АХҚО криптовалютаны құптайды, ал Ұлттық банк қырын қарап отыр

«Астана» халықаралық қаржы орталығы коиптовалютаны құптайды. Алайда, Ұлттық банк оған қырын қарап отыр. Бұл туралы Atameken business channel (abctv.kz) хабарлады.

Егемен Қазақстан
18.05.2018 24130
2

Осы мақалада айтылғандай, қазір қоғамның криптовалюта туралы пікірі қақ жарылып тұр. Адамдардың бір тобы бұл нарықты дамыту керек десе, ендігі бір топ оның болашағына күмәнмен қарайды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің басқарушы директоры Қайрат Қалиевтің айтуынша, қазір әлемде криптовалюта нарығы қалыптасып, жетілу үстінде.

«Мынаны қаперде ұстаған жөн: қаласақ та, қаламасақ та әлемде криптовалюта нарығы құрылды. Бұл нарық Қазақстанда да жұмыс істеуде. Дәл қазіргі уақыттағы өзекті сауал – «Қандай қадам жасаймыз?». Біріншіден, криптовалюта нарығын елеусіз ғана қалдыруға болады. Екіншіден, бұған түбегейлі тыйым салуға да мүмкіндік бар. Қазақстандағы кейбір мекемелер мұндай қадамды жақтап отыр. Үшіншіден, криптовалюта нарығын реттеу керек. «Астана» халықаралық қаржы орталығы үшінші қадамды құптайды», – дейді Қайрат Қалиев.

Қаржы орталығы өкілінің сөзінше, криптовалютаның жағымды да, жағымсыз да тұстары бар. Соған қарамастан, бұл нарықты дамытуға болады.    

«Халықаралық қаржы орталығы жаңа қаржылық құралдарды дамытуға бейілді. Сондықтан, орталық жаңа нарықтарды іздестіруде. Бұл ретте, криптовалюта нарығын алға бастыруға болады. Сол себепті біз аталған нарықтың реттелгенін қалаймыз», – дейді ол. Қайрат Қалиевтің сөзіне сенсек, «Астана» халықаралық қаржы орталығы криптовалюта нарығын реттеудің арнайы ережелерін әзірлеуде. Аталған ережеге сәйкес, криптовалютаны сауда жасауға, цифрлық қызметтерді атқаруға қолдану жоспарлануда. Ол үшін нарықтағы қаржылық тәуекелдерді мейлінше азайту керек. Десек те, Қазақстанның Ұлттық банкі криптовалютаға қарсы қатаң саясат ұстанып отырғанын жақсы білеміз. Яғни, қаржылық реттеуші аталған нарыққа аяқ басқысы келмейді. Қайрат Қалиевтің айтуынша, Ұлттық банк бұл жерде ең алдымен тұтынушылардың құқығын қорғауға басымдық беруде. Яғни, Қазақстандағы 18 миллион халықтың мүддесін қорғау тұрғысынан келіп отыр.

«Бір жағынан бұл дұрыс та. Криптовалютадан хабары шамалы адамдар өз активтерін жоғалтып алуы мүмкін. Ал бұл кейін үлкен проблемаға айналуы ықтимал. Мұндай топтар көбейген кезде, амалы құрығандықтан үкіметтен қолдау сұрайтын болады. Сол себепті Ұлттық банк криптовалюта нарығына беттемей отыр. Десек те, аталған нарық Қазақстанда жұмыс істеуде. Демек, оған тыйым салудан гөрі, реттеудің тетіктерін қарастырған жөн. Сондай-ақ, криптовалюта нарығы ақша айналымымен салыстырғанда әлдеқайда ашық екенін ұмытпауымыз керек», – дейді «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің басқарушы директоры.

Ал киберқауіпсіздік саласының маманы, Group-IB компаниясының (Ресей) жеке клиенттермен жұмыс жөніндегі директоры Руслан Юсуфов соңғы жылдары хакерлер криптовалюта нарығына жиі шабуыл жасайды дейді.

«Криптовалюта нарығын қауіпсіз деп айта алмаймын. Сөзім дәлелді болу үшін екі мысал келтірейін. Осы жылдың қаңтар айында Жапонияның тек криптовалюталармен ғана жұмыс істейтін биржасына хакерлік шабуыл жасалды. Салдарынан 533 млн доллар жоғалып кетті. Ал ақпан айында Италия биржасы да дәл осындай жағдайды бастан өтерді. Бұл жолы хакерлер 180 млн доллар көлеміндегі қаржыны үптеп кетті. Бұл өзі банкті тонағанға ұқсайды. Соңғы жылдары хакерлер криптовалюта нарығын жиі торуылдайтын болды. Себебі, бұл нарыққа шабуыл жасаған қылмыскердің жаза арқалап, түрмеге түсу мүмкіндігі өте төмен. Өйткені, криптовалюта нарығын күдіктенетіндей із қалдырмай-ақ тоңауға болады», – дейді Руслан Юсуфов.

 Киберқауіпсіздік саласы маманының сөзінше, хакерлердің құрығына түспеудің қарапайым ғана жолдары бар.

«Криптовалюта дегеніміз күнделікті қалтамызда жүретін ақша толы әмиян секілді. Әмиянды жоғалтып алмауға тырысамыз ғой. Криптовалютаға да дәл сондай қамқорлық керек. Сондай-ақ, криптовалютадағы жинақтарды мейлінше жасырын ұстау қажет. Кім-көрінгенге айта беруге болмайды. Мұндай ақпарат хакерлердің құлағына тисе, ертеңінде-ақ жинаққа шабуыл жасауы әбден мүмкін», – дейді киберқауіпсіздік саласының маманы.

Дүниежүзілік банктің аймақтық басқармасының Еуропа мен Орталық Азия бойынша бас экономисі Ханс Тиммердің сөзінше, криптовалюта нарығына күмәнмен де, сеніммен де қарауға болады.

«Криптовалюта – цифрлық революцияның бір ғана бөлігі. Менің күмәнім цифрлық эволюцияның даму қарқынына байланысты болып отыр. Мәселен, блокчейн технологиясын алайық. Ол 2009 жылы жұмысын бастады. Дәл осы жылы алғашқы криптовалюта – биткойн пайда болды. Сондай-ақ, 2009 жылы алғашқы айфон да өмірге келді. Осылайша, интернет-қызметтердің ауқымы кеңейіп кетті. Қазір барлық салада интернет-қызметтер жақсы дамыған. Ал әр сала өз бетінше дамуға бет алған жағдайда криптовалютаға сенім артуға болмайтын секілді», – дейді Ханс Тиммер.Оның сөзінше, бұл нарықты дамытып, реттеу тетігін іске қоспаса тағы болмайды. Өйткені, криптовалютаны жасаушылардың ықпалы артып келеді.

«Мәселен, Facebook криптовалюталық компаниялармен бірігіп алды. Яғни, бұл нарықта ірі ойыншылар пайда бола бастады. Ал олар үкіметті бақылауға алғысы келеді. Бұл – өте қауіпті», – дейді Дүниежүзілік банктің өкілі. Әлемдегі ең алғашқы криптовалюта – биткойн. Осы саланың білікті маманы Маттиа Раттагги криптовалюта ақшаның орның алмастыра алады деген пікірде.

– Криптовалютаның анасы. Бұл өзі қалай пайда болды? Ол үшін сәл шегініс жасау керек. 2008 жылы әлем қаржылық дағдарысты өткерді. Осы тұста кейбір мамандар банктік сектордан бөлек өзге де жүйелерді құру туралы бас қатыра бастады. Соның нәтижесінде биткойн дүниеге келді. 2009 жылы биткойнмен алғашқы транзакция жасалды. 2016 жылы биткойнның бағасы артты. Ал 2017 жылдың соңына қарай баға құлдырай бастады. Өйткені өзге де криптовалюталар пайда болды. Бәсекелестік артты. 2018 жылдың алғашқы тоқсанындағы жағдайды бағамдар болсақ, биткойнның бағасы жоғарылап келеді. Жалпы, криптовалюта нарығы жылдам дамуда. Бұл бағытқа қомақты қаржы да құйылып жатыр. Ойыншылар көбейе бастады», – дейді Маттиа Раттагги. Оның айтуынша, криптовалюта нарығында екі үлкен проблема бар. Біріншісі – бағаның құбылмалылығы. Арнайы реттеу тетігі болмағандықтан, бағаның құбыла беретіні түсінікті. Ал екінші проблема – энергия тұтыну. Яғни, инфрақұрылым мәселесі түбегейлі шешілмеген. Маттиа Раттаггидің дерегінше, қазір әлемде криптовалютаның 1500-ден астам түрі бар.

Әлемде кең таралған тағы бір криптовалюта – блокчейннің білгірі, Mauritius Blockchain Advisory Foundation компаниясының негізін қалаушы Джошуа Хоулидің болжамынша, 2027 жылға қарай әлемдік жалпы ішкі өнімнің 10%-ын блокчейн активі құрамақ. Бұл дегеніміз – 10 трлн АҚШ доллары. Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумында БҰҰ алаңында криптовалютаға қатысты ортақ ереже бастамасы жүзеге асырылуы тиіс екенін айтқан болатын.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

22.09.2018

Катонқарағай ауданы тұрғынының сібір жарасынан көз жұмғаны расталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу