«Тіл шебері» байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында үш тілді қатар меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» қалалық байқауын өткізді.

Егемен Қазақстан
30.05.2018 2916
2

Байқаудың мақсаты жас мамандарға қолдау көрсете отырып, тіл мәдениетін көтеруге ықпал ету, мемлекеттік қызметшілердің тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру және бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Жалпы талаптарға сәйкес байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген 21-29 жас аралығындағы жиырмадан астам мемлекеттік қызметшілер қатысты. Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы Б.Қалымбет, Абай атындағы ҚазҰПУ шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Г.Сейдалиева, Халықаралық бизнес университетінің доценті М.Қойшыбаева, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі Эстрадалық аспап бөлімінің меңгерушісі Е.Әбішев байқаудың қазылар алқасының құрамында талапкерлердің біліктілігін бағалап, әділ бағасын беруге атсалысты.

Алматы қаласының алты ауданынан жиналған үміткерлер төрт кезең бойынша байқау межесінен өтулері шарт. Әр жауапқа үш минут уақыт берілді. Бірінші кезең - «Ұлттаным». Мұнда қатысушылар жеребе барысында алған нөмірлеріне сәйкес қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап берді. Екінші, «Мәдениеттаным» бойынша қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап талап етілді. Ал         «Елтанымда» қатысушылар еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға ағылшын тілінде, ал         «Өнертанымда»  өз таңдауы бойынша ән айту, көркемсөз оқып, би билеп, ұлттық киім киюден және еркін иім үлгісіне қатысты өнерлерін көрсетті.

Озық шыққан жеңімпаздар қатарында А.Боданова байқаудың бас жүлдесіне ие болса, І орынды Ж.Аханова, ІІ орынды А.Ибадулла, ІІІ орынды Ж.Есмағамбетова еншіледі. Кестелі сөз аталымында А.Жылқайдаров, келелі ой аталымында Л.Жапбар жеңімпаз деп танылды. Ерекше жауаптары мен өнерлері үшін Қ.Саулан, Е.Әнуарбек ынталандыру сыйлығына ие болды.

Байқау барысында қатысушыларға алдын ала әзірленген аудио және бейне материалдарды қолдануына мүмкіндік берілді.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Әлемдік саясаттың дарабозы

21.03.2019

Елорда енді Нұр-Сұлтан деп аталады

21.03.2019

Мырзатай Жолдасбеков: Еңбегі өлшеусіз ерекше адам

21.03.2019

Дәннен өрілген картина

21.03.2019

Тараз қаласындағы үлкен көшеге Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

21.03.2019

Жезқазғанда 30 отбасы баспаналы болды

21.03.2019

Жеңістің «Жорғатайы»

21.03.2019

Айгүл Үлкенбаева: Құймақұлақтар бүгінде жоқтың қасы

21.03.2019

Наурыз туралы

21.03.2019

Ұлы күнді ұлықтау («Қазақ» газетінің Наурыз мейрамын қалай дәріптегені хақында)

21.03.2019

Бюджет әлеуметтік тапсырмаларға сәйкес нақтыланды

21.03.2019

«Тұмар» үздіктерге табыс етілді

21.03.2019

Ел тағдырындағы тарихи сәт

21.03.2019

«Барыс» «Авангардтан» тағы ұтылды

21.03.2019

Атырауда депутаттар Н. Назарбаев даңғылын қолдап дауыс берді

21.03.2019

ШҚО-ның 10 000 тұрғыны Елбасына қолдау білдірді

21.03.2019

Елбасы – Қазақстан өркениетінің кемеңгер көшбасшысы

20.03.2019

Мәжілісте спорт дәрігерлерінің жетіспеушілігі мәселесі талқыланды

20.03.2019

Тұмар-2019: Астанада үздік телевизия мамандары марапатталды

20.03.2019

Қарағандыда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл пайда болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу