Үкімет отырысы. Тиісті тапсырмалар жүктелді

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылшаруашылық кооперациясын одан әрі дамыту мәселесі талқыланды. Сондай-ақ каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру жайы, сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін жетілдіру шаралары қаралды.

Егемен Қазақстан
29.05.2018 4199
2

Кооператив көмегімен өнім өндірісін ұлғайту керек

Биылғы жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша, елімізде 62 мыңнан астам адамның басын біріктірген 2849 кооператив тіркеліпті. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылық кооперациясын одан әрі дамыту туралы баяндамасында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев мәлімдеді. Айтуынша, 2015 жылы «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» заңының қабылдануы кооперацияны дамытудың негізгі кедергілерін жоюға мүмкіндік берген. Мәселен, кооператив мүшелері табысты өзара бөлісу құқығына ие болды, кооператив қызметіне жыл сайын аудит жүргізу үшін ревизиялық одақтар институтын дамытуға жағдай жасалды, үш заңның орнына бір заң қолданылатын болды, сондай-ақ арнайы салық режімін ауылшаруашылық кооперативі де пайдалана алады.

А.Евниев сонымен қатар кооперацияны дамытудың салалық бағдарламасын іске асырудың нақты шаралары мен құралдарына кеңінен тоқталып өтті. Қорытындысында, ауылшаруашылық кооперациясының бастапқы кезеңі аяқталғанын. Енді ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттырудың негізгі құралы ретінде оны дамытудың жаңа сапалы кезеңіне өтетінін жеткізді.

Өз кезегінде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов кооперативтерге бірігу ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және сату процестерін орталықтандыруға және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мәлімдеуінше, шағын шаруашылықтар, сауда фирмалары мен аграршылар кооперацияларға бірігу арқылы өзара тиімді іс-қимылдар жасайды, шығындарды едәуір азайтады, материалдық-техникалық базаны ұлғайтады, жалпы алғанда ІЖӨ-нің өсуіне ықпал етеді. Ал АШМ ұсынған жаңа әдістер агроөнеркәсіп кешенінде сапалы түрде ауыл- шаруашылық кооперациясын дамытуға және айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге жол ашпақ. Сонымен қатар Т.Сүлейменов ауылшаруашылық кооперативтері үшін қолайлы салық режімі жұмыс істейтінін атап өтті.

Бұдан әрі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Мәлелов «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ауылшаруашылық кооперативтерін және оларға қатысушыларды қаржыландыратынын атап өтті. Айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАгро» холдингі өсімдік шаруашылығында егіс жұмыстарын өткізу үшін 176 ауылшаруашылық тауар өндірушілерін біріктіретін 11 ауылшаруашылық кооперативін жалпы сомасы 9,9 млрд теңгеге қаржыландырған және мал шаруашылығында шикізатты өндіру мен дайындау, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу үшін 7390 фермерді біріктіретін 304 ауылшаруашылық кооперативін жалпы сомасы 20,2 млрд теңгеге қаржыландырған. Ауылшаруашылық кооперативтеріне қатысушылар ет және сүт бағытындағы 156 мыңнан астам бас ІҚМ сатып алған.

Сондай-ақ жиын барысында Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев, Алматы облысының әкімі А.Баталов, Павлодар облысының әкімі Б.Бақауов, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ә.Өсербаев өңірлердегі ауыл- шаруашылық кооперацияларын дамыту қарқыны туралы баяндады. Қорытындысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнімдердің өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда оң қарқын көрсеткенін атап өтті. Сонымен қатар бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауылшаруашылық кооперативтерін құру мен дамытудың мультипликативті әсерін талдау тапсырылды. Атап айтқанда, бірігудің ет және сүт өнімдері көлеміне, құрылған жұмыс орындарының санына, сұраныс пен бағаға әсер ету деңгейін қарастыру тапсырылды. Бұдан өзге Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, АӨК мемлекеттік бағдарламасына түзетулер енгізу аясында агрокооперацияларды дамыту шараларын егжей-тегжейлі пысықтауы қажет. Қабылданған шаралар ауылшаруашылық өнімдері өндірісін ұлғайтуды, ауылдық жерде жұмыспен қамтудың жоғары болуын және ауыл-шаруашылық өнімдерінің экспортын одан әрі арттыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Балалар лагерьлеріне қоғамдық бақылауды күшейту қажет

Үкімет отырысында қаралған келесі мәселе – каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев есеп берді. Министрдің мәліметінше, биыл Қазақстанда 1-10 сынып оқушыларының жалпы саны 2,815 млн адамды құрайды. Жазғы каникул кезінде 15597 сауықтыру лагері мен алаңдары жұмыс істейді деп жоспарлануда.

Балалардың жазғы демалысы екі бағытта, яғни сауықтыру және іспен шұғылдандыру бойынша ұйымдастырылмақ, Сауықтырумен 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 2,595 млн бала немесе 92,2 пайызы қамтылады. Жазғы кезеңде іспен шұғылданумен, мәселен, секциялар, үйірмелер, клубтар, саяхаттар және тағы басқамен 2,557 млн бала немесе оқушылардың 91 пайызы қамтылады. Дарынды балалардың және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге жергілікті бюджет есебінен биыл 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Балалардың жазғы демалысын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыстарды үйлестіру үшін санитарлық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігінің, балалар жарақатының, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алуды, медициналық қызмет көрсетуді және сауықтыруды жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың қамтамасыз етуі бойынша шараларды қарастыратын Премьер-Министрінің өкімі әрекет етеді.

Өңірлердегі жағдай туралы Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек және Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары В.Крылов баяндады. Қорытындысында Үкімет басшысы Б.Сағынтаев әкімдердің, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрлерінің назарын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне аударды. Сондай-ақ балалар лагерьлерінің жұмысына қоғамдық бақылауды күшейту және ата-аналар мен мұғалімдер арасында үнемі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды.

Тегін медициналық көмектің көлемін әрбір азамат білуі тиіс

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа моделін әзірлеу – Елбасы Жолдауында айтылған тапсырмалардың бірі. Осыған орай ТМККК тізбесін жетілдіру шаралары туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндады. Денсаулық сақтау министрі ТМККК тізбесін қалыптастыруға және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде медициналық көмек пакетіне жаңа тәсілдерді қарауды ұсынды. Ал бұл моделді енгізуді үш кезеңде жүзеге асыру көзделген. Айталық, бірінші кездеңде, қазіргі жағдайда ТМККК-ны барынша нақтылау және оңтайландыру мақсатында медициналық қызметтерді басым ету және шектеу арқылы ТМККК пакетіндегі медициналық көмектің толық ревизиясы жүргізілетін болады. Екіншісі ТМККК-нің жаңа моделін МӘМС-ті енгізумен бірге өрістету. Бұл кезең, Е.Біртановтың айтуынша, бір жағынан ТМККК бойынша мемлекет міндеттемелерінің нақты шегін белгілей отырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің профилактикасына және басымдықты дамытуға бағытталған саясатты одан әрі қамтамасыз етумен, екінші жағынан МӘМС жүйесіне толық көлемде көшу және одан әрі дамытумен сипатталады. Үшіншісі медициналық технологияларды дамытуды ескере отырып, ТМККК және МӘМС тізімдерін үнемі жаңартып отыру. Осылайша, ТМККК-да медициналық көмек әрбір адамға жедел және шұғыл күттірмейтін жағдайларда, сондай-ақ барлық қоғамға маңызы бар, яғни демографиялық көрсеткіштердің нашарлауын тудыратын және мүгедектікке алып келетін аурулар бойынша көрсетіледі. Биыл ТМККК-ның нақтыланған тізбесі жасалды, ол медициналық-санитарлық алғашқы көмектің профилактикалық бағыттылығына басымдық бере отырып, медициналық көмектің формалары бойынша қалыптастырылған, дейді министр. Сондай-ақ ол МӘМС жүйесінде медициналық көмек әр адамның өмір сапасын жақсартуға бағытталатынын, ТМККК жаңа моделін және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер пакетін енгізуді қарастыратын заң жобасы әзірленіп, сараптаманың барлық кезеңдерінен өткенін жеткізді.

Қорытындысында Денсаулық сақтау министрлігінің ТМККК-ны құру жөніндегі тәсілдері қолдауға ие болды, белгіленген тәртіпте Үкіметке бекітуге ұсынылуы тиіс. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігіне халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Әрбір азамат кепілдік ретінде медициналық көмектің қандай көлемі тегін берілетінін, қаншасы ақылы негізде жүргізілетінін білуі тиіс, деді Үкімет басшысы.

Динара БІТІК,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.09.2018

СДУ әлемге танылған бүркітші Айшолпанға білім грантын ұсынды

26.09.2018

Мырзашөлде «Ақ керуен-2018» салтанатты іс-шарасы өтті

26.09.2018

Мемлекеттік қызметшінің жалақысы жаңаша төленеді

26.09.2018

Ақтөбелік аграршылар 500 мың тоннадан астам бидай жинауды жоспарлап отыр

26.09.2018

Бақыт Сұлтанов 7 жасар баланы құтқарған астаналықты марапаттады

26.09.2018

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.Айтпаева тұрғындарды қабылдады

26.09.2018

Michael Kors Versace сән үйін сатып алады

26.09.2018

Ақтөбе облысында тұрақтандыру қорын құруға 309 млн теңге бөлінді

26.09.2018

Мұхамеджан Тынышбаев пен Тұрар Рысқұловтың ескерткіші ашылды

26.09.2018

Атырау облысының әкімі халықтан түскен шағымдарға уақтылы жауап беруді тапсырды

26.09.2018

Бүгін WSB-ның финалы өтеді

26.09.2018

Аса ауыр салмақтағы дзюдошыларымыз жеңілді

26.09.2018

Astana Media Week: Қазақстан телеарналары шетелдік экрандарда

26.09.2018

Қазақстанның тумасы суперчемпион атағы үшін айқасады

26.09.2018

Бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты Үндістанда өтетін болды

26.09.2018

«Астана Опера» сахнасында «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалі ашылады

26.09.2018

Қостанайда төртінші Цифрлы ХҚО ашылды

26.09.2018

Семей ядролық сынақ полигонының жағдайы ғылыми басқосуда талқыланды

26.09.2018

Конуэй қалашығы су астында қалып отыр

26.09.2018

Қазақстанда неміс технологияларын қолдануды жоспарлап отыр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

Jańa mamandyq jaıy

«Erinbe. Eńbek et, mal tap» degen sózdi Abaıdan keıin ata-analarymyz jıi aıtatyn. Alaıda áleýmettanýshylar eńbek etý men tabysty bolýdyń mazmuny men shynaıylyǵy ózgerdi degendi alǵa tartady. Al eńbektiń formýlasy jumys isteý, kásip ashyp, tabys tabý ekeni belgili. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу