Қазақстан • 30 Мамыр, 2018

Бейжіңде Қазақстан-Қытай консультациялары өтті

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжіңде консулдық мәселелер бойынша кезекті Қазақстан-Қытай консультациялары өтті. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, ал Қытай делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Го Шаочунь басқарды.

Бейжіңде Қазақстан-Қытай консультациялары өтті

Тараптар консулдық саладағы екі­жақты ын­ты­мақ­тастықтың, екі ел­дің азаматтарының құ­қық­тары мен мүд­делерін қорғаудың, сондай-ақ Қа­зақ­­стан мен Қытай тұр­ғын­дарының өзара са­пар­ларының өзекті мә­се­лелері бо­йынша то­лық­­қанды келіссөздер жүр­гізді.

Қазақстандық та­рап Қы­тай­дан Қазақ­стан­ға қоныс аударған және Қа­зақ­стан Респуб­ли­ка­сы­­ның азаматтығын алған этностық қазақтардың жағ­дайы­на қатысты мә­се­лені қозға­ды. Қы­тай­да қос азаматтық үшін ұс­талған этностық қазақтардың іс­те­рін объек­тивті және әділ қарау мен оларды босату туралы табанды тілек айтыл­ды. Қытай­дың Шың­жаң-Ұйғыр авто­но­­миялық аймағындағы этностық қазақтардың мәсе­лелерін шешудің ортақ амалын ойласты­руға уағдаласты.

Сонымен қатар консультациялар барысында елдер арасындағы ви­залық ре­жім­ді жеңіл­дету мәселелері талқы­­ланды. Тараптар екі елдің ха­лық­аралық әуежай­ларында Қазақ­стан және Қытай азаматтарының келу-кету және транзитпен өту тәр­тібі туралы ақпаратпен алмасты.

Визалық саясат сала­сында туын­дайтын мәсе­лелердің тех­ни­калық си­па­тын ескере отырып, тарап­тар екі ел аза­мат­тарының өзара сапарлары үшін қолайлы жағ­дай жасауға дайын екен­­дігін білдірді, сон­дай-ақ тұрақты консуль­та­ция­ларды одан әрі жал­ғастыруға келісті.

Қамбар АХМЕТ,

«Егемен Қазақстан»