарды. Бұл Кастың жеңісі, Әлидің жеңісі, әрине Тайсонның жеңісі болатын.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

19.09.2018

Оралда Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойы аясында республикалық конференция өтті

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу