Педагогикалық басылымдарға қолдау қажет

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің баспасөз саласы да нарықтық қатынас­тар­ға біртіндеп ене бастады. Бүгінде оны қаптаған ақпарат құралдарынан көріп отырмыз. 

Егемен Қазақстан
14.06.2018 3250
2

Тіпті электронды ақпарат құрал­дарының өзі бір-бірімен бәсекелес деуге болады. Осы орайда еліміздегі жас буынды оқытуда және оларға тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқаратын педагогикалық басылымдарға назар ауда­рып жүремін. 

Өйткені өмірімнің ширек ғасырын Қазақстандағы педагогикалық журналис­тиканы жандандыруға жұмсаған жан ретінде бұл саланың мен үшін қызығы да, шыжығы да мол. Мені журналистік кәсіптің қыр-сырына баулыған сол кездегі «Социалистік Қазақстан», бүгінгі «Егемен Қазақстан» газеті өмірлік университетім болса, одан кейінгі мектебім «Қазақстан әйелдері» журналы еді.

Сөйтіп сол кезде «Қазақстан мектебі» журналына үлкен дайындықпен келдім. Сол жылдары «Қазақстан мектебімен» қатар «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының қайта жарық көре бастауы зор табысқа саналатын. Өйткені 1958-1959 жылдары шығып, қайтадан жабылып қалған, сұрқия кезеңнің репрессиясына ұшыраған басылымды қайта дүниеге әкелу үшін министрліктің алдына дүркін-дүркін мәселе қоюға тура келді. Нәтижесінде, 1990 жылы журнал қайта жарық көре бастады.

1989 жылы қазақ тілін қорғау мақсатында алғашқы құрылтай өткен еді. Құрылтайда мені Алматы қалалық қазақ тілі қоғамының ұйымдастыру комитетінің төрайымы етіп сайлады. Бұл айтуға оңай болғанымен, күш-жігерді керек ететін, жүгірісі мен жиылысы, жүрек ауыртатын жайлары жеткілікті жұмыс болды. Десе де сол жылдың желтоқсан айында Қазақ тілі қоғамын құруға қол жеткіздік. Осы қоғамның үш жылдай ыстығына күйіп, суығына тоңдым. Қазақ тілі үшін күрес − өмірлік қызметім.

Кеңестік кезеңде «Қазақстан мектебі» журналының жалғыз қосымшасы «Бас­тауыш мектеп» журналы ғана болды. Сондықтан қазақ тілінің аясын кеңейте түсу үшін оқырманға қажетті, зәру деген басылымдар ашуды қолға алдық. Бұл ойымызды ең бірінші бесік, отбасы тәрбиесінен бастауды жөн көріп, «Отбасы және балабақша» қосымшасын ашуға ұмтылдық. 1991 жылы бұл да ашылды. Осыдан кейін 1992 жылы «Информатика-физика-математика» («ИФМ»), 1993 жылы «Қазақ тарихы», 1996 жылы «Биология, география, химия» қосымша журналдары дүниеге келді. Бұлардың бәрі қосымша деген аты болмаса, жеке-жеке үлкен басылымдар ретінде жарық көрді. Сондықтан 1996 жылдан бастап «Қазақ тарихынан» басқасын жеке шаңырақ етіп, өз алдына оңашалай бастадық. 2003 жылы «Қазақ тарихы» да жеке бөлініп шықты.

Қазір бір өзі 10 баспа табақтық іргелі журналға айналды. Осы журналдарды ашу арқылы үш түрлі жетістікке қолымыз жетті. Біріншіден, қазақ тіліндегі ғылыми басылымдар қатарын көбейтіп, ана тіліміздің өрісі кеңейді. Екіншіден, педагог-журналистердің жаңа легі даярлана бастады. Үшіншіден, жеке редакцияларға айналған журналдар жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек бас редакторлар тобы жасақталды. Еліміздің жоғары оқу орындарында педагог-журналистер даярланбайтынын ескерсек, бұл ұлттық педагогика саласы үшін де, баспасөзге де өте тиімді болғанын байқауға болады.

Қазіргі қоғам күрделі даму үстінде. Елді демократияландыру, шынайы құқықтық мемлекет құру − басты мақсат. Шүкір деп айту керек, Қазақстанның қазіргі ішкі және сыртқы саяси-экономикалық жағдайы ТМД елдерінің көбінен озық. Ел іші тыныш. Болашақтан үмітіміз зор. Сондықтан баспасөз саласының ардагері ретінде отандық педагогикалық журналдарды мемлекет тарапынан қолдаудың өзектілігін қайталап айтар едім. Яғни мемлекеттік тапсырыс аясын кеңейтіп, редакция мамандарының тәжірибесін жетілдіруге қол ұшын созса дейсіз. 

Бүгінде елімізде жеке педагогикалық журналдардың үлесі көбейді. Шамамен 200-ден астам педагогикалық басылым оқырманға жол тартып отыр. Әрине бар­лығының сапасы көңілден шыға бермейді. Бірақ нарықтық қоғам сапалы басылымды өзі екшеп, іріктеп шығаратыны айқын. Десе де мұндай басылымдардың мазмұнына қадағалау жоқ екені белгілі. Бұл Білім және ғылым министрлігінің жанынан аталған журналдардың мазмұнына мониторинг жасайтын арнайы құзыретті бекітуді талап етеді. Өйткені білім мен тәрбие тақырыбы – өте нәзік мәселе. Онда ұлттың тәрбиесі, келешегі бар. Сондықтан мұны Ақпарат және коммуникация министрлігімен бірлесе қарастырған абзал. 

Жас буынның білім-білігі мен тәлім-тәрбиесіне әлемдік үздік үлгілерден таңдалып алынған «100 жаңа оқулық» жобасының қолға алынуы, жаңа білім бағдарламасының енгізілуі, зияткерлік мектептер тәжірибесінің республикаға таратылуы қуантады. Осы іспетті ұлттық педагогиканың әдістемелік-тәжірибелік алаңы ретінде педагогикалық басылымдарға да қолдау өте-мөте қажет дер едім.

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, білім беру ісінің үздігі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

17.02.2019

Дәрігерлер балаларды көңілді бимен оятты

17.02.2019

Алакөл ауданында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

17.02.2019

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

17.02.2019

Жансель Дениз Turkish Open турнирінде жеңімпаз атанды

17.02.2019

Елена Круглыхина могулшылар алдындағы басты міндетті атады

17.02.2019

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу