Мигель Анхель Лопес спорттық мансабында алғаш рет италиялық Гранд-турда 3-орынды иемденді

101-мәрте өткен «Джиро д’Италия» көпкүндігі 21-кезеңмен тарихи қала Римде өз мәресіне жетті. «Астана» командасы үшін бұл дода қиын өткенімен, табысты аяқталды. 

Егемен Қазақстан
29.05.2018 5337
2

Қазақстандық команданың барлық мүшелерінің атсалысуымен Мигель Анхель Лопес спорттық мансабында алғаш рет италиялық Гранд-турда жалпы есепте жүлделі 3-орынды иемденіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Сонымен қатар 24 жастағы Лопес «Джиро-2018» велододасында үздік жас шабандоз классификациясы бойынша ақ жейдені ұтып алды.

– Бұл нәтиже «Астана» командасы үшін де, мен үшін де үлкен жетістік. Соңғы жылдары да, осы жарыс барысында да қолдау көрсеткен командама алғысымды айтқым келеді. Командадағы әріптестеріме, команда қызметкерлеріне, спорттық директорларға, бас менеджеріміз Александр Винокуровке алғысым шексіз! «Джирода» үш апта бойы тер төктік. Жолымыз болмаған сәттер де болды. Сонымен қатар үздік жас шабандоз жейдесін иемденгеніме де қуаныштымын. «Джирода» көздегенім ақ жейде болатын. Екінші мақсатым Топ-5-тік қатарына ену болса, жеңіс тұғырына көтеріліп, жоспарымды артығымен орындағаныма дән ризамын. «Джиро д’Ита­лия» жарысында менің жан­күйерлерім тек Колумбияда ғана емес, Қазақстанда да көп екенін көрдім – деді Мигель Анхель Лопес.

«Тур де Франс» пен «Испа­ния Вуэльтасының» жеңімпазы британдық Крис Фрум «Джиро д’Италия-2018» веложарысының қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Ал былтырғы италиялық Гранд-турдың жеңімпазы голландиялық Том Дюмолен 2-орынды иеленді.

– Биылғы өткен «Джирода» «Астана» тағы бір мәрте өз күшін көрсетті. Гранд-турдың финалдық подиумына Мигель Анхель Лопес сияқты жас ша­бандоздың көтерілуі – бұл үл­кен жетістік. Барлық команда мен Мигель Анхель Лопестің жеткен жетістігіне көңілім толады. Осы додада үш тамаша жарыс аптасын өткіздік. Қо­ры­тынды нәтижеміз – Лопестің жүлдегерлер тұғырына көтерілуі мен ақ жейдені иемденгені, сонымен қатар Бильбаоның жалпы есепте 6-нәтижеге қол жет­кізгені бізді қуантады. Мау­сымды жақсы қарқынмен бас­тадық. Алдағы уақытта да сол қарқынмен жал­ғас­тырамыз, – деді бас менеджер Александр Ви­нокуров.

«Астана» командасының тағы бір шабандозы Пельо Бильбаоның да тамаша же­тіс­тігін атап өтпесек болмас. Ол өзінің спорттық манса­бында «Джиро д’Италия» веложа­рысының бас классификациясы бойынша алғаш рет 6-орынды иемденді.

«Джироның» финалдық 21-кезеңі Римнің орталық көше­лерінде өтті. Пелотон әр айналымы 11,5 шақырым болатын 10 айналымды жүріп өтті. Жаппай спринтпен аяқталған кезеңде ирландиялық шабандоз Сэм Беннетт жеңіске жетті.

Ермұхамед МӘУЛЕН,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.01.2019

Медициналық туризмді дамытуға үлес қоспақ

16.01.2019

Енді дәрігер «қағазсыз» емдейді

16.01.2019

Саланы ілгерілетудің соны мүмкіндіктері

16.01.2019

Түркістанның (Шауғар, Ясы) ортағасырлық кемеңгер перзенттері жайлы жаңа деректер

16.01.2019

Ескі тарихтың жаңаша жазылуы

16.01.2019

Нөмір сатудан 4 миллиард теңге табыс түсті

16.01.2019

Bas paıda algorıtmi

16.01.2019

Электронды қызмет – заманауи міндет

16.01.2019

Өмірдегі орны бөлек еді

16.01.2019

Қазақстанда баспасөздің міндеті

16.01.2019

Шыңғыс Айтматов. Эйфельдейін мұнараның маңында...

16.01.2019

Бағалы металдар нарығы: Инвестиция салғандар өкінбейді

16.01.2019

Теңге бағамының тұрақтылығы сақтала ма?

16.01.2019

Дуал дауы саяси текетіреске ұласты

15.01.2019

Елімізде бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік құрылады

15.01.2019

Македония бұдан былай екі тілді мемлекет

15.01.2019

Астанада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетушілер саны ұлғаяды

15.01.2019

Жер үшін жетпіс мың арызды арқалаған Ақтау

15.01.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады

15.01.2019

Зарина Дияс Australian Open турнирінің алғашқы кезеңінде сүрінді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ataý men aqaý

Dúken, meıramhana, qonaq úı, shashtaraz, sulýlyq, sán salondary, basqa da túrli nysandardyń ataýy mańdaıshaǵa japsyryla salǵan jáı ǵana jazý emes, ulttyq bolmysymyzdy, ulttyq rýhymyzdy, qoǵamdyq sanany qalyptastyratyn, tárbıelik máni zor mańyzdy faktor sanalady. Solaı degenmen ókinishke qaraı, bul qurǵyryń túbiri sýyrylmaı qalyp qoıatyn aramshópti qansha otaǵanyńmen qaıta-qaıta qaýlap shyǵa beretini sıaqty áli kúnge deıin sheshimin tappaǵan túıini kóp túıtkildiń birine aınalyp otyr.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу