Қазақстан және Грузия Сыртқы істер министрлері ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға ресми сапармен келген Грузияның Вице-Премьер-Министрі, Сыртқы істер министрі Михеил Джанелидземен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
16.05.2018 2071
2

Бүгінде Қазақстан мен Грузия ең кең мәселелер шеңбері бойынша тиімді өзара іс-қимылдар жасауда. Қос мемлекет арасында 70-тен астам құжат құрайтын ауқымды шарттық-құқықтық база жасалды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев қазақстандық-грузиндік ынтымақастық жобаларына ерекше назар аударады. Тбилисиге 2005 жылғы ең жоғары деңгейдегі ресми сапар қорытындылары бойынша Қазақстан Грузия экономикасына алғашқы ірі инвесторларының бірі атанды. Өз кезегінде грузиндік компанияларға Орталық Азия мен Қытай нарықтарына жол ашылды. Қазіргі таңда Қазақстанда энергетика, көлік, инновация, медицина секілді салаларда  грузиялық капиталдың қатысуымен 120-дан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде.

2017 жылдың қорытындылары бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 56,4%-ға ұлғайды және 64,3 млн.долларды құрады.

«Біз Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ, Еуропа мен Парсы шығанағы елдерін байланыстыратын жүйедегі сауда жолдарын, көліктік және экономикалық дәліздерді жетілдіру мен жаңаларын құруға, Транскаспийлік халықаралық көлік бағытын барынша пайдалануға үлкен мән береміз», - деп атап өтті Қ. Әбдірахманов.

Кездесу барысында тараптар сондай-ақ Қазақстан мен Грузияның БҰҰ, ЕҚЫҰ, т.б. сияқты көптеген маңызды халықаралық ұйымдар шеңберінде табысты қарым-қатынасуын атап өте келе, халықаралық күн тәртібін талқылады.

Грузиялық вице-премьер Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамындағы табысты қызметімен құттықтады.

Келіссөздер қорытындылары бойынша министрлер Қазақстан мен Грузия Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2018-2019 жылдарға арналған ынтымақастық бағдарламасына қол қойды. Құжат екі ел қатынастарының өзекті мәселелері мен халықаралық тақырып бойынша консультациялар сериясын өткізуді жорамалдайды. Тараптар екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық негізін жетілдіруге уағдаласты. Бағдарлама сондай-ақ өзара іс-қимылдың нақты мәселелерін қарастыру үшін сараптамалық немесе жұмыс топтарын құруды көздейді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.10.2018

Ілбісті атқанға 5 миллион теңге айыппұл салынады

23.10.2018

Қазақстан қоржынында – 10 медаль

23.10.2018

Алматыда қонақ үйдің күзетшісін соққыға жыққан бұзақылар тұтқындалды

23.10.2018

Әдемінің әуенге толы суреттері

23.10.2018

Хәлің қалай, халық театры?

23.10.2018

Севильдік шаштараз шаш қимайды...

23.10.2018

Петропавлда сұйытылған газ жетіспейді

23.10.2018

Залесский: «Қазақ даласының өмірі»

23.10.2018

Жаңа құжат туризм секторына серпін бере ме?

23.10.2018

Жолдау-2018: Мамандар бастамаға қолдау көрсетуде

23.10.2018

Жолдауда айтылған өзекті мәселелер сөз болды

23.10.2018

Жаңа міндеттер жүктейді

23.10.2018

Балалар жылы жастар жылына жалғасады

23.10.2018

Қазақстанда еңбек кітапшасы алынып тасталады

23.10.2018

Павлодарға «Қайсар» келіп, «Ертісті» жеңіп кетті

23.10.2018

Ономастикадағы отарсыздану ойландырады

23.10.2018

Ортағасырлық қалалар әлемдік мәдениетке үлес қосты

23.10.2018

Қ. Әбдірахманов Қырғызстанның жаңа СІМ басшысын құттықтады

23.10.2018

Жолдау жете түсіндірілуде

23.10.2018

Жазушы Талғат Кеңесбаев дүниеден өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Tulǵalardy mansuqtaýda qandaı maqsat bar?

Elbasy Nursultan Nazarbaevtyń «Bola­shaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵ­darlamalyq maqalasy – halyq tarapynan úl­ken qoldaý tapqan, kópshiliktiń yqylasy zor bolǵan bastama. Baǵdarlamanyń arqasynda hal­qymyzdyń mol rýhanı murasy qaıta jańǵyryp, tarıhymyz túgendeldi. Osy jobanyń aıasynda tól ádebıetimiz ben mádenıetimizdiń shetelderde nasıhattalýy, sheteldiń túrli saladaǵy eń mazmundy kitaptarynyń aǵylshynshadan tikeleı qazaq­shaǵa aýdarylyp, qalyń oqyrmanǵa tabystalýy da buryn-sońdy bolmaǵan is.

Дидар Амантай,

Kınoádebıet

Teginde, ult ádebıeti men qazaq kıno­sy arasynda, sonaý Sháken Aımanov, Májıt Begalın, Sultan Qojyqov, Abdolla Qarsaqbaev zamanynan beri qalyptasqan ónegeli dástúr, jaqsy qarym-qatynas, tyǵyz baılanys búginde óz jalǵasyn taýyp otyr.

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу