Әлем чемпионатына бір күн қалғанда Испания құрамасының бапкері Лопетеги қызметінен босатылды

Ресейдің Краснодар қаласында өткен баспасөз-конференциясында Испания футбол федерациясының президенті Луис Рубиалес құраманың бас бапкері Хулен Лопетеги қызметінен босатылғанын жеткізді. 

Егемен Қазақстан
13.06.2018 10518
2

Әлем чемпионатының басталуына бір күн қалғанда бапкердің қызметінен босатылуы Рубиалестің бастамасы болып отыр. Лопетегидің ұлттық құрамамен 2020 жылға дейін жаңа келісімшартқа отырғанына бір ай да бола қойған жоқ. Осындай міндеті бола тұра «Реалмен» келісімшарт жасауын Испания футбол федерациясының президенті сатқындыққа балап, оны жұмысынан қууды кеше талап еткен.

«Біз бас бапкердің қызметінен бас тартуымызға тура келді. Оған алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз. Өзімді сатқын ретінде сезінбеймін. Мәселе «Реалдың» бүкіл жұмысты Испания федерациясының ту сыртынан істегенінде болып тұр. Біз бұны назардан тыс қалдыра алмаймыз. Испания құрамасының барлық қызметкері арнайы қабылданған ереже барын ұмытпауы тиіс. Лопетегидің кәсібилігіне дау жоқ. Бірақ кез келген іс ереже бойынша жүзеге асырылуы керектігін есте сақтаған жөн», деді Рубиалес.

Испания футбол федерациясының шенеуніктері Лопетегидің қызметінен босатылуын қолдаса, Андрес Иньеста, Серихио Рамос, Давид Сильва  бастаған ойыншылар бұл іске қарсылық білдірді. Бір қызығы Marca басылымы бірер сағат бұрын футболшылардың бас бапкерді орнында қалдыруын көндіргенін хабарлаған.

«Реал» білікті бапкер іздеп, үздіктердің біріне тоқталғанына күмәнім жоқ. Бірақ ұлттық құрама елдегі бүкіл клубтың командасы екені ұмытпайық. Бәрі өз орнымен болуы тиіс. Ресми ақпараттың шығуына бес минут қалғанда федерацияны құлағдар ету дұрыс емес», деді Луис Рубиалес.

Енді Испания құрамасын әлем чемпионатында Фернандо Йерро (Испания футбол федерациясының спорт директоры) немесе Альберт Селадес (Испания U-21) жаттықтырады деп күтіліп отыр. Екеуі де делегация құрамында Ресейге келген.  

Айта кетейік, кеше «Реал» басшылығы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін команданы Хулен Лопотеги жаттықтыратынын хабарлаған. Ал Испания құрамасы мен бапкер арасындағы жаңа келісімшартты уақытынан бұрын бұзу үшін «Реал» екі млн еуро төлеген.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2019

Алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметіне қатысты мәселелер талқыланды

17.01.2019

Сенат бірқатар үкіметаралық келісімді ратификациялады

17.01.2019

Алматыда Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді

17.01.2019

Жамбылда экономиканың барлық саласында 4-5 пайыз өсім бар

17.01.2019

Станимир Стоилов ұлттық құрамадан кетті

17.01.2019

Оралдықтар 19 қаңтарда суық суға шомылады

17.01.2019

Маңғыстауда «Қошқар-Ата» қалдық қоймасына қатысты жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді

17.01.2019

Жаңадан ашылған ауданға жастар оралып жатыр

17.01.2019

«Егемен» жазған мақала сенатор сауалына арқау болды

17.01.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында сержанттар кеңесі өтті

17.01.2019

113 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты - Қ.Өскенбаев 

17.01.2019

Шымбұлақта фристайлдан әлем кубогі өтеді

17.01.2019

Атырау облысында екпе алмаған балалар қызылшаға шалдығып жатыр

17.01.2019

Алматыдағы Баум тоғайы түрлене түспек

17.01.2019

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Сербиядағы турнирді сәтті бастады

17.01.2019

Талдықорғанда «ақылды» аялдама салынып жатыр

17.01.2019

Қазақстандық теннисшілер жұбы екінші кезеңге шықты

17.01.2019

Галышева мен Рейхерд АҚШ-тағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

17.01.2019

Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы әлемдік сынның финалына өтті

17.01.2019

Батыс Қазақстан ТЖД 17 күнде 43 SMS-хабарлама таратты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу