Қауіпсіздік кеңесінің мәртебесі айқындалды

Кеше Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың төрағалық етуімен па­латаның жалпы отырысы өтті. Жиында депутат­тар Қауіпсіздік кеңе­сіне, ТМД Экономи­калық сотына, зияткерлік мен­шік саласы және коммер­циялық емес ұйым­дар­дың қызметіне қатысты заң жобаларын қабылдады. 

Егемен Қазақстан
01.06.2018 3815
2

Сенаторлар жан-жақты талқылаған «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Қауіпсіздік кеңесі туралы» Заңы Қауіпсіздік ке­ңе­сінің құқықтық мәртебесін, құзыретін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды. Заң жобасы туралы негізгі баяндаманы Әділет министрі Марат Бекетаев жасады.
Құжатта қауіпсіздік кеңе­сінің ішкі саяси тұрақтылықты сақ­тау, конс­титу­ция­лық құры­лысты, мемлекеттік тәуелсіз­дікті, аумақтық тұтастықты жә­не халық­аралық аренада Қа­зақ­станның ұлттық мүдделерін қор­ғау мақсатында Қазақстан Рес­публикасының Президенті құра­тын және Қазақстан Респуб­ликасының ұлттық қауіпсіз­дігі мен қорғаныс қабілетін қам­тамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган екендігі айтылған.

«Заң жобасы «Қазақстан Рес­­пуб­ли­касының Президенті туралы» Консти­ту­циялық заңы­ның 33-бабына сәй­­кес әзірленді. Заң жобасы Қа­зақстан Респуб­ликасы Қауіп­сіздік кеңесінің құ­қық­тық мәр­тебесін, құзыретін және қыз­ме­ті­нің ұйымдастырылуын айқын­­дайды. Осылайша, Қауіп­сіз­дік кеңесін үйлес­тіруші конс­титуциялық орган ретінде тану ұсынылады», деді М.Бекетаев.

Қауіпсіздік кеңесінің құ­ра­мын Қазақ­стан Республикасы Президенті Қауіп­сіздік кеңесінің Төрағасымен келісе оты­рып қа­лып­тастыруы ұсынылып отыр. Заңға сәйкес, Кеңестің негізгі мін­дет­тері­не елдің ұлттық қауіп­сіздігін қамта­масыз ету, қорға­ныс қабілетін нығай­ту, заң­ды­­лық пен құқықтық тәртіпті қам­та­масыз ету са­ла­сындағы мем­ле­кеттік саясаттың не­гіз­гі ба­ғыт­тарын жоспарлау, қарау және олар­дың іске асырылуын бағалау кіреді. 

Заң жобасы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда Қа­уіп­сіздік кеңесінің құқықтық мәртебесі, қызмет негіздері, міндеттері және функциялары айқындалған. Екінші тарауда Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігі, Қауіпсіздік кеңесінің қыз­меті белгіленген. Үшінші тарау Қауіпсіздік кеңесі мен Қауіп­сіздік кеңесі Аппаратының қыз­ме­тін қаржыландыру мәселе­лерін, заңның күшіне ену тәрті­бін реттейді.

«Қауіпсіздік кеңесі Төр­аға­сына келесі өкілеттіктерді бекі­ту ұсынылады: Қауіпсіздік кеңе­сінің қызметін басқа­руды жүзеге асыру; оның отырыс­тары мен жедел кеңес­терін шақыру; Қауіпсіздік ке­ңесі туралы ережені бекіту; заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Қауіпсіздік кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасына бағы­на­тын және есеп беретін Қауіп­сіздік кеңесінің Аппараты жүзе­ге асырады», деп түсіндірді М.Бе­кетаев. 

Сенат отырысында «Қазақ­стан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне Қазақ­стан Республикасы Қауіпсіздік ке­ңесінің қызметі мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толық­ты­­рулар енгізу туралы» заң екі оқы­лымда қаралып, қабыл­дан­ды.

Бұл заңмен еліміздің Бюд­жет кодексіне, «Қазақстан Рес­пуб­ликасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» және «Құқықтық акті­лер туралы» заңдарына өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.

Атап айтқанда, Бюджет кодек­сіне Қазақстан Респуб­ли­касы Қауіпсіздік кеңесінің Аппаратына стратегиялық жос­парлар әзірлеу туралы талап қойылмайтыны жөнінде толықтыру енгізу көзделіп отыр.

«Құқықтық актілер туралы» заңға Қауіпсіздік ке­ңе­сі Төрағасының актілері норма­тивтік құқықтық актілер сатысынан тыс тұратынын көздейтін толықтыру енгізіледі. 

Сонымен қатар Палата «1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Эко­номикалық сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Аталған құжат жөнінде Әділет министрі Марат Бекетаев баяндама жасады. 

Хаттама ТМД Экономикалық сотының қызметін «ad hoc» кағидаты бойынша жаңа жұмыс icтey сипатына көшіру арқылы жетілдіру мақсатында әзірленген болатын. Бұл жұмыс icтey сипаты тұрақты негіздегі Сот төрағасын қоспағанда, судьялардың нақты дауды қарау кезіндегі қызметін ғана көздейді.

Мұндай жұмыс сипаты Эко­номикалық Сотты күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды қыс­қартуға мүмкіндік береді, бұл ТМД органдарының бірыңғай бюджетінен қаражатты тиімді пайдалануға әкеледі. 

«Хаттама келісімге және ұйым туралы ережеге түзетулер енгізуді қарастырады. Құжат ТМД Сотының жүктемесі аз бол­ғанына байланысты оны рефор­малауға бағытталған. Оның жа­ңашылдығы – ТМД Сотын «ad hoc» қағидаты бойынша жаңа жұмыс форматына ауыс­тыру. Хаттама бойынша қаты­сушы мемлекеттер судьяларды өздері анықтайды және олардың деректерін бірыңғай тізіміне қосу үшін ТМД Сотына жолдай­ды. Нақты істерді қарауға арнайы үш судьядан тұратын пала­та құрылады», деді ведомство басшысы. 

Бұдан бөлек, палата оты­­ры­­сында «Қазақстан Рес­пуб­­лика­сының кейбір заң­намалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы же­тіл­діру мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. 

Бұл құжаттың мақсаты зият­керлік меншік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, зияткерлік меншік нысандарын тіркеу рәсімдерін оңайлату, құқықтық олқылықтарды жою, сондай-ақ зияткерлік мен­шікті қорғау саласындағы әкім­шілік кедергілер туындайтын ережелерді алып тастау болып табылады. 

Сондай-ақ жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қабылданды.

Заң жобасының мақсаты – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнаманы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру, уә­кі­летті органға мәліметтер беретін коммерциялық емес ұйымдардың тізбесін оңтайландыру арқылы жетілдіру.
Жалпы отырыстан кейін Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров «Қауіпсіздік кеңесі туралы» Заң жөнінде брифинг өткізді. Жиын барысында Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік басқарудағы құзы­реті түсіндірілді. 

«Қабылданған заң Қауіп­сіз­дік кеңесінің жұмысына нақ­ты әрі тұрақты бағыт береді. Ел­басы ел өміріндегі тарихи миссиясына байланысты, Қауіп­сіздік кеңесін өмір бойы бас­қару құқығына ие болып отыр», деді Б.Бекназаров.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан» 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу