Үкіметте менингиттің алдын алу шараларын күшейту мәселесі қаралды

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төраға­лығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру барысы нақтыланып, электронды коммерцияны дамыту және де VII азаматтық форумның ұсынымдарын іске асыру мәселелері талқыланды. Жоспардағы күн тәртібінен тыс Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі менингококк инфекциясының таралуына байланысты баяндама жасап, бүгінгі ахуалдың мән-жайын түсіндіріп өтті. 

Егемен Қазақстан
06.06.2018 2680
2

Менингиттің алдын алу шаралары күшейтіледі

Е. Біртановтың мәліметінше, 2018 жылдың басынан бері менин­гококк инфекциясын жұқ­тыр­ды деген күдікпен 593 адам қаралып, 213 адам емдеуге жат­қыз­ылған. Олардың арасында 58 науқастан менингококк инфекциясы расталды. Олардың арасында 14 жасқа толмаған 21 бала бар. Бүгінге дейін емханадан он адам емдеп шығарылса, 55 науқас әлі дәрігерлердің қатаң бақылауында. 

Аталған сырқаттан 13 адам қайтыс болды. Оның ішінде Алматы облысында − 4, Қызы­л­орда облысында − 1, Оңтүс­тік Қазақ­стан облысында − 2, Алма­ты қаласында − 6 адам. Өкі­ніш­ке қарай қайтыс болғандар арасында алты бала бар деді министр. Сондай-ақ ол менингитпен күрес бойынша арнайы штаб құрылғанын хабарлап, Премьер-Министрден штаб жұмысына көмек беруді сұрады. Атаған мәселеге қатыс­ты Премьер-Министр Бақытжан Сағын­таев халық арасында үрей тудырмау үшін, менингококк инфекциясының жағ­дайына қатысты ақпараттық-түсін­діру жұмыстарын жандандыруды, құрылған штабтар жұ­мыс­тарының толық ашықтығын қамтамасыз етуді, өңірлердегі вакцина бағаларын реттеу мәсе­лелерін тез арада шешуді тапсырды. Бұған қоса, менингококк инфекциясының күдігімен жүгінген барлық науқастарға шұғыл медициналық қызмет көрсету және олардың аумақтық тіркелуіне қарамастан жақын емхана­ларда қабылдау жұмыс­тарын жеделдету тапсырылды. 

«Жасыл» экономиканың дамуы қарқынды

Жиын барысында Энер­ге­тика министрі Қанат Бозым­баев 2014-2017 жылдарға арнал­ған Қазақстанның «жасыл» эко­­номикаға көшуі жөні­н­дегі тұжы­­рымдаманың қорытын­­ды­ларымен таныстырды. Министр­дің мәлімдеуінше, өткен жылы шамамен 1,1 млрд кВт/сағат «жасыл» энергия өндірілсе, биыл қуаттылығы шамамен 138 МВт жаңғырмалы энергия көздерін қосу жоспарланып отыр. Республика бойынша жалпы қуаттылығы 352 МВт балама энергия көздерін пайдаланатын 58 нысан жұмыс істейді. Жыл соңына дейін жаңғырмалы энергия қуаттылығын 490 МВт-ға дейін жеткізу көзделген. 

Келешекте жаңғырмалы энер­­гия көздерінің құнын тө­мен­­детуді біз аукцион­дық ме­ха­низмді ендірумен бай­ланыс­­­тырып отырмыз. Бұл өз кезе­гінде инвесторлар мен жо­ба­ларды іріктеу процесін ашық әрі түсінікті етуге, екінші жағы­нан тарифтерді азайтуға ық­пал ететін технологиялар мен жобаларға басымдық береді деді Қ.Бозымбаев. Сонымен қатар қалдықтарды басқару сала­сында қайталама шикізат, қал­дық­тарды бөлек жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату талап­тарын анықтау бойын­ша нормативтік-құқықтық база құрылып, биыл­ғы жылғы жоспар бойын­ша өндірістік қалдықтарды қайта өң­деу үлесін 32 пайызға, тұрмыс­тық қатты қалдықтардың үлесін 11 пайызға жеткізу көзделген. 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев өз баяндамасында Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжы­рымдамасына сәйкес таби­ғи экожүйелерді, оның ішінде орман шаруашылығының дамуы қарқын ала бастағанын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан орманы аз мемлекеттер қатарына жатқызылады. Орман алқаптары жалпы ел аумағының 4,7 пайызын ғана құрайды. Жасыл желек­терді көбейту мақсатында ел аумағында жасыл аймақтар құру жұмыстары басталған. Соңғы 7 жылда мемлекеттік орман қоры аумағында орман өсіру көлемі 453 мың гектарды құраған. Ал биыл жоспарланған көлем 68 мың гектарды құрайды. «Жасыл қалалардың» көшін бастайтын  Астанада 78 мың гектарлық жасыл аймақ құрылып, 2023 жылға қарай оның көлемін 100 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.

Электронды саудадан келер пайда мол

Үкімет отырысындағы күн тәртібіне енгізілген екінші та­қы­рып − электронды коммер­цияны дамыту мәселелері бойынша Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев баяндама жасады. Т. Сүлейменовтің ай­туынша, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен Электронды сауданы дамытудың жол картасы аясында негізгі іс-шараларды жүзеге асыру бас­талған уақыттан бері оң үр­діс байқалады. Ресми статис­ти­ка деректеріне сәйкес, 2017 жылы электронды сауда нары­ғы­­н­ың көлемі 106,9 млрд тең­гені құраған. Бұл бөлшек сауда­дағы тауар айналымы жалпы көле­мінің 1,2 пайызын құрап, атал­ған саладағы өсім 36,2 па­йы­зға жеткен. «Қазпошта» АҚ жедел деректері бойынша, 2018 жылдың 5 айындағы электронды сауда нарығының көлемі 101 млрд теңгені құрап отыр. Биылғы жылдың басынан бері 110 жаңа электронды сауда субъектілері тіркеліп, қазіргі уақытта нарықта 1658 интернет-дүкен жұмыс жасайды. Сатып алушылар саны да өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға өсіп отыр. Электронды сауда нарығы арқылы 71,6 мың адам жұмысқа орналасқан.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жасаған баяндамада «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ла­масының басты бағыттарының бірі – электронды сауданы, қар­жылық технологияларды және қолма-қол төлемді дамыту екен­дігі айтылып, аталған бағытта жасалып жатқан жұмыстар кеңінен сөз болды. Халық арасында интернетті пайдаланушылар санын көбейту жұмыстарының қарқынды жүргізіліп, заман талабына сай телекоммуникация­лық инфрақұрылымды құру нәти­же­сін­де елімізде интернетті пайдаланушылар саны 2017 жылы 78,8 пайызға жеткен. Бұған қоса, ауылдық елді мекендер­дегі талшықты оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жобасы іске қосылған. 2021 жылы тұрғындардың саны 50-ден асатын 6000 ауылдық мекенді интернетпен қамту да жос­парланып отыр. Сондай-ақ Д.Абаев электронды сауда-сат­тық­ты реттеуде, электронды төлемдер қабылдауда халық пен кәсіпкерлердің цифр­лық сауат­тылығын арттыруға, инфра­­құрылым мен логистиканы дамытуға бағытталған шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша аталған министрлік «Зерде» холдингі, Азаматтарға арнал­ған үкімет, Ұлттық ақпараттық тех­но­логиялар, «Қазпошта» АҚ және жергілікті атқару­шы органдармен бірлесіп оқыту бағ­­дар­­ламаларын әзірлеген. «Цифр­лы Қазақстан» мемлекет­тік бағ­д­арламасы және оның жекелеген бағыттарын ақпараттық қолдау бойынша отандық телеарналарда 18 телехабар таратылып, электронды коммерцияны енгізу, интернет-дүкен ашу алгоритмін, онлайн-бизнесті дамытуды ақпараттық қолдау мақсатында «Қазпошта» АҚ 2018 жылға арналған медиажос­пар дайындаған. Еліміздегі интернет-ресурстарда электронды коммерция тақырыбы бойынша 88 материал жарияланғанын да атап өтті министр. 

Азаматтық сектордың белсен­ділігін арттыру көзделеді

Қазақстанның VІІ азамат­тық форумының ұсынымдарын іске асыру туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев баяндады. Д.Кәлетаевтың айтуынша, 2017-2018 жылдарға арналған VІІ азаматтық форум ұсынымдарын орындау бойынша іс-шаралар жоспары ҮЕҰ ұсыныстары негізінде әзірленген. Жалпы, жоспардың 53 тармағының 18-і орындалып, 35-і жүзеге асу үстінде. Айта кетерлігі, өткен жылы ұсы­нымдарды жүзеге асыру шең­берінде жалпы сомасы 12,8 млрд теңгені құрайтын ҮЕҰ-ның 2 333 әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Орталық деңгейде 7 министрлік, жергілікті деңгейде 102 облыстық және 198 қалалық, аудандық мемлекеттік органдармен бірлескен жоба жүзе­ге асырылды. Биыл мемле­кет­­тің әлеуметтік тапсырыс­ты қаржыландыру көлемі 19,3 млрд теңгені құрап, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі де ұлғаймақ. 

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу